Дағдарыс салқынынан соң, қаржыны көбейту жолдарының тәуекелі ұлғайғаны рас. Осы орайда, артық ақшасын қауіпсіз жолмен сақтағысы келетіндерге сарапшылар алтынмен сақтауға кеңес беруде.
Әлемді дағдарыс шарпып, банктерден сенім кеткен заманда, алтынға деген сұраныс әлі де күшейіп тұр. Отандық экономистер өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда алтынның бағасы қазір он пайызға өсті дейді. Сондықтан ақшаны инвестициялаудың баламы жолы ретінде – алтынды атауда.
Алтын сатып алу, оған ақша құю әдісі – бұрыннан тарихта бар. Сондықтан да кризис тұсында инвесторлар алтынның бағасы тоқтаусыз өскенін тез аңғарды. Қазіргі кезде алтынға бірнеше жолмен ақша құюға болады.
- Біріншісі, банктен алтын металы депозитін ашу. Бұл дегеніңіз банктер алтын счетін ашу деген сөз. Тек счетте ақша емес, алтын унциясы болады. Бұндай счетті ашу үшін салымшыда кем дегенде 31 граммға жуық алтын болуы керек. Сентрас Security компаниясының трейдері Әділет Дәулетұлы еліміздегі екінші деңгейлі банктер осындай қызмет көрсетеді дейді. Оның ойынша, қазіргі кезде Ұлттық Банктегі ұлттық қордың көлемі өсу үстінде сондықтан ақшаны алтымен сақтаудың тәуекелі төмен. Десе де алтынға салынған ақша тез арада екі еселенеді деп алданбау керек, оның ақшсы өте баяу өседі.
- Екінші жолы – халықаралық фючерстік нарыққа шығу. Бұл тәсілді салымшының қоры көп болып, ол халықаралық нарыққа шығуы керек деген сөз. Фючерспен саудаласу үшін кем дегенде 10-15 мың АҚШ доллары болғаны жөн.
- Үшінші жолы, алтынның жасалған әшекей бұйымдар мен тиындар. Бұл осы бұйымдарды банкте сақтау деген сөз. Бірақ тым ұзақ сақтаса, оның бағасы құнсызданып кетуі мүмкін екенін де есте ұстаған жөн.
jaksi eken