Петропавл қаласының көшесiнде көк және сары түстi лента тағушылар көзге жиi түсе бастаған. Бұл өткен аптада Петропавл атауын Қызылжар деп атауды ұсынған Парламент депутаттарының Үкiмет басшысы К. Мәсiмовке жолдаған депутаттық сауалынан кейiн қолға алынған iс-шара. Осылайша елiмiздiң солтүстiгiнде түрлi-түстердiң текетiресi бой көрсетiп отыр.
БАЯҒЫ ЖАРТАС, СОЛ ЖАРТАС
күз түрлi бояуға толы ғана емес, қоғамдық, саяси өмiрде де белсендiлiк арта түсетiн кез. 22 қыркүйекте Премьер Кәрiм Мәсiмов Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын тойлауға дайындық пен оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң отырысын өткiзген едi. Осы отырысқа қос палаталы Парламент депутаттары, Президент әкiмшiлiгiнiң, орталық және жергiлiктi билiк өкiлдерiнiң басшылары, үкiметтiк емес ұйымдар мен саяси партиялардың жетекшiлерi қатысқан болатын. Дәл осы жиында Мәжiлiс депутаты Жарасбай Сүлейменов Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы 13 депутаттың қолы қойылған депутаттық сауалын Премьер-министрге жолдай отырып, бұл талаптарын Елбасыға жолдауын өтiнген едi. Бiрақ, ертесiнде Сенат депутаты Тасбай Симамбаев бұл идеяға қарсы екендiгiн бiлдiрiп, жер-су атауларын едел-жедел ауыстыру елдегi ұлт араздығын тудырып, Қазақстаннан үдере көшушiлердiң қарасын көбейтедi деген пiкiр айтты. Оның ойынша, егер Петропавлға тарихи Қызылжар атауы қайтарылуы – облыстағы мықты мамандардың елден кетуiне түрткi болмақ.
Дәл осындай ойлар осыдан жиырма жыл бұрын, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында да айтылатын. Ол кезде қанаты әлi қатпаған, буыны бекiмеген жас мемлекеттiң iшiндегi ұлтаралық араздықтан үрейленушi едiк. Үстем ұлттың көңiлiне жалтақтап, олардың сезiмiне қылау түсiрмеудi мақсат еткенбiз. Жылдар өте келе елдегi өзге ұлт өкiлдерi бiздiң осы жалпақшешейлiгiмiздi түсiнер, мемлекет құраушы ұлттың мүддесiмен санасар, мемлекеттiк тiлдi үйренуге де, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға да қарсылық бiлдiрмес деген ой болған ол кезде. Бiрақ, тәуелсiздiгiмiздiң жиырма жылдығы тұсында да ұлттық дербестiктi мойындағысы келмейтiндер сол баяғы жырды әлi үзбей жырлап келедi. Баяғы жартас – сол жартас. Бұл бiздегi мемлекетшiлдiк сананың әлi де болса қалыптаспай отырғандығының салдары. Бiз түгiлi Ресейдiң өзi кеңестiк идеологияның сарқыншақтарынан арылу мақсатында – Ленинградты Санкт-Петербургке, Сталинградты Волгоградқа, Нижний Новгородқа Свердловскiнi Екатеринбургке ауыстырып жiберген жоқ па? Тарихи атауы қайтарылған Ресей қалаларының тұрғындары ешқайда үдере көшкен жоқ. Олар мемлекеттiң стратегиялық, ұлттық саясатымен санаса бiлдi.
Қазақстандағы тұрғындар жиырма жыл бойына қайда тұратындығын толық айқындап үлгердi. Елдегi 16 миллионнан астам халық Қазақстанның тәуелсiздiгiн саяси тұрғыдан мойындады. Өздерiнiң болашағы Қазақ мемлекетiмен байланысты екенiне еш күмән келтiрмейдi. Ол ол ма, жылына алыс, жақын шетелдерден келген 100 мың адам Қазақстан азаматтығын қабылдауда. Тек кейбiр кертартпалар тiлдiк тұрғыдан әзiрге мойындауға құлықсыз. Бұған өзiмiздiң солқылдақ тiлдiк саясатымыз кiнәлi. Жиырма жылда тарихи әдiлдiктiң салтанат құруы үшiн тағы да өзгенiң қас-қабағын бағу керек пе?
Тасбай Симамбаев мырза Қызылжар атауының Петропавлға мүлдем қатысы жоқ дейдi. «Қызылжар жәрмеңкесi қаладан бiршама қашықта өтiп тұратын. Ал, әулие Петрдiң қорғанын ресейлiк переселенестер салған, сөйтiп, қазақ жерiн Жоңғар шапқыншылығынан қорғап қалған-мыс» дейдi.
САРЫ БАСЫМ ТҮСУI МҮМКIН БЕ?
Бүгiнде дәл осы мәселе төңiрегiнде қызу пiкiрталас өрби бастаған. Қызылжарлықтар көк пен сары болып екiге жарылыпты. Елiмiздiң туы түстес лентаны таққандар мойнымыздағы ауыр ажырғы – құлдық психологиядан, әулие Петр мен Павлдың қорғандарының атауы берiлген Петропавл атауынан құтылып, тарихи Қызылжар атауын қайтаруды жақтаушылар болса, сары лентаны таққандар – Петропавл атауынан ажырағысы келмейтiндер.
Сөйтiп, Ж. Сүлейменов пен Т. Симамбаевтардың арасындағы тартыс кәдiмгiдей қоғамдық пiкiр туғызып отыр. Өзгенiң қолтығына су бүркуге шебер бiздiң саясаткерлердiң арқасында Петропавл халқы да өре түрегелiп, Қызылжар атауының қайтарылуына қарсылық таныта бастаған секiлдi. Әлдекiмдер арнайы сайт жасақтап, интернет сауалнама жүргiзген екен, сары түстiлер 87 пайызға жетiптi. Бiрақ, бұның да қолдан ұйымдастырылуы мүмкiн дейдi Жарасбай Сүлейменов 28 қыркүйекте КТК телеарнасына берген сұхбатында.
– Бұл арзан ұпай жинауға талпынған, әлдекiмдердiң қолдан ұйымдастырған қитұрқысы болуы әбден мүмкiн. Сауалнаманы кiм ұйымдастырып отыр, кiмдерден жауап алынды ол жағы беймәлiм ғой, – дедi ол.
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ
“Түркістан” газеті.
Сол Петропавл мен Павлодар деген атауларды бұрыннан суқаным сүймеуші еді. Сүлейменовке алғыс айтамын, жақсы бастама көтерген екен міндетті түрде соңына жетсе екен деп тілеймін. Тәуелсіздіктің таңы арайлап атып тұрған сәтте, қазақтың рухын көтеріп, еңсемізді биік ұстайық, ағайын!
Құдай ай сол үшінде текетіреске түсіп, қызыл кеңірдек болуымыз керек пе?! Тасбай бастағандар тамағы тоятын жағына кетсе кете берсін. Жоқтамаймыз!!!!
Кашангы бугып журемиз. Оз жеримизде журип каламызга казакша есим беру борышымызю Оянатын кез келди. Оян казак!
Қазақ қашанғы жалтақтай бермек, тіпті күшке салсақ та Қызылжар атауын алып беру керек. Ал бойында қазақи қасиеті жоқ “политический проституткалармен” (кімді айтып отырғанымды білесіздер) өздері аңсап отырған жаққа баратындармен бірге қоса ілестіріп жіберу керек.
Қазақстанда орналасқан қаланың қазақша атауға ие бола алмай жатқандығы қиын әрі сырткөзге күлкілі.
Қызылжар атауы қазіргі Петропавл атауына қатысты болмаса болмасын, бірақ орыстың ақ патшасының атауының қатысы болғанымен қазаққа жат атау емес пе?!
Кейде қорқынышты ой келеді,біз қазақтар өз елімізде отырып ештеңе шеше алмаймыз.Қазақ деген ел жойылу үшін қазір әрекеттер жүріп жатқан сияқты.Жоғарыдағылар неге тоймайды,түсінбеймін.Қарапайым халық шықпа жаным шықпа деп өмір сүріп жатыр,олар халықтың келер ұрпақтың несібесін құлқындарына салып жатыр,бірақ тоятын түрі жоқ.Ел үшін еңбек ететін кез келді ғой,сол дүниені ешкім көрге әктпейді ғой.Түсінбеймін.Неден қорқады,қаланың атын өзгерту керек деп шығарса не болады
Шеттен келген ағайынды шетеп сен анау мынаусың деитін итермен-битер!осы қазақ жеріндегі орыс атауларға келгенде қай әкелеріңнен қорқасыңдар бейшоралар!
Бұл бәлендей бас ауыртатын шаруа емес.Тек,мемлекет басшысының қолында тұрған нәрсе.Неге?Өйткені,осыдан бір жыл бұрын ба,әлде,екі Елбасымыз Семейдің атын Семипалатинск деп емес Семей деп атайық деп кесіп-пішіп айтты емес пе?Сонда ешқандай түрлі-түске бөлінбей-ақ халық бір ауыздан қолдады ғой.Ең бастысы,жасқаншақтыққа салынбай,керісінше,сол керітартпа әдеттен арылып,батыл шешім қабылдауымыз қажет!