Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек.
Қазақтың аталы сөзі
«…Жауы мен өзін жақсы білетін, жүз соғыста да қатерге тап болмайды. Жауын жақсы білмейтін, бірақ өзін жақсы білетін біресе жеңіп, біресе жеңілетін болады. Ал жауын да, өзін де білмейтін айқас сайын үнемі жеңіліс табады».
Сунцзы «Соғыс өнері» кітабынан
20 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДА 20 МИЛЛИОН ҚЫТАЙ ӨМІР СҮРЕДІ-МЫС
Әңгіме Қазақстанның ішкі жағдайына Қытайдың төндіріп отырған қауіп-қатері жайында болмақ.
Қытайды зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, елдiң жалпы табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетiп, одан кейiн өз мүмкiндiгiн сарқа беретiн көрiнедi. Дегенмен, осындай бiр тықырдың таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, орман сиреп, жайылымдар азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр. Қазiр Қытай елi – қақпағы жабық өз iшiне сыймай бұрқылдап қайнап жатқан қара қазан тәрiздес. Түбiнде ол бәрiбiр тасиды. Сонда, ол қалай қарай құйылады? Қазақстанмен бiрге әлемдi де алаңдатып отырған осы мәселе. Бұл жерде Қазақстан үшiн өте үлкен қауiптiң басын ашып айтқан жөн. Қытайдың территориясымен шектесiп жатқан жерлерге назар аударып қарасақ, айналасының барлығы халықтың тығыз орналасуы нәтижесiнде тығындалып тұр. Қаруына сенген Ресейден сескенетін қытайлар үшiн тек қана Қазақстанға (Орталық Азия) қарай ағылуларына мүмкіндік қалады.
2002 жылдың 31 желтоқсанынан бастап тек ұлты қытайлар үшін Қытай үкіметі жеке куәлігі мен тіркелген мекен жайы туралы анықтамасы болса болды паспорт жасатып беру арқылы сыртқа кететін азаматтарының құжат рәсімдерін барынша жеңілдеткен және қаржыландырып келеді. Демек, Қытай азаматтарының шетелге кетуіне мүдделі. Оған қоса 2004 жылдан бастап қытай азаматтарының Қазақстанда бір күн визасыз болуына және жиырма адамнан тұратын туристік топтарға виза беруге үкіметіміз келісті. Осы сәттен бастап Қазақстанға қарай халық ағынының тығынын алып тастады деп есептеуге болады. Сондай-ақ бұған Қытайдағы ерлер мен әйелдер арасындағы табиғи тепе-теңдiктiң бұзылу процесiн қосыңыз. «Бiр отбасыға – бiр бала» саясатына 25 жылдай уақыт болды. Ендi қазiр сол кездегi реформа перзенттерi отбасы құратын уақыт келгенде үйленетін әйел таппай әлек. Сондықтан әйел затын сырттан іздеуге мәжбүр. Және кейбір шарттар негізінде енді екі балалы болуға рұқсат етілді. Мұны Қытай үкіметі халқының қартайып кеткендігімен, жастарының қарттарды асырай алмайтын жағдайға жеткендігімен түсіндіреді. Яғни, енді Қытайдан демографиялық тасқын басталады деген сөз. Бұдан кейін шетелдік зерттеушілер Қазақстанды жақын уақыттары қытай мигранттары жаулап алатындығына еш күмәндары қалмағандығын жарыса жазды.
Қазақстан жөнінде барлық шетелдік зерттеушілердің пікірлері шамалас, 20 жылдан кейін Қазақстанда 20 миллион қытай өмір сүреді дейді. Қазіргі күні 500 мыңға жуықтаған қытайлардың 20 жылдан кейін 20 миллион болуы еш күмән тудырмайды. Сондай-ақ Батысты игеру саясаты шеңберінде Шыңжаңға ішкі Қытайдан 20 жылда 250 миллион адамды көшіру жоспарын бастап кеткенін ескерсек, Қазақстанда 20 миллион қытайдың пайда болуы ертегі емес сияқты. Егер де Қытайдың 150 млн.нан аса жұмыссыздары бар екенін ескерсек Шыңжаңда жұмыс орындарын ашса, әп-сәтте-ақ сонша халықтың көшіп келуі түк емес. Қазір қалашықтар салып көшіру үдерісі басталып та кетті.
Енді тайфунның тасқынындай нөпір халықты қаншама қорған салсақ та немесе Арқаның қақаған суығы мен бораны да тоқтата алмасы хақ. Кез келген табиғатқа бейімделгіш, өзгенің ассимиляциясына түспейтін, жыбырлағанның бәрін азық ететін жаны сірі қытай халқын тоқтату күшке айналатын түрі бар.
АЛМАТЫДА «ХАСАКЭСЫТАНЬ ХУАЦЯО БАО» АТТЫ ГАЗЕТ ШЫҒАДЫ
Бір қызығы осындай алаңдаулы кезде Қазақстанға қытайлардың дендеп келе жатқанын бізден гөрі Ресей сезініп, дабыл қағып бізді оятуға тырысып отыр. Әрине бізге жаны ашығандықтан емес. Бұл жерде бірінші кезекте өз мүддесі бар. Себебін де айтайын, Ресейге келетін қытайлардың басым бөлігі Қазақстан арқылы өтіп жатқанын анықтаған. Қазақстанның қытайлану қаупінің алдын алмаса Қытайдың шекарасы Волгадан бір-ақ шығатынынан үрейленуде.
Қытай мигранттары ешқашан ассимиляцияға ұшырамайды. Керісінше топтасып, қауымдасып жүріп қалашығын салып өз ұлтының саяси мүддесін насихаттап жүреді. Онымен шектеліп қалмай Қытайдың экономикасын дамыту үшін шетелде жүргенде де барлық мүмкіндіктерін жұмылдырады. Қытайдың экономикасын көтерген, инвестиция әкелген де осы шетелдегі қытайлықтар екен.
Бір Алматы қаласында қазіргі күні жүзге тарта қытай кафесі мен мейрамханалары, 270 бірлескен кәсіпорын, 2 банк, 48 жанармай құю бекеті, бір Мәдениет орталығы, Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Қытай тілі орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері, Барахолка және Сауран сауда орталықтарындағы сауда нүктелері бар. Бұған Қазақстанның төлқұжатын алған 5000-нан аса азаматты да қосыңыз. Бұл Қытай ақпаратынан алынған нақты мәліметтер. Ал біздің құқық қорғау органдарымыз мұндай мәліметтерді құпия ұстайды. Себеп «бармақ басты, көз қыстыда. Ресейлік зерттеушілердің айғақтарына қарағанда, қытайлықтарды шетелге шығарып отырумен жүйелі айналысатын биресми жасырын ұйымдар бар екен. Әр елге шығарудың өзіндік мөлшері бар. Еуропа елдеріне 8-10 мың доллар, Ресейге 2,5-3 мың доллар көлемінде әр адамға шығын жұмсайтын көрінеді. Қазақстан ең арзандарының қатарына кіреді. Мекен жайға тіркелу үшін 100-200 доллар жеткілікті. Әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғанындай мигранттар тарихта ешқашан мемлекетке пайда әкелмеген, әкелмейді де. Енді осының бәрі аздай қытай және орыс тілдерінде «Хасакэсытань хуацяо бао» деген газетін шығара бастады. Газетте Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған деп жазылған. Сонда біз қытай диаспорасының пайда болғанын да білмей қалғанымыз ба? Бұл жақын уақытта, мүмкін 5-6 жылда Қытай үкіметі Қазақстандағы қытай тілділердің құқығын қорғайды деген сөз. Әрине адам пайда болған жерде құқығы да пайда болады. Сондай-ақ Алматыда Қазақстандағы барлық қытайларды басқарып отыратын (қазіргі тілмен айтқанда жергілікті халықтан қорғап отыратын «крыша») «триада» деген бандиттік топтың да пайда болғанын біреу білер біреу білмес. Бұған қоса жақында қытай ұлттық мәдени орталығын ашуды да жоспарлап жатқандығын естеріңізге салайын. Қытай мигранттарының Алматыда қаптап келе жатқанына байланысты мәселе көтерілгенде ішкі істер органы оның жалған екендігін жариялады. Сонда деймін-ау біз күнде қаптаған қытайлықтарды көріп жүрген көзімізге сенеміз бе әлде ішкі істер органының мәліметтеріне сенеміз бе? Осы арасы түсініксіз. Және бұл тек Алматыдағы ғана жағдай. Басқа жердегі жағдайды айтпай-ақ қоялық. Ал бас қаламыздағы қытай мәселесін айтып өтпеске болмас. Астанамыз Астана қаласының қақ ортасынан ойып тұрып қытайдың ұлттық нақышында салған зәулім «Пекин палас» қонақ үйіне айына шамамен 600-700 қытай азаматы қонақтайтынын, оған қоса Астана қалалық әкімшілігі қытай сауда орталығын салуға жер бөліп беріпті.
