Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы – Ашылу және Жабылу салтанатын қоса есептегенде кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстарды олимпиада өтетін елдің Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.
Азия ойындарының туындауы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда Он төртінші Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.
Федерацияның түрленуі
1962 жылы Федерацияда Тайвань мен Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия осы елдерді Федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпсіздікке қауіп туындауына байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1973 жылы АҚШ пен Тайваньның бірнеше елдері мен Израильде Араб ұлттық оппозициясын танумен байланысты дау туындады. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістанмен қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары Федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. Азиялық Олимпиада кеңесі аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес ойындарды 1986 жылдан бері қадағалайды.
Тайвань қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай (Тайбэй)» деп атайды. Израиль еуропалық жарыстарға қосылды.
Кеңею
Ойындарға 1994 жылы бірнеше елдердің қарсы болуына қарамастан АОК Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан секілді бұрынғы кеңес республикаларын шақырды.
2006 жылы Австралия АОК кіруден бас тартты.
Жазғы Азия ойындарының тізімі
2014 жылға дейін Азия ойындарына қатысқан және әлі де қатысатын елдер.
Жыл |
Жазғы ойындар |
Қала |
Ел |
1951 |
I |
Нью-Дели |
Үндістан |
1954 |
II |
Манила |
Филиппины |
1958 |
III |
Токио |
Жапония |
1962 |
IV |
Джакарта |
Индонезия |
1966 |
V |
Бангкок |
Таиланд |
1970 |
VI 1 |
Бангкок |
Таиланд |
1974 |
VII |
Тегеран |
Иран |
1978 |
VIII ² |
Бангкок |
Таиланд |
1982 |
IX |
Нью-Дели |
Үндістан |
1986 |
X |
Сеул |
Оңтүстік Корея |
1990 |
XI |
Пекин |
Қытай |
1994 |
XII |
Хиросима |
Жапония |
1998 |
XIII |
Бангкок |
Таиланд |
2002 |
XIV |
Пусан |
Оңтүстік Корея |
2006 |
XV |
Доха |
Катар |
2010 |
XVI |
Гуанчжоу |
Қытай |
2014 |
XVII |
Инчхон |
Оңтүстік Корея |
1Басында Оңтүстік Кореяда өтуі керек болатын ²Басында Пәкістанда өтуі керек болатын
Спорт түрлерінің тізімі
Бұл жерде Азия ойындарында өткен және өтетін спорт түрлері алфавит ретімен және олар ұсынылған жылдар берілген.
Атлетика – үнемі Бадминтон – 1962 Баскетбол – үнемі Бейсбол – 1994 Бодибилдинг – 2002-2006 Бокс – 1954 Күрес- 1954 Боулинг – 1978, с 1986 Ушу – 1990 Велосипед – 1951, с 1958 Волейбол – 1958 Гандбол – 1982 Гимнастика – с 1974 Гольф – 1982 |
Есу – 1982 Дзюдо – 1986 Кабадди – 1990 Каное / Каяк – 1990 Карате – 1994 Бильярд – 1998 Жылқы спорты – 1982-1986, с 1994 Жұмсақ теннис – 1994 Үстел теннисі – 1958-1966, 1974 Желкенді спорт – 1970, 1978 Жүзу – үнемі Салмақ көтеру – 1951-1958, с 1966 Регби – 1998 |
Сепактакрав – 1990 Сквош – 1998 Қазіргі бес жұп күрес – 1994, 2002 Софтбол – 1990 Мылтықтан ату – 1954 Садақпен ату- 1978 Теннис – 1958- 1966, 1974 Үштік күрес – 2006 Тэквондо – 1986 Ушу – 1990 Фехтование – 1974-1978, с 1986 Футбол – үнемі Хоккей – с 1958 Шахматы – с 2006 |
Өзге Азиялық ойындар
Жеке Азия ойындарынан басқа сондай-ақ Қысқы Азия ойындары (1986), Жабық Азия ойындары (тақ жылдары 2005 жылдан), Жағажайлық Азия ойындары (жұп жылдары 2008 жылдан), сондай-ақ өңірлік (Орта Азиялық, Шығыс Азиялық, Оңтүстік Азиялық), Оңтүстік Шығыс Азиялық және Батыс Азиялық) түрлері жүргізіледі.
Азия ойындары |
|
Жазғы Азия ойындары |
Нью-Дели 1951 · Манила 1954 · Токио 1958 · Джакарта 1962 · Бангкок 1966 · Бангкок 1970 · Тегеран 1974 · Бангкок 1978 · Нью-Дели 1982 · Сеул 1986 · Пекин 1990Хиросима 1994 · Бангкок 1998 · Пусан 2002 · Доха 2006 · Гуанчжоу 2010 · Инчхон 2014 · 2018 · |
Жабық ғимараттағы Азия ойындары |
Бангкок 2005 · Макао 2007 · Ханой 2009 · 2011 · 2013 |
Жағажайлық Азия ойындары |
Бали 2008 · Маскат 2010 · Хайань 2012 · Боракай 2014 · Пхукет 2016 |
Жас өспірімдік Азия ойындары |
Сингапур 2009 · 2013 |
Қысқы Азия ойындары
Ойын № |
Қала, өткізген ел |
жыл |
Қатысатын елдер саны |
Спорт түрлерінің саны |
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны |
1-інші |
Саппоро, Жапония |
1986 |
7 |
7 |
425 |
2-нші |
Саппоро, Жапония |
1990 |
10 |
6 |
414 |
3-інші |
Харбин, Қытай |
1996 |
16 |
7 |
660 |
4-інші |
Кангвон, Корея |
1999 |
21 |
7 |
799 |
5-інші |
Аомори, Жапония |
2003 |
17 |
11 |
641 |
6-ншы |
Чангчун, Қытай |
2007 |
45 |
10 |
1100 |
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны
Ойын № |
Қала, өткізген ел |
жылы |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Жиыны |
1-інші |
Саппоро, Жапония |
1986 |
Қатысқан жоқ |
|||
2-нші |
Саппоро, Жапония |
1990 |
Қатысқан жоқ |
|||
3-інші |
Харбин, Қытай |
1996 |
14 |
9 |
8 |
31 |
4-інші |
Кангвон, Корея |
1999 |
10 |
8 |
7 |
25 |
5-інші |
Аомори, Жапония |
2003 |
7 |
7 |
6 |
20 |
6-ншы |
Чангчун, Қытай |
2007 |
6 |
6 |
6 |
18 |
Қазақстан қысқы Азия ойындарын қабылдайды
Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел.
2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы Ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
2006 жылы 4 наурызда Кувейте президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен әкім Тасмағамбетов мырза бастаған Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетіінің президенті Досымбетов мырза арасында үш жақты келісім – Ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды.
2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі АОК-не 7-қысқы Азия Ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды.
2008 жылғы 20 қазанда Балиде президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен жаңа әкім Тасмағамбетов мырза (бұрынғы Алматы әкімі) бастаған Астана қаласы, жаңа әкім Есімов мырза басқарған Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті президенті Досмухамбетов мырза, сондай-ақ Туризм мен спорт министрі арасында қосымша келісім бекітіліп қол қойылды. Осы келісімде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушы қалалары Астана мен Алматы қалалары болып табылатындығы айтылған. Азияның көптеген елдері Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны даярлау және өткізу Қазақстанның қызметтің түрлі салаларында көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі растау болады.
Спорт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен елді халықаралық деңгейде тану жолдарының бірі ретінде анықталған. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап Қазақстан спортшылары Азия ойындарына қатыса бастады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тоқтаусыз алға қарай даму жағдайында осындай көлемді деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру мен ойдағыдай өткізе алатын ірі континентальды державалар қатарына кіре алатындай барлық алғышарттар бар. Оған дайындық еңбекке жарамды тұрғындарды нысандар салуға, қала инфрақұрылымын жақсартуға, халық арасында өмірдің салауатты қалпын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының қызметін белсендіруге, халықты, оның ішінде студент жастарлы қонақтармен кеңінен араласуына көмектесетін болады. Бұдан басқа Ойындар 2018 жылы қысқы Олимпиада Ойындарын өткізу құқығына даярланып отырған өтінімге елеулі дәлел мен жақсы тәжірибе көзі болады.
2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-шы Қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті К.Қ. Мәсімовтің төрағалық етуімен Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы мақұлданды.
Осы бағдарлама 65 медалдар жинағы ойналатын спорттың 11 түрі бойынша жарыстар өткізуді қарастырады.
Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.
Азия ойындарына шамамен 30 Азия елі қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады.
Парақшамызға жазылыңыз
Маған Азиаданың әнұраны ұнамайды. Бір естігеннен есте қалмағандықтан болып отыр. Қазақстан спортшыларына сәттілік!
Қазақстан ең болғанда алғ. 3-тіктің ішіне кірсе жақсы болар еді! және ең бастысы ұйымдастыру жағынан қонақтардың алдында қиналмасақ болғаны. Бәрі салыстырмалы түрде майдың бетімен өтсе деп отырмын.