«Компьютер заманының» символы – Билл Гейтс

42788 рет қаралды
7

март_1999года_фото_Дэвида_Лефранка_«Forbes» журналының рейтингіне сенетін болсақ 1996 жылдар аралығы мен 2009 жылға дейін Билл Гейтс әлемдегі ең бай адам деп есептеліпті. Қазір ол үздік бестің қатарында. Нақты айтсақ 2-нші орында. Билл Гейтстің есеп шотында 53 млрд.доллар бар екен. Бірақ осы жылы Биллды Мексиканың медиамагнаты Карлос Слиман озып кеткен көрінеді. Бизнесмен телекомуникация компаниялардың акциялары арқылы 53,5 млр.доллар табыс тауыпты. Яғни Гейтстен бар жоғы 500 миллион долларға ғана ұтып отыр.

35 жыл бұрын Билл алғаш «Microsoft Corporation» компаниясын ашып, дүние жүзіне ақпараттық технологияға персоналды компьютер шығаруымен жаңалық алып келді. Сол кезден бастап оның бар өмірі түбегейлі өзгеріп кетті.
Миллиардер қарапайым жанұяда дүниеге келген. Әкесі – заңгер. Анасы жай ғана мұғалім болғанымен, өте қатал болған көрінеді. Ата-анасының айтуы бойынша: «Билл кішкентай кезінен мінезі қырсықтау, әрі ауыр болатын». Мектепте оқып жүргенде көп сөйлеймейтін, сабақты аса жақсы оқымайтын, өте нәзік, арық болған. Бір күні үнемі бөлмесін жинағысы келмейтін Биллді анасы сөгіс ретінде подвалдағы бөлмеге көшіріп тастапты. Содан сұрақ қойса жауап қайтармай, ас ішуге шақырса мүлдем келмейтін бала, анасын біраз уайымдатқан екен. Психологиясына әсер тиді мекен деген ата-анасы баласын психиатрға апарады. Бір екі сиянс өткізгеннен кейін дәрігер «бұл балаға ұрысудың қажеті жоқ, бәрі бір жеңе алмайсыздар. Өзінің дегенінен қайтпайтын адам. Оның орнына тіл табысып көріңіздер» – деген екен. Білімі мен санасы жоғары әкесі мен анасы сол күнен бастап Биллді түсінуге тырысыпты. Бірақ қанша қылықтары болғанымен ішкі жан дүниесі ерекше, ойлау қабілеті, рухы өте мықты болатын – дейді әкесі. Бір қызығы Гейтс мектепте оқыған кезде тек қана математиканы жақсы оқып, компьютерлық программалармен айналысуды ұнатқан екен. Қалған сабақтардан үлгермі өте нашар болған. «Мен», – дейді Билл: Оқып жүргенде қатты компьютермен қызығатынмын. Күні-түні 20-30 сағат бойы компьютер класында отыруыммен кететін. Барлық компьютерлік программаларды зерттейтінмін. 15-16 жасымда біз Полом Аллен деген досым екеуміз бір программанын паролын сындырып, жүйесін бұзып алғанбыз. Содан бастап бізді мүлдем компьютер класына кіргізбей қойған күндеріміз болды-деді.

Қызығы 9 сыныпта ешбір оқу құралын оқымай үздік бітіріп, 10-ші сыныпқа көшкенде компьютер технолгиясынан сабақ беріп, сол жылдары өздерінің сыныптастарына оқу программасын ойлап шығарады. Мектепті «у-шумен» бітірген Билл, 1973 жылы Гарвард университетіне оқуға түсіп, 2 жылдан кейін оқудан шығарылып жіберледі. Сол кезден бастап ол програмалаумен (програмное обеспечение) айналыса бастайды. Гарвард университетінің дипломының орнына ол Аллен деген ең жақсы досымен «Microsoft» компаниясын ойлап шығарады. Ол компания сол кездегі енді сәнге, қазіргі тілмен айтқанда «модаға» айналып бара жатқан, халыққа аса қажет персоналды компьютерларға программалауды енгізумен айналыса бастады. Бұл идеяның туылуына өте қызық бір жайт болды. Аллен Гарвард университетіне Биллды көріп қайтуға бара жатқан кезде, жолда киоск жанына тоқтап журнал сатып алғысы келеді. Сол кезде бір журналдан көріп қалған сурет пент жазу олардың өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді. «Популярная электроника» деген журналда «Altair-8080» деген сурет ілініп тұрады. Оның төбесінде үлкен шрифтпен «Коммерциялық моделдермен бәсекелестікке түсе алатын, әлемдегі ең алғашқы микрокомпьютер» – деген жазуды көреді. Аллен журналды сатып ала салып Биллге жүгіріп барады. Сол журналды оқи сала екеуіне бірден бір ой түседі. Нарыққы компьютер заманы келеді, яғни сол компьютерлерды сатып алған мыңдаған адамдарға «программа» қажет болады. Содан Гейтс «Altair-ды» өндіруші MITS компаниясына хабарласып Аллен екеуміз «Basic» программасын ойлап, жасадық – деп жұмыскерлерді қызықтырады. Шын мәнісінде ол өтірік айтқан болатын. Ешқандай да программа сол сәтте болған жоқ . Ол тек жоспарда ғана болған нәрсе. Содан жарта айда программаны түгелімен жасап, компанияға апарады. Оларды таңғалдырған «Билл мен Аллен» MITS компаниясымен контрактқа отырып, дегеніне жеттеді. Содан дүние жүзіне «Microsoft» компаниясы келеді.
Кішкентай кезінен бастап, сол кезге дейін Биллдің басты арманы «Өмірді жаулап алу болатын»! Дегеніне жеткен Гейтс кейіннен ғылым мен технологияны зерттейтін «bgC3» компаниясын ашып, қосымша қайрымдылық фондымен айналысуды бастайды. Университеттерге әрдайым гранттар бөліп отырады. Қазір оның компьютер технологиясына байланысты көптеген кітаптары дүниеге келді. Ең атақтысы “Бизнес со скоростью мысли” деген кітап 1999 жарық көріп, кітап 25 тілге аударылып, 60 мемлекетте басылып шығарылды.

Жеке өміріне, жанұясына тоқталар болсақ оның Мелинде Френч деген жұбайы және бір қызы мен екі баласы бар. Әкесінің айтуы бойынша ол балдарына мұра ретінде 10 миллион доллардан (млрд емес) ғана қалдырады. Қалғанын қайырырмдылық фондына жұмсайды.
Жоқ нәрсені дүниеге әкелген Билл ғасырда бір рет туады десек қателеспейміз. Ол өз күшімен, басымен, ақылымен жаңалық алып келді. Соның арқасында миллардер болып отыр. Қазір Билл үлкен белестер мен арманына жетті деп 100 % айтуға болады.

Адия Аралбаева(Пуговка), ҚазҰУ-дың студенті

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Адена-Пуговка жарайсын! сенде Билл Гейтс аған сияқты бай бол!

  2. Өте нақты әрі қызықты жазылған материал. Мен сенің шығармашылық жолынның әлі алда екенің білемін. Ылайым, осындай еңбекқор ағалар сияқты биік шындардан көріне берейік!!!

  3. Мінбердегі алғашқы мақалаң құтты болсын!
    Тағы да ойы орамда, мазмұны мағыналы мақалалар күтіп қаламыз.

  4. Қыздар үлкен рахмет! Шын мәніснде уақыт бөліп мақаланы оқығандарың үшін қуаныштымын!

  5. Билл Гейтс әлемге әйгілі адам екенін білеміз, бірақ ол туралы біз білмейтін дүние де бар екен, осындай ақпаратпен бөліскеніңе үлкен үлкен рақмет!

  6. Адия сенин макаланды окып оте тантти болдым, керемет жазылган! Сенини алдыннан зор болашак кутип турганына камил сенемин! Жарайсын! Сени суйип окитын окырманын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар