Өмір ай маған от бергін – Мінбер – Ақпарат агенттігі

Өмір ай маған от бергін

3287 рет қаралды

Ей, өмір, сені сүйіп те көрдім,
Жек көріп бірде кектендім.
Келеді менің биіктеп өлгім,
От бергім маған от бергін…

Бұл жаным жасып бара ма қалай?
Қаншама көзге келді жас.
Секонд сайын молаға қарай,
Барамыз ілбіп ол да рас.

Керегің болмай қалады кейде,
Қателігім еді ол кешіргін.
Ақыр заманы болады дейме?
Оған да сеніп отырмын.

Аһ, Перштелер, мекені бөлек,
Келеді сенмен табысқым.
Не махаббаты, не кегі де жоқ,
Жандардан мынау жалықтым…

Өмір-ай, сені сүйіп те көрдім,
Жек көріп бірде кектендім.
Келеді менің биіктеп өлгім,
Сен енді маған от бергін.

Мен сені талай сүйемін алда,
Осылай тулап жүрермін.
Келмейді менің жүрегім бар да,
Мыналар сынды тірі өлгім.

Ыбырай Дүйсенұлы
ҚХР Орталық Ұлттар университеті
Төтешеден криллшеге түсірген: Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

2024 жылдың айшықты оқиғалары

2024 жылы Қазақстанда көптеген маңызды оқиғалар болды. Осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен АЭС құрылысы талқыланып, су