Өрінде жүр екемін биік қырдың,
Алуан арасында киік – гүлдің.
Оралып бұрымыңа қыл мойынымнан,
Түсімде сені сәулем, сүйіп тұрдым.
Төсіңнің лүпілінен сыр тыңдадым,
Сен – дағы еріп кете тұрсың жаным.
Шәрбатты, әйдік дәмі кетпес естен,
Нәрінен ерініңнің сусындадым.
Нәрінен ерініңнің сусындадым,
Тілдесіп тіліменен тілсіз жанның.
Үндеме,
оятпай-ақ қойшы мені,
Мынау өрт құшағыңда тынсын жалын.
Деміңнен,
тауып едім дегбір емін,
Сол түсті күнде көрсем деп жүремін.
Түсімнің түнде көрген күндіз балын,
Ойласам,
Әр сәт сайын жеп жүремін!
Рахымет!
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз
Түсінің балын татқан осындай өлеңдерге ән жазылса ғой.
Ерекше сарынмен жазылған екен! 5!
Сазгердің көбі оңтүстіктен шығып жатыр ғой, қарындастың қалауын табар бір жігіт бар шығар.