Пазылбек Абсаттарұлы,
Алматы қ.
(жалғасы бар)
Бәрін сатып бітірмесе екен.
Шығыс Қытайда қыс болмайтындығынан жерден жылына үш мәрте өнім алады. Біздің жерге қарасақ, жылына бір рет алуға әрең үлгереміз. Қазақстанның 85 пайызы адам тұруға жарамсыз. Басқаша болғанда, өзіміз де баяғыда көбейіп, ішкімді сиғызбас едік. Оларды қызықтыратын өздерінің жеріне, климатына ұқсайтын Үнді-Қытай.
Әр қазақ өз тіліне және дініне берік болсын, даурығып қажеті қанша бәрі бір аллахтың қолында
Бул сумдык акпаратты таратайык. Баримиз билу ушин. Неге натиже шыгаруга умтылмаймыз……….
Мен оларды аяймын, келсе келе берсин , оларда биз сиякты адам го.
Бұл ақпарат еш негізссіз жазылмаған. Қазақстарға оянудың уақыты келді. Оянбасақ, еліміздің байлығы “ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі” ғажап емес.
Қытайдан бұрын Өзбектер Жаулап алды Қазақстанды Қытайдан тек ғана демографиялық жағынан ғана қауіп бар,Өзбектер қазір қазақстанның ішіне кіріп алды,енді қашан Өзбекстанға қосыламыз деп көтеріліс жасайтынын.
Қазір Өзбекстанның тарихында қазіргі оңтүстік қазақстан жері өзбектердің жері деп оқытылып жатыр және соны өзбектер қазақтардан қайтарып алатын кез келді деп жүр.Ол үшін өзбектерді сол жаққа көшіп баруы керек деп ол жерге тек өзбектер келіп қоныстануда.
Содан яғни мен өзім өзбекстаннан осындай нәрселерді біліп қайттым.Олар қазір өз жерлеріне сыймай отыр адам көп азық түлік жетіспейді,және ауылшаруашылығына пайдаланатын жер де қалмапты.Сондықтан бізге қазақстан сияқты бос жатқан жерлері бар жер керек деп жүр.
Өзбек жаулап алайын деп тұр қазақстанды.
Қазір өзбек жерінде газет журналдарда мынадай мақалалар шығыпты.
Қазақстандағы халықтың арасына “Қытайдан қауіп күшті” деп өсек тарату керек және интернетке жариялап жіберу керек деген басылымдар шығып жатыр.Осы арқылы қытай деп жүргенде аяқ астынан Сайрамдағы Өзбектер көтеріліс шығаратынын етіп жасаймыз деп,
Ал Сайрам ауданында қазір 100% пайыз өзбектер тұратын ауылдар көп. Ол жерде тұратын қазақтың бәрін (сол жердегі халыққа қызмет көрсететін жерде барлығы өзбектер) яғни әкелерін қазақ деп ал балаларын өзбек деп жазып береді екен.Олар әбден қазақтарды осылай басынып алған оларды қазақ жерінен қуып шығу керек,бұндай нәрсеге жол бермеу керек қарғыздар сияқты өзбектерді Ош қаласынан қалай қуып шықты солай істемесе болмай барады.
Сақтаныңдар өзбектерден!
Қытайлар тек ғана бүкіл қазақтың қыздарына қауіп төндіреді