Қазақ журналистерінің блогтарына шолу

765 рет қаралды
3
Елбасы суреті бейнеленген билбордтағы емле қатесі

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған тренингке қатысқан журналистердің көпшілігі өздерінің блогтарын сәтті жүргізіп келеді. Олардың дені ұлттық мәселеге қатысы бар жазбаларды жиі жариялауда. Солардың кейбіріне шолу жасағанды жөн көрдік.

Айнаш Есали блогындағы “Мемлекетте бір ғана ту болуы керек” деген жазбасында:

““Егемен Қазақстан” газетінде “ТУДЫ КӨБЕЙТІП, ЖАМАН НЫШАН ШАҚЫРМАЙЫҚ” деген мақала жарық көрді. Арнаулы Парламент бетінде. Бірақ, мәселе тиіп-қашып, жұмсартылып көтерілген. Ол да дұрыс. Мұндай мәселелерді аттандап шешудің де қажет жоқ болар?!”

депті.

Әңгіме қоғамдық орындарында ел азаматтары Қазақстанның емес, өзге тудың желбіретуінде болып отыр. Бұл жайтқа Zhasakaz блогының авторы да назар аударған:

“Қытай Республикасына жақын тұратын Құлжат, Тасқарасу елді-мекендерінде өзіміздің ұйғыр бауырларымыздың Қазақстанның рәміздеріне қатысы жоқ туды желбіретуін қалай түсінуге болады. Ойланып, толғанып, ел бірлігін, келісімді қалай сақтаймыз және бұл әрекетке барғандарды тоқтататын заңнама бар емес пе деп отырғанда, “Егемен Қазақстан” газетіне 29 мамыр күні “Туды көбейтіп, жаман нышан шақырмайық” деген авторы аталмаған, таза идеологиялық мақала шығыпты” дейді.

Zhasakaz блогының авторы журналистер мұндай мәселені тиіп-қашып көтермей нақты заңға жүгініп, сөйлегендері орынды болар деп санайды.

“Президент әкімшілігінде сарапшы-мамандардың аз болғандығнан ба? Әлде, тиіп-қашып айтуды “шығыс өнеріне” айналдырғаннан ба? Меніңше, ҚР Қк 170 бабына назар аудару керек, “басқа да әрекеттерге бару” делінген.” деп мұндай фактілерді де заң бұзушылыққа жатқызып, алдын алуға болатынын түсіндіруге тырысқан.

Рәміздер тақырыбы Rozatai блогында “Елімнің Елтаңбасын аяққа таптатпаймын” деген жазбамен жалғасқан. “Жазбада бір қарияның “Елімнің Елтаңбасын аяққа таптатпаймын” деп көшеде шашылып жатқан бір теңгені жерден ыждаһаттылықпен көтеріп алғаны әңгімеленген. Блогшы сондай-ақ 1 теңгеліктер базар маңында, асфальт жолдарда, жер асты өткелдерінде, автобус ішінде, баспалдақтарда көбірек жататынын аңғарған.

Ал Нұрберген Мақым соңғы жазбасындаБіз неге Америкадағыдай не Еуропадағыдай ғұмыр кешпейміз?” деген сұрақ төңірегінде ой өрбіткен.

“Қоғамдағы кез-келген құндылықты қалыптастыратын орта тап. Қазақстанның дамымауы орта таптың болмауынан. Бізде «13-ші район» қашан орнайды, сонда. Сонда ғана, байлардың Құдай болам деп жүргені болмаса, қалғандары проблемаларын, былайша, заңмен шешуге мәжбүр болады”

деген қорытындыға келеді. Оған пікір білдірген Өркен: “Шаңырақ пен Бақай 13-ауданнан не артықшылығы, я кемшілігі бар деп?” орта таптың қалыптасуына алғышарттардың қалыптасқанына назар аудартады.

Өркен блогында сонымен қатар “Керейім Кузьмамен егіз бе едің?” атты Астанада ашылған Керей мен Жәнібек ескерткішіне арналған жазба бар.

Мәскеуде, Қызыл алаңда тұрған Кузьма Минин мен Дмитрий Пожарскийдің ескерткішіне ұқсатып жатқан “сыншылар” да бар арамызда.Түр-әлпеті, киім-жарағы болмаса да, жалпы композициясы келіп тұр дейді.

Осы тақырыпқа пікір қосқан Елубек есімді оқырман “ескерткіштің тездетіп салынуына алдыңғы 600 миллион теңге бөліп жасатқан ескерткіш жарамай қалған соң жылдамдатып жасаған болуы керек” деген пікірде.

Бүркіт те өз блогында “Астана-Көкшетау” жолының бойында “Құлагерге” ескерткіш ашылғанын хабарлапты.

Таяуда Павлодарда “Патриоттар форумы” өткенін Ashimoskemen хабарлайды. Бірақ форумның не үшін ұйымдастырылғанын түсінбеген блогшы:

“Шулап-шулап қайттық. Ұйымдастырушылардан кешірім өтінемін, бірақ не мақсатпен барып-қайтқанымды түсініңкіремей қалдым”.

дейді.

Егер дәл осындай форумдарда Tarazkyzy түсірген суреттер талқыға түсетін болса, мүмкін қазақ тіліне деген құрмет көбейе түсер ме еді.

Tarazkyzy блогындағы “Сауатсыз көшелер” атты жазбамен берілген көшедегі қате жазулардың суреттеріне көптеген блогшылар бей-жай қарамаған. Пікіршілердің дені “мұндай қателердің алдын алу керек” дегенге ойысады.

Әрине қазақ блогатырында көтерілген басқа да қызықты тақырыптар баршылық. Бұйырса, алдағы уақытта оларға да тоқталамыз.

Сурет Tarazkyzy-ның “Көңілімнің кептері” блогынан алынды

Neweurasia.net сайтымен бірлесе әзірленді

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Блогтарга жасалған шолу көңілімнен шықты. Өкініштісі, “Мінбердің” жиынында үйренген нәрселерімді әлі күнге дұрыс жүзеге асырып, тәжірибе жүзінде жасай алмай жатырмын. Бірақ, сол блогтарды назардан тыс қалдырған жоқпын. Бүркіттің блогындағы дүниелер де жақсы.

  2. Амангелді, қандай да бір сұрақтар болса, үнемі хабарласып, сұрауға болатынын білесің ғой 🙂 Пікіріңе рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар