Әуезовті моңғол оқырманына таныстырған Жәмлиқа Шалұлының кітабы Қазақстанда алғаш рет шықты

8879 рет қаралды
7

ЖжамҚазақ классиктерінің шығармаларын моңғол тіліне аударған Жәмлиқа Шалұлының «Сүмбіле» атты прозалар жинағы жарық көрді. Бірақ, 18 жыл бұрын Монғолиядан көштің алғашқы легімен атамекенге қоныс аударған қаламгердің өзіне Қазақстанда тұңғыш рет басылып шыққан кітабын көруді тағдыр жазбады.

Жәмлиқа Шалұлының «Сүмбіле» атты прозалар жинағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан шықты.

Жәмлиқа Шалұлы шығармаларын негізінде моңғол тілінде жазған, Моңғолияда жоғары бағаланған жазушы. Ол қазақтың классикалық туындыларын моңғол тіліне аударуда көп еңбек сіңірді. «Менің құбылам» деген естелігінде жазушы әбден тозып, түте-түтесі шыққан, қызыл матамен оралған «Абай жолы» романын сарсыла жүрiп тауып алып, оны аударып, моңғол оқырмандарына назарына ұсынғанша, тағат таппағанын әңгімелейді.

Қазақтың рухани қазынасын насихаттаған жазушының еңбегін тарих ғылымдарының Жәмлиқа Шалұлының «Сүмбіле» кітабы. Алматыдағы «Атажұрт» баспасынан 2009 жылы шықты.
докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы Жәмлиқа Шалұлының «Сүмбіле» кітабы. Алматыдағы «Атажұрт» баспасынан 2009 жылы шықты.Тарих және этнография институтының
қызметкері Зардыхан Қинаятұлы былайша бағалайды:

– Жәмлиқа Шалұлы Моңғолияда белгілі ақын, аудармашы-публицист, журналшы болған қаламгер. Оны моңғолиялық қаламгерлер өте жоғары бағалады. Әсіресе, Жәмлиқаның моңғол тілінде жазған өлеңдері бір төбе еді. Оның елі үшін атқарған үлкен бір еңбегі ретінде қазақтың ақын-жазушыларының маңдай алды туындыларын моңғол тіліне аударуын айтуға болады.

Соның ең бастыларының бірі – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы. Әрине, бұл эпилогияны 3-4 автор бірігіп аударды. Бірақ, Жәмлиқа бұл ұлы шығарманы аударуға мұрындық болды. Туындыны 3-курстың студенті болып жүрген шағында аударды. Сөйтіп, бұл романды моңғол оқырмандарына ерте таныстырды. 1966 жылы «Абай жолы» моңғол оқырмандарының қолына тиіп үлгірген еді. Сол секілді Сәбит Мұқановтың «Ботагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдарын моңғол тілінде сөйлетті.

– Ол Моңғолияда Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, ондағы қазақ әдебиетіне қатысты жұмыстарға жауаптанды. Сөйтіп, Баян-Өлгийдегі қазақ қаламгерлерінің еңбектерінің барлығын дерлік моңғол тіліне аударды, – деген Зардыхан Қинаятұлы жазушының Моңғолия Жазушылар одағы мен Жастар одағы сыйлықтарының иегері болғанын да тілге тиек етті.

Сіңірген еңбегі үшін Моңғолияда зор құрметке ие болған Жәмлиқа Шалұлы 1991 жылы көштің алғашқы легімен Қазақстанға қоныс аударған еді. Алматы облысының Жамбыл ауданында өмір сүрген жазушы кезінде мерзімді басылымдарда жұмыс істеді, мақалалары мен эсселері қазақ газет-журналдарында жарық көріп тұрды. Алайда, қазақ оқырманына Жамлиқа шығармалары осы кезге дейін жете алмай келген еді дейді Зардыхан Қинаятұлы:

– Шыны керек, қазақ әдебиеті үшін зор еңбек сіңірген қаламгерді қазақ жұрты біле бермейді. Өйткені, оның еңбектері қазақ тіліне әлі аударылған жоқ. Бұл енді ол кісінің шығармаларының қазақ тілінде жарық көруінің басы болар.

«Сүмбіле» – жазушының Қазақстанда тұңғыш жарық көрген туындысы. «Атажұрт» баспасының бас сумблредакторы Ақберен Елгезек Жамлиқа прозасында өзгеше лептің бар екендігін айтады.

– Осы «Сүмбіле» жинағы арқылы Жәмлиқа Шалұлының қазақ прозасына тың леп алып келгенін байқауға болады. Әңгімелерінің сюжеттері тартымды және өзгеше, классикалық деңгейдегі туындылар. Мен бұған дейін Баян-Өлгейдегі қазақ прозасымен таныс болған едім. Бұл өз қаламдастарынан өзгеше қалам сілтейтін автор екен, – дейді Ақберен Елгезек.

Жәмлиқа Шалұлы «Көш» газетінде жарияланған «Менің құбылам» атты эссесінде «жат жұртта тәрбиеленiп, жат тiлде бiлiм алса да, ұлттық рухының асқақ болғандығын» айтады.

«Ал, өте-мөте қазақшылдығым ондағы коммунистерге де ұнай қоймады. Ол үшiн қуғындалып, партиялық сөгiс алған да кезiм болды. Алайда, «ұлтшыл» деген айдардан ыға қоймадым. Керiсiнше, ызыттанып, Iлияс Есенберлиннiң «Көшпендiлер» трилогиясын, қазақтың ұлттық қаны сорғалап тұрған шығармаларын бiрiнен кейiн бiрiн аудара бердiм. Моңғол тiлiне Жұбан Молдағалиевтiң «Мен – қазақпын» поэмасын аударуым арқылы өзге ұлттың алдында «Мен – қазақпын» деп асқақ үн қата бiлдім», – дейді жазушы осы эссесінде.

Жамлиқа Шалұлы былтыр 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды.


Есенгүл Кәпқызы, azattyq.org. 27.01.10

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Көзі тірісінде еленбеген ерді, енді көкке көтерсе де еш емес, әттең…

  2. Мен бұл Жамлиқа атамыздың жасаған еңбегіне дән ризамын. Жаны жәннәтта болсын!!! Олай дейтін себебім, қазақ халқының ұлы данышпандарын басқа халық өкілдері біліп, танып жатса әрине нұр үстіне нұр болар еді. Бұл бүкіл қазақ халқы үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Меніңше Әуезовтей ұлы тұлғаның шығармаларымен басқа халық өкілдері танысса оның қалам тербесіне тәнті болмайтын адам жоқ шығар сірә. Әйткенмен, Жамлиқа апамыздың өзге елде жүрсе де,жүрегі қазақ деп соққанына қуанамын. Алайда, оның бұл ісі монғол коммунистеріне ұнамаса да, өз мақсатын жүзеге асырғаны үлкен ерлік.

  3. Естуімізше көштің алдымен, ерте-ақ келген секілді еді. Сонда кітабы енді ғана шығып жатыр ма? Десе де, игіліктің ерте кеші жоқ. Моңғол оқырмандарын таңдандырған тұлға қазақ шаңырағында жартылай көрінуі намысқа тиеді. Қазақ жазушы, ақындарын Шыңғыс еліне, Шыңғыс тілінде сөйлеткеннен артық қазақ әдебиеті үшін қандай мәртебе керек. Оның “Нутгийн хөөрхөн бүсгүй” әніне клип түсіру қажет.

  4. Дурыс екен, олі риза болмай тірі байымайды деген осы болса керек. тек неге тек кана монгол тіліне аударылуы керек екен? ал клип тусіріп тіпті кажеті жок,.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар