Ресми ақпарат көздері өткен жылдың соңында еліміздегі ірі және орта кәсіпорындарына 45 мыңдай адам жұмысқа қабылданып, 62 мыңға жуық адам жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында, өз еркі бойынша босатылғандар көрсеткіші 74 пайызға жеткен.
Инэсса Шлапак – жұмысшылардың Еңбегі мен Жалақысын зерттейтін Халықаралық жобаның жетекшісі. Оның пікірінше, өз еркімен жұмыстан кетуге оларды жұмысберушілер міндеттейді. Себебі қызметкер жұмыстан өз еркімен кетсе, оған «Еңбек туралы» заң бойынша қосымша ақы төлемеуге болады. Компаниядағы қаржылық дағдарысқа орай жұмысберушілер оларға ақша беріп, шығарып салуға мүдделі емес. Кей жағдайларда қызметкерге жалақысы аз жұмысты ұсынады. Сол себептен жұмыскерлер өз еріктерімен жұмыстан кетуге мәжбүр
Жұмысшылардың Еңбегі мен Жалақысын зерттейтін Халықаралық жобаның жетекшісі Инэсса Шлапак: “Жұмыс берушілердің көпшілігі қысқартуға ұшыраған қызметкерлеріне өз еркімен жұмыстан кеттім деп арыз жаздыруға итермелеу оқиғалары көбейюде. Алайда қызметкерлер өздерінің құқығы үшін заң жүзінде дауласу оқиғалары өте сирек кездесуде” дейді.
Ал елімізде ресми мәліметтер бойынша, қызметтен қысқартылғандардың пайыздық көрсеткіші – 3 ке тең. Басқадай себептермен жұмыстан шыққан адам саны 23 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, былтырғы желтоқсан айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті бір жарым пайызды құраса, жұмыстан босату бойынша айналым 2 пайыздан асқан. Кадр тұрақсыздығы бір жарым пайыздан асқан. Ал есепті кезеңде жұмыстан босатылған қызметкерлердің 73 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.
Парақшамызға жазылыңыз
Жұмыстан кетуге мәжібүрлеудің бір түрі моббингтің де болуы ықтимал.
“моббинг” дегеніміз “сыпайы түрде кет” дегеннің ғылыми атауы ма? 🙂