/

Қазнеттің экономикасына назар ауды

894 рет қаралды

AdilАлматыда “Орталық Азияда интернет саласының дамуы” атты конференция өтіп жатыр. Бұл жиынға Орталық Азияның интернет саласының басы-қасында жүрген мамандар жиналды. Кездесуді ұйымдастырушылар Қазақстанның бір топ тәуелсіз зерттеушілері жүргізген зерттеулерінің қорытындысын көпшіліктің назарына ұсынды.

Әділ Нұрмақов – қазнеттің экономикалық аспектісін зерттеген маман.
– Тәуелсіздік алғаннан бері елімізге шетелдік инвесторлардың көптеп келуі бірте-бірте отандық ғаламторға да назар аударта бастады. Әсіресе, соңғы екі жылдың ішінде отандық интернет жобаларды бизнес тұрғысынын дамытқысы келетін топтар пайда болды. Дейтұрғанмен, қазнеттің даму тетіктерінде әлі де кедергілер бар. Мәселен, нарық кішкентай, қазақ интернетін тұтынушылар аз. Керісінше орыс тіліндегі серверлердің ықпалы өте жоғары.

Ресейлік интернет компаниялар қазақ нарқында белсенділік танытып отыр. Мәселен, Яndex, Natomedia т.б. Әлі де болса, сайттардың мазмұны көңіл толарлықтай емес. Интернет нарық әлі де тың. Бұл салаға түбегейлі бет бұрғандар саны саусақпен санарлық. Сонымен қатар еліміздегі шығармашылықтың дамуы да тікелей әсер етеді. Интернет қолданушылар саны өскенімен сапасы нашар. Қазір көбіне мегалайнның негізгі тұтынушылары жасөспірімдер мен жастар. Осы себептен контент провайдерлер жаңа да сапалы деңгейде дүние жасап шығаруға мүдделі емес. Дегенмен сан артқан сайын сұраныс та арта түсері сөзсіз.

Билік интернет нарықта негізгі рөлге ие болғанменен оны басты инвестор деп айту қиын.Салық төлеушілердің ақшасын үкіметтің интернет жобаларға жұмсауы дұрыс емес тәрізді.

Локалды контенттердің аздығы да дамуға тұсау болып отыр. Қала мен ауыл, аймаққа тиесілі жобалар мен әлеуметтік маңызы жоғары жобаларға деген қызығушылық басым болмақ. Бірақ олардың бизнес ретінде қалыптасуы қиынға түседі. Қазнеттің бизнес келбетіне баса назар берген жөн. Электронды төлемдер, т.б. интернетті бизнес көзіне айналдыруға түрткі болатын тетіктерді дамыта түсу керек.

Minber-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар