Америка саясаткерлері Қытайдың «Достық» құбырынан қауіптеніп отыр. Түркменстаннан басталып, Қытайға тірелетін газ құбыры Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды басып өтеді. Қытайлықтар осы құбырды «Достық» құбыры деп атады. Америка қазір осы бір газ құбыры Еуропаға тасымалданатын Набукко жобасына кері әсер етеді деп санайды.
АҚШ Атлантикалық кеңесінің Еуразиялық энергетикалық орталығының директор орынбасары Александрос Петерсон осындай ойларын Trend Capital ресурсында жариялады.
Құны 8 млрд еуроға жуық болатын Набукко газ құбырының жобасы Каспий өңірінің газын Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне тасымалдауды қарастырады. Құрылысты 2011 жылы бастау жоспарланған. Құбырдың қуаты – жылына 31 млрд текше метр газ. Жобаға қатысушылар – австриялық OMV, венгриялық MOL, болгариялық Bulgargaz, румыниялық Transgaz, түркиялық Botas және немістің RWE компаниялары.
АҚШ саясаткері Александр Петерсонның айтуынша, Түркменстан заңнамасы қазіргі уақытта шетелдік компаниялар мен мемлекеттерге елдің аумағындағы газды игеруге тыйым салады. Алайда, Қытайлық CNPC – компаниясы мұндай құқыққа ие болған алғашқы компания.
Петерсонның айтуынша, батыс компаниялары өте баяу, ал Набукко консорциумының қазір қандай да тәсілдермен CNPC әрекетіне қарсы тұруға қуаты жоқ.
Асхат Сәрсенбайұлы
Америкалықтар “Достықтан” үркіп отыр
Соңғы жазбалар
Фото: ҚР спорт комитетінің телеграмынан Катар астанасы Дохада гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додада
17 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне
Сәуірдің 14–і мен 16-сы аралығында Оралда қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Дүбірлі доданың
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі халыққа тегін медициналық көмек көрсету үшін енгізілген. Бірақ Іле ауданында
Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен Мемлекет басшысы «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер
Halyk Bank қытайлық танымал WeChat – QR WeChat мессенджерін қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлеудіңжаңа әдісін іске
Черногорияның Жоғарғы соты «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Фото: www.istockphoto.com Өткен аптада Серік Бейсембаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің экспресс-мониториң бюросы
14 сәуірде Черногорияда қазақстандық құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари (шын есімі — Динара
Қарасай аудандық соты залынан қашқан күдікті ұсталды. Оған бала зорлады деген айып тағылған еді. Бұл туралы Алматы