Шетелдің тауығы отандық өндірістің аяғын тұсаулауда

2930 рет қаралды

Сырттан келетін тауық етіне тоқсауыл қою керек. Құс етін өндірушілердің асыл арманы осындай.
Кеңес Одағы тұсында тауық етін өндіру – ең ірі өндірістің бірі болған. Соңғы жиырма жылдың ішінде шетелден келген тауық еті, отандық өндірістің дамуына мұрша берер емес. Құстың саны да екі есеге жуық азайып кетті.

Егер 1990 жылы 60 млн. тауық болса, 2009 жылы олардың саны 32 млн болды. Алайда сырттан келетін тауық етінің көлемі жеті есеге дейін өсіп кетті! Мәселен, ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2000 жылы елімізде 20 мың тоннаға жуық құс еті импортталған. 2005 жылы бұл сан 110 мың болса, 2008 жылы 133 мың тонна болған.

Аграрлы саланы зерттеуші мамандардың пікірінше құс еті импортының ұлғаюына екі жайт түрткі болған. Біріншісі, жылдан жылға тауық етіне деген сұраныстың артуы болса, екіншісі отандық өндірістің әлсіздігі. Қазір орташа есеппен алғанда әрбір қазақстандық жылына 12 жарым келі тауық етін жейді.

Осыдан сегіз жыл бұрын әрбір қазақстандық жылына төрт келідей тауық жейтін. Ал отандық өндірісшілер ішкі нарықтың тек үштен бірін ғана қамтамасыз етуге қауқары бар. Тауық етінің 90 %-ы АҚШ пен Бразилиядан әкелінеді. Ауылшаруашылығы министрлігі алдағы бес жылдың ішінде 21 құс фабрикасын салуды жоспарлауда. Бірте-бірте импорт көлемін де азайтпақ. Десе де Қазақстан Құсөсірушілер Одағының мәліметінше, тек 2008 жылы елімізге 350 млн дана жұмыртқа әкелінген. Олардың дені Реей мен Украинаға тиесілі.
Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар