Біз қалай амандасып жүрміз?

4659 рет қаралды
16

 Амандасу – әр халық мәдениетінің қайнар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Әр елдің әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу түрлері де өзгеше болып келеді. Мысалы, үнді халықтары қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етсе, жапондықтар бір жерде қалшиып тұрып, қолын беліне, одан кейін иіліп тізесіне қойып жылы жүзбен күлімсірейді. Ал латын американдықтар бір-бірімен құшақтасса, орталық Азия мен Африканың мұсылман халықтары оң қолын жүректерінің тұсына апарып, тағзым жасайтын көрінеді.

Өз еліміздің дәстүрі бойынша жасы кіші үлкенге бірінші болып, таныс немесе бейтаныстығына қарамай амандасу міндет болып саналады. Еліміздің амандық салты ер азаматтар арасында алдымен егде адамға қос қол ұсынып “Ассалаумағалейкүм!” деген сөзбен басталған, сәлем алушы “Уағалейкүмассалам!”деп оң қолын ұсынады. Одан кейін “Деніңіз сау ма?”, “Мал-жан аман ба?” деп аман-саулық сұрасқан.

Ислам дінінде де сәлемдесу әдептіліктің белгісі екендігі айтылып, қасиетті Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар”, – делінген, себебі, амандасу өзара сыпайылық пен татулыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа апарар жол емес пе?!

Тағы бір айта кетерлік жайт, қазақ келіншектері ата-енелеріне, қайнағалары мен абысындарына ерекше ілтипатпен, кішіпейілдікпен сыпайы түрде иіліп сәлем берген. Ал үлкендер жағы болса, “Айналайын, жамандық көрме!”, “Үбірлі-шүбірлі бол!”, “Көп жаса, балам!” деп жылы лебіздерін білдіріп, баталарын берген. Ал қыздар мен жігіттер болса жылы шыраймен ымдасып күлімдескен, кей кезде ақырын үнмен “Сәлем” деп амандасса, қыз-келіншектер бір-бірімен көріскенде құшақтасу әдебінің шегінен шықпаған. Ал бүгінгі қоғамда, біз, қалай амандасып жүрміз?

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен “Ассалаумағалейкүм!” деп бірен-саран ақсақалдарымыз амандаспаса, кейінгі уақытта тіпті оны естуден қалғандаймыз. Қырық-елуді алқымдаған кейбір ағаларымыз “Қал жағдайың қалай? Жұмысың орынша ма?” деп саулық сұрасып жатса, жастар жағы “Қалай жағдай?” деп қол берісіп, шапалақты шарт еткізулері әдептілік емес. Қол берісу кезінде бір-бірінің қолын қысып, оны ауырту да әдетке айналып кеткен. Қазір жас жігіттердің үлкен адамдарға бір қолын ұсынуы да көңілге кір келтіретіні рас.

Бұл осы ма, жастар шетелдің киноларын көріп, соған еліктеушіліктен бе, әйтеуір бір-бірімізбен “Привет” деп бетімізден сүюді шығардық, қыздар болса тіпті еріндерінен сүйіп амандасатын кейіпке жетті.

Сондай-ақ, мектептегі оқушылар немесе университет студенттері сабақтан нашар баға алып қалса, әлгі пәнді оқытатын мұғаліммен амандаспай, оны өтірік көрмегенситіндер де кездесіп жатады. Соңғы уақытта бір-бірін жек көретін адамдар амандаспай жүре беретін болып кетті. Бір-бірімізден амандық сұрап, сыпайы сөйлеуден қалып бара жатқандаймыз. Ал бұл біздің халқымыздың әдебіне жат қылықтардың бірі.

Мұндай тұрпайы жайттар қазағымның данагөй қариялары мен ес білген азаматтарына, намысты қолдан бермес жігіттері мен ибалы қыздарына жараспай-ақ тұр. Дамыған елу елдің қатарына қосылып, жаһандану көшіне ілесеміз деп жүрген де салт-дәстүрімізден ада болып қалмайық, ағайын! Келешегімізді бүгіннен бастап ойланайық! Болашақ жастардың қолында, өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің тәрбие бесігі – отбасы мен мектеп. Ендеше, оларды ата-аналары әдепті етіп тәрбиелеп, ұстаздар қауымы әдептілік жайында арнайы сабақтар жүргізіп, пайдалы мағлұмат беруден тайынбасын дегім келеді. Аманшылық амандасудан басталады, одан жаңылуға да, жалығуға да хақымыз жоқ!

Ал бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, құрметті оқырман.

Сымбат РАМАЗАНОВ

Өскемен қаласы

Бұл жөнінде жастар не дейді?

Бекзат Қапанов

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті:

Мен өзімнің достарыммен  «Қалайсың?», «Қалың қалай?» деп амандасамын. Бұрындары «Ассалаумағалеикум» деп, төс қағыстыра отырып амандасқан ғой, ал қазір енді заманына сай адамы ма әйтеуір күнделікті «Привет» деген сөздер әдетке айналдырып алдық. Қыздармен амандасқанда жақсы араласатын бойжеткеннің бетінен сүйіп, ал қалғандарына жай ғана «Привет» деп сәлемдесіп жатамын.

Жалпы біздің қоғамда олай амандаспа, былай амандасу керек деген қағида немесе заң жоқ, Сондықтан да, әр адам өзі біледі деп есептеймін.

 Индира Оңғарбаева

ШҚАУ «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенті:

Мен жастар ортасында көп жүргендіктен көп жағдай да «Hi», «Hello» деп амандасып жатамын. Бұл жаңа заманға сай үрдіс деп ойлаймын. Ал өзімнен жасы үлкен адамдармен міндетті түрде «Сәлеметсіз бе?» деп амандық сұрасамын.

Қазір көңілім толмайтыны көптеген қыз балалар мен жігіттердің бір-бірімен бетінен сүйіп амандасуы. Ол мәдениетсіздік деп ойлаймын. Меніңше біз өзіміздің ата бабамыздан келе жатқан «Ассалаумағалейкүм» деп амандасқанымыз жөн деп есептеймін. Алла соған жеткізсін.

 Жадыра Мейірбаева

Университеттің биылғы жылғы түлегі:

 

Мен өзімнің жақын құрбыларыммен, жора-жолдастарыммен «Сәлем» деп жымия күліп, бетінен сүйемін. Менің ойымша қыз бен жігіттің бетінен сүйіп амандасқанында ешқандай дөрекілік көрмеймін. Алайда оны аға буын өкілдері жат қылық деп есептейді. Мен онымен  келіспеймін. Қазіргі заман солай болып  кетті   ғой.

Қазіргі жастардың амандасу мәдениетін бес балдық  жүйемен есептегенде   толық  төрт деген баға берер едім. Ал жігіттер жағы өзінен үлкен адамдарға «Ассалаумағалейкүм» деп аман-саулық сұрасқандары жөн деп есептеймін. Ал өз ара олар «Қалайсың?» деп қол берісіп амандасып жатады.

   Құмар Зиятхан

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «журналистика» мамандығының 3-курс студенті:

 Ер азаматтармен амандасқанда жастар дос, жолдас, үлкендерді сыйлап амандасамыз. «Асса-лаумағалейкум!» деген сөз «Алланың нұры жаусын» деген мағынаны білдіреді екен.  Ал «Уағалейкум-ассалам!» деп жауап қайыру өзіңе де  “Алланың нұры жаусын” деген мағынаны білдіреді. Қазір біздің «қалың қалай деген сөз?» науқас адамның қалын  сұрағандай әсер қалдырады. Қазақ қыздарының беттерінен сүйіп амандасуы батысқа еліктеушіліктен туған. Өз басым оны құптамаймын. Амандасу салтын өзгерту үшін әрқайсымыз өзімізден бастаған жөн болар.

