/

ТЕХНО-БИЛІК

1637 рет қаралды
7

Бұқараның көңілін аулап, билік жүргізу XXI ғасырда таққа жайғасқандар үшін оңай емес. Технологиялық жетістіктер ақпарат тасқынын қалауыңша бұруға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан халық қалаулылары әрбір адамның қолындағы алақандай техниканың «құдіретін» зерттей бастады.

US Russia Silicon ValleyРесей президенті Медведевті сыртқы саясатта «Путиннің көлеңкесіндегі адам» деп танитын. Бірінші болу оның пешенесіне жазылмаған. Дүниеге бір жаңалық енгізбейінше, жұрттың санасында жатталып қалу қиын. Кремльдің заңды мұрагері де өзінің «ноу-хауын» жасамаққа әрекет етуде. Мәскеудің түбінде американың «Селикон алқабына» пара-пар қалашық көтеретінін паш еткен Ресей президенті мұхиттың арғы жағына саяхаттап келді.

Ресей мен АҚШ арасы әлі жыли қойған жоқ. Америкада ұсталған «орыс шпиондары» хикаясы әлі талай дауға негіз болары сөзсіз. Біреулер, америка Ресейдің технологиялық жетістіктеріне іштарлықтан жасап отыр дейді. Екіншілері, технократтар соғысы қазір осылай жүргізілетін болды дегенді айтады. Қайткен күнде де қазір ақпаратты ұрлау, оны жеткізу, жымқыру ең ірі қылмыстың қатарына жатқызылуда. Ал дәл сондай ақпаратты күнінен миллиондаған адам өз еркімен әлдебір елдің әлеуметтік желісіне жариялап та жатыр. Мәселен, ресейдің mail.ru, vkontakte, американың facebook, msn сияқты желілері Қазақстандағы ең танымал интернет-ресурстар. Ғаламдық идеологияны секунд салып насихаттайтын интернет-ресурстар қазір әрбір үйде емес, әрбір адамның жан қалтасында. Әлем басшылары ғаламтордың күші тұтас бір мемлекетте төңкеріс орнатуға қауқарлы екенін мойындаған. Ирандағы Facebook қозғалысы, Молдовадағы Twitter ереуілі тағысын тағы жүзден бір мысалдың бірі ғана.

FRANCE-US-CRIME-INTERNET-TWITTER-OBAMAБарак Обама – Ақ үйдегі жұмсақ орындыққа жайғасқан жас президент. Сайлау алды кампаниясын жүргізгендер: «Америка жастары Барак Обамаға оның қолында Blackberry болған соң дауыс берді» дейді. Тұтастай шындық деуден аулақпыз, бірақ сол жылғы сайлауда интернеттің әлеуметтік қыры кеңінен ашылып, қолданды. Америка саясаткерлері еріккеннің ермегі көрінетін видео-сервистерді, фото-сервистерді, тіпті блогтұғырларды да саясаттың құралына айналдырды. Нәтижесі жаман емес. Америка тарихынды тұңғыш рет мигрант ұрпағы президент атанды. Америка үкіметінің Жаңа технологиялар бөлімінің қазіргі басшылары бұған дейін сайлау десе, жиіркенішпен қарайтын қара кварталдың тұрғындарының қалтафондарына арнайы үстеме бағдарламалар әзірлеп берді. Олар сол телефондары арқылы сайлаудың жаңалықтарын біліп отырды. Осылайша өздерін қоғамның бір бөлшегіндей сезінді. Адам аяғы жетпеген түкпірдегі аудандарға ғаламтор арқылы мәліметтер тұп-тура қажетті адамның телефонына жеткізілді. Барак Обаманы танымал қылған – технология.
Барак Обаманың Ақ үйдегі ұжымында қазір арнайы бөлім бар. Онда жасөспірімдер қызмет етеді. Ақ үйдің хатшысы Хиллари Клинтонның өзі бас-көз болып отырған осынау бөлімнің мақсаты – интернеттегі жасөспірімдердің сұранысын зерттеу, бостандық елі – Американың идеологиясын дұрыс насихаттау.

NAJIB TUN RAZAKДатук Сери Нажип Тун Разақ – бұған дейін Малайзияның екінші премьер-министрі болған Тун Абдул Разақтың тұңғышы. Соңғы сайлауда үкімет басшылығына тағайындалды. Малайзия жастары да премьер министрмен үнемі ғаламтор арқылы байланысып отырады. Билікке келген азамат бұқараға жақын екенін блогы мен twitter-ін өзі жүргізіп отыруымен көрсетті. Экономикасын мұнай мен газдан ажыратып, технология мен туризмге екпін берген Малайзияда дәстүрлі журналистикадан гөрі, азаматтық журналистика тез дамуда. Тіпті, блогшылардың өзі мемлекетшіл және оппозицияшыл деп екі лагерьге жарылған. Әрі үкімет басшылары олармен ресми кездесулер ұйымдастырып отырады. Технология Малайзияны Британия отарынан құтқарып, өздерін әлемге мойындатқыздырды. Құдай берген табиғи байлыққа мастанып, имидж қалыптастыру қате екенін ерте түсінді.

Орталық Азия елдерінде әзірге технологиялық сілкініс байқалып отырған жоқ. Саясатта отырғандарда технологиялық түйсік пен таным жоғары болғанымен, өздері бірінші болып бастап, үлгі көрсетуге асығар емес. Қазақстандағы ақпараттық технологиялық жобалардың басталмай жатып, құрдымға кетуінің сыры да осында болар. Себебі биліктегілер бірінші болып, үлгіні өздері көрсетсе, бала көңілді халық іліп әкетеді. Министрдің блог бастауының өзі бұқараның арасында жаңа медианың осынау түріне деген қызығушылықты оятты.

P.S. Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей басшысы twitter-де қазақша құттықтады. Ал twitter-ді әзірге қазақ билігі қолданып жүргенін байқамадық…

Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Хехе… Қазекең твит пайдаланып нақұрыс па екен? Баланың ермегі ғой ол Ақорда үшін. Біз алысқа қанат серпиміз. Жиырма-отызды (екі мың отыз емес!!!) армандап қоямыз. Твиттерге, блогқа уақыт қайда? Хабарласқысы келсе халық кеңсеге хат жіберсін. Сосын ел құсап хатына жауап күтсін кемі екі жылдай. Өзінен бұрын хат жібергендерді сыйласын. Кезегі келгенді жауапты алады. Еегер хаты оқуға тұрарлық болса. Тұтастай “Президент әкімшілігі” атты маңыздылығы Президенттен кем емес орган құрдық. Қыруар ақша жұмсалып отыр. Нандарын ақтасын солар. Ақорда твит ашса, блог жүргізсе, ол байғұстар жалақысыз қалады ғой? Біз твит секілді роботқа сенбейміз. Біз “Президент әкімшілігі” атты “жанды твитке” сенеміз. Ал аман болыңдар, қазақстандықтар (қазақтар емес!!!)

  2. Мейіржан, Қытайдың өз twitter-і бар деп естіп едім. Біз қолданып жүргеннен қаншалықты өзгеше екен?

  3. […] Техно-правительство с каждым днем все ближе и ближе приближается к народу с помощью Всемирной паутины. Но все же можно ли сказать, что там на верхах возможности новых технологий используют в полную силу? Давайте проведем обзор блогов казахстанского правительства и министерств. […]

  4. Біздің дәуір дәл осы техниканың дамығын тұсына келіп отыр. Оны неге саясатта пайдаланбасқа?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар