Бүгін “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат Қорының бастамасымен үлестік құрылыс мәселелерін қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Оған Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттік, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы, қоғамдық ұйымдар, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ, «Стресстік активтер Қоры» АҚ, Астана мен Алматы қалалары әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстөлге қатысушылар үлестік құрылыс мәселелерін талқылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық және даму институттарымен жұмыс істеу жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев Қордың жылжымайтын мүлік нарығындағы атқарған шаруаларын қорытындылады.
Ақпарат үшін: Қор 2007 жылдан бері жылжымайтын мүлік нарығын қолдау мақсатында іс-шараларды жүзеге асырып жүр. Бүгінгі күні азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуі үшін және Астана, Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру үшін Үкіметтің 2007 жылға арналған және 2009-2010 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар Жоспарының аясында, яғни, дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бірнеше механизмдерді жүзеге асыруда.
Құрылысы аяқталмаған объектілер 3 группаға бөлініп, сол бойынша қажетті шаруалар жасалынады: 1)10 % дайын болған объектілер, 10-90% дейінгі дайын объектілер, және 90% дайын болған объектілер.
Қор үлестік құрылысқа салынған қаржының кері қайтуы қажетттігін ескеріп, кейіннен саудаға салынғандағы пәтерлерінің құны құрылысты аяқтауға қажетті қаржыны өтей алады-ау деген объектілерді ғана қаржыландырмақ. Бұлар—құрылысының 10 пайыздайы аяқталған объектілер.
Қалған объектілер үшін ҚР Үкіметі өзге механизмдерді айқындап қойды. Олар: әкімшіліктер арқылы салынатын объектілер (құрылыс компаниясы банкротқа ұшыраған кезде) немесе құрылыс компанияларының өз күшімен құрылысты аяқтайтын кезі.
Біріккен іс-қимылдар Жоспарының тағы бір мақсаты салынып жатқан үйлердің үлескерлерінің мүддесін қорғау. Осы талапты жүзеге асыру үшін 2007 жылдың 6-желтоқсанында екінші дәрежелі банктермен арада Серіктестік жөніндегі Келісім түзілген, ол бойынша тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі–құрылыс саласындағы қаржылық таршылықты болдырмау, яки, қаржымен қамтамасыз ету.
I. 2007-2008 жылдар аралығындағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында елдің ипотекалық нарығын тұрақтылықпен қамтамасыз ету, үлескерлердің құқығын қорғау, құрылыс объектілерін аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» Қорына 95 млрд.теңге бөлінген, оның 48,8 млрд. теңгесі Астана қаласындағы, 46,2 млрд.теңгесі Алматы қаласындағы объектілерді аяқтау үшін;
Қазір «Самұрық-Қазына» Қоры бөлген қаржының 66 млрд.теңгесі банктерге салынды, оның ішінде, Астанада 40,7 млрд. теңге, Алматыда – 25,7 млрд.теңге. Ал қалған 28,6 млрд. теңге Қордың ағымдағы шотында тұр.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қор экономиканы модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қолдауына ие болған объектілерді несиелету үшін банктерді қаржыландырып отыр.
Банктерге қаржы салудағы негізгі талаптардың бірі—құрылыс компанияларының құрылыс объектілерін аяқтауы үшін несиелік линия ашуы қажет және банктер құрылысшы сұрап отырған қаржының 15 пайызын өз тарапынан қаржыландыруы қажет болған. Ал қалған 85 пайызын Қор банктердің құрылыс компанияларын несиелетуі үшін оларға (банктерге) мақсатты түрдегі депозит ретінде салады.
Біріккен іс-қимылдар Жоспары аясындағы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Астана қаласында бүгінде 19 тұрғын үй құрылыс аяқталған, онда 3 284 үлескер бар.
Банктер кейбір объектілерді қаржыландыруды аяқтады. Себебі, Қордың арқасында құрылысы аяқталған пәтерлерді сатып алуға азаматтар тілек білдірген, демек, құрылысшылар қаржыландырудың осындай басқа көздерін тапқан.
Алматыда да қаржыландырылып жатқан 14 объектінің 10-ы аяқталды. Онда 1267 үлескер бар. Қалған объектілер «Қуат» копорациясының объектілері. Олар бойынша Үкіметтің арнайы шешімдері бар.
Анықтама: экономиканы модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2009 жылдың 5-қазанындағы жиынында «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінің F блогын Астана қаласының әкімшілігі қаржыландырады деген шешім қабылданды. Осыған байланысты Әкімшілікке 3 млрд.теңгеге сай мақсатты қаржысын осы жылы бөлу жөніндегі ҚР Үкіметінің арнайы қаулысын бастама етіп көтеру жүктелді.
Бұған қоса, Үкімет 2009 жылдың 9-қазанында № 1553 қаулы қабылдады. Ол қаулыға сай:
1) Алматы қаласындағы «Сайран», «Үш-төбе» тұрғын үй кешендері мен Астана қаласындағы «Гранд Алатау» кешенінің құрылысын аяқтаумен «Global building contract» ЖШС айналысады. «Стресстік Активтер Қоры» Қазкоммерцбанкке 20 млрд.теңге көлемінде банк салымын құю арқылы, банктің осы объектіні несиелетуіне мүмкіндік береді. Қазір Стрестік Активтер Қоры Қазкоммерцбанкке 20 млрд.теңге салып, осы объектілерді қаржыландырып бастады.
2) «Тау Самал» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқталуы жөнінде: алғашқы кезегі Стрестік Акивтер Қоры арқылы қаржыландырылады. Яғни, БТА банк бұл объектіні Стрестік Акивтер Қорына береді. Сөйтіп, 10 млрд.теңге шамасындағы құрылыс қаржыландырылады. БТА банк қазір «Тау Самал» тұрғын үй кешенін кейіннен Стрестік Акивтер Қорына беру үшін жеке меншікке тіркеп жатыр.
II. 2009-2010 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар Жоспарының аясында жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу үшін 240 млрд.теңге бөлу қарастырылған еді. Осы жоспар аясында Қор мынадай механизмдерді пайдаланып отыр:
o Кейіннен еркін бағаға сату үшін объектілерді банктер арқылы аяқтау;
o «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын Мүлік Қоры арқылы объектілерді сатып алу арқылы, олардың құрылысын аяқтау.
Экономиканы модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2009 жылдың 17-маусымындағы жиынында Алматы, Астана қалаларындағы, Алматы облысы, Ақмола облысындағы Қор ұсынған бірнеше объектілер қолдауға ие болды.
Банктер арқылы құрылысы аяқталатын механизм бойынша 5 банк жұмыс істейді. Олар АТФ банк, Еуразиялық банк, Цеснабанк, Темірбанк и Альянс банктер. Осы банктер арқылы 14 объект қаржыландырылады. Ол объектілерде 5 242 үлескердің үлесі бар, оның ішінде Астанада 12 объект бар, Алматы қаласында 2 объект бар.
Бұл объектілердің бәрі де азаматтарды ипотекалық несиелеу арқылы қаржыландырады. Тек Алматы қаласындағы «Ахселькент» тұрғын үй кешенінің құрылысы ғана құрылысшыны тікелей несиелеу, кейіннен белгіленген бағаға сату механизмі арқылы аяқталады.
Анықтама: жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу үшін мынадай нормативті-құқықтық актілер қабылданған:
1. 25.11.08 ж. ҚР Үкіметінің № 1085 Қаулысымен Біріккен іс-қимылдар Жоспары бекітілген;
2. 13.01.2009 ж. ҚР Үкіметінің № 6 Қаулысымен Біріккен іс-қимылдар Жоспарын жүзеге асыру Жоспары бекітілген;
3. 13.02.2009 ж. Жылжымайтын мүлік Қоры мәселелерін шешу үшін Қор мен Банктер арасында ынтымақтастық Келісімі мақұлданды;
4. 14.04.2009 ж. Қордың құрылыс компанияларына уақытша қаржылық көмек көрсетуі жөніндегі ҚР Үкіметінің № 519 қаулысы қабылданды;
5. 17.06.2009 ж. экономиканы модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жиынында Қор арқылы қаржыландырылатын объектілер мақұлданды;
6. 21.07.2009 ж. ҚР Үкіметінің № 519 қаулысына құрылыс компанияларын көбейту жөніндегі өзгерістер № 1108 қаулысы арқылы енгізілді;
7. 31.07.2009 ж. ҚР Үкіметінің №1163 Қаулысы қабылданып, ол бойынша 29 объект қаржыландырылатын болды;
8. 05.10.2009 ж. Экономиканы модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жиынында «Гранд Астана» кешені, F блогын қаржыландыру жөніндегі шешім қабылданды;
9. 09.10.2009 ж. Алматы қаласындағы «Сайран», «Үш-төбе» тұрғын үй кешендері мен Астана қаласындағы «Гранд Алатау» кешенінің құрылыс аяқтау жөніндегі ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;
10) 09.12.2009 ж. ҚР Үкіметінің № 2058 қабылданды. Ол бойынша Астана қаласындағы «Ақжайық» кешені қаржыландырылады;
«Дөңгелек үстөл» кезінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын Мүлік Қорының құрылыс объектілерін қаржыландыруы, жалға берілетін үйді алу тәртібі жайлы ақпараттар да айтылды.
Дискуссия кезінде оған қатысушылар әр объектінің қандай жолмен қаржыландырылатыны туралы, жалға беру механизмдерін жүзеге асырар кезде, азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан халыққа барынша ақпарат берудің қажеттілігіне тоқталды.
Парақшамызға жазылыңыз