Шежірелер шын-өтірік, қожалақ,
Оған сенген оқырманға обал-ақ.
Шүлдір қазақ шүршіт, орыс боп кетер,
Төре – мұңғұл, бола алмайды, қожа арап.
Біреу ата, біреу әке-бабасын,
Бәрі дұрыс, ешкімге жоқ таласым.
Бәрінен де түзесе артық болар ед,
Тілі шегір, діні темір баласын.
«Неменесі» өңкей хан мен батырдың,
Қазағымды құл-құтан қып қатырдың.
Топырағын жалап-жұқтап жерімнің,
Қазақпын деп жалғыз өзе-ем жатырмын.
Алтын көрсе жолдан тайып «арысы»,
Өтіп жатыр кландардың жарысы.
Жазығында бөкен қалмай Арқаның,
Азайыптты Алатаудың барысы.
«Тұқымдары» би мен байдың шіренген,
Жүріп өткен жерлеріне күл өнген.
Келімсектің к… сүрткен «тектінің»,
Күнін көріп, ішіп қатып күлем мен.
Бөлек біткен өзгелерден кеудесі,
Сөйлегені сүйкімсіздеу жел деші.
Асағанда құй құрсағы толмастың,
Бар ма, жоқ па деп қаламын кейде есі.
Ханмын деген, хандығыма садаға!
Тартып құртпа оның бәрін жазаға!
Қасаң жұрттың қарақайыс иесі,
Қазақпын деп, жүрген ғана қазақ, Ә!
Бурылалтай
Парақшамызға жазылыңыз
Ой жақсы, өлең бола алмаған! Өлең қарғыстан ада болады! Термеге даттық енгізуге боларды! Неге жариялады екен? Халықты – қазақты даттау бар астарында! Бұл – қалам ұстаған адамға қателік! Немесе Абайдың “Қалың елім қазағым..ә – ды түсінбегендік! Ақылды адам елін даттамас болар! Бұл адамның атын айтып тұрып даттау керек еді бурылтай оған бара алмапты! Жақсы өлең емесІ
Жолдас, Керей, меніңше бұл өлеңді сіз түсініп оқымай отырсыз. Бұнда елін, жұртын қарғаған ештеңе көріп тұрғамын жоқпын. керісінше қазіргі бірі араб болып, біреуі төре-моңғол болып, үшіншісі қаңлы-үйсін. болып, алшын-адай болып сиырдың бүйрегіндей бөлініп жатқандарға айтқан ақылы емес пе екен. Сізт ағы бір рет байыптап оқып, мүмкін болса ойыңызды таратып айтсаңыз қалай болар екен. меніңше бұл дұрыс өлең!
жақсы өлең!