Парақшамызға жазылыңыз

16 Comments

  1. Бүгінгі күні амандасудың түрі көбейіп кетті ғой. Жастар арасындағы “салем”,”приветтен” басталатын амандасу сүйісумен аяқталады. Қазіргі күні қыз қыздың ернін сүйіп амандасатынды да көзіміз шалып жүр. НЕ деген МАСҚАРАЛЫҚ!

    • Болмайтын тақырып көтереді екенсің! Жалған патриотизм! Ұраншылдық. Өзің ешкіммен сүйісіп амандасқан емеспін деп ант-су іше аласың ба, қарағым?

  2. Иа,аманшылық амандасудан басталады. Қазақ, қазақ болғалы бір-бірімен “Ассалаумағалейкум” деп амандасушы еді. Алайда бүгінгі қоғамда оның бір туысқаны шықты. Ол “Салламалейкум”. Бір-бірімен көріпсіп қалған асіресе қазақ жігіттері “Салламалейкум Братан” дейді. Қарап,естіп тұрып ойланасың, ендігі амандасудың дәрежесі осыған жеткен бе, еді -деп.

  3. Амандасу рәсімін қай заманда болмасын тек ұлттық тұрғыдан қарастыру керек сияқты. Қазақта амандасудың өзіндік келбеті жоқ деп кім айтты? Біздің де кәрістердікі, жапондардікі, түріктердікі секілді амандасу рәсіміміз болған. Біздің де қыздарымыздың тұла бойы инабаттылық пен биязылыққа тұнып тұрған. Біздің де жігіттеріміз ақасақалдармен амандасқанда “Ассаламағалейкум” деп амандасқан. Тек соны білмейтін, сонымен санаспайтын өзіміз кінәліміз. Өз тарихымыз бен ата дәстүрімізді құрметтей алмаған, құрметтегісі келмейтін де өзіміз. Бұл жайлы ойланудың өзі жүректі шымырлатады. Кімнің кінәлі екені де айдан анық…

  4. Жалпы қол беріп амандасу, амандасудың ең жабайы түрі. Бұл дұрыс емес, бұл жұқпалы дерт, “қазақ бұрын қол беріп амандасқан дегенді қай білгіш шығарып жүр, ата-бабаң қол беріп амандаспаған! Ер адам оң қолын жүрек тұсына қойып сәлем берсе, әйелдер иіліп, тізе бүгіп сәлем берген….”. Айлап, жылдап көріспеген жақын-туыс адамдармен төс қағыстырып, құшақтасып амандасу жөн. Қазақша, күнделікті қалай амандасу керек?:
    1. Жасы үлкен адамға, жасы кіші ер адамдар: Армысыз, ата! Армысыз, аға! Армысыз! (“Қыз жібек ” фильмін қара); Әйелдер (жасы кіші) сәлеметсіз бе?
    2. Жасы үлкен әйелдерге, жасы кішілер: Армысыз, әже? Армысыз, апа? Амансыз ба?
    3. Тұстастар: Амансың? Амансың ба? Саламатсың ба? Сәлем!
    4. Жасы кішіге: Амансың ба, шырағым? Амансың ба, айналайын?
    Сөз анасы – аман!
    Негізі осы төрт қалыпты ұстансаңдар, тым жаман болмайсыңдар!

  5. Осы “ассалаумаликум”-ды өзім айтқан емеспін, ол арабтардың амандасуы! Армысыз немесе аманбысыз, есенбісіз – деген бүкіл түркі халықтарына тән көне амандасу түрі. Бурылалтайдың қол ала жүгірмеу дегені өте дұрыс айтылған! Күнде көріп жүрген адамдар бас изесе болғаны. Әсіресе, қазақта әйел заты “ассалау” деп ешқашан айтпаған!

  6. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендер толық иман келтірмейінше – жәннатқа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша – толық иманға келмейсіңдер. Өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыруға септігі тиетін нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер, араларыңда сәлемдесуді жайыңдар!»– дей-ді.

  7. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сәләм – Аллаһ тағаланың көркем есімдерінің
    бірі. Сәлем беруші, сәлем алушының есіне сәлемді салғаны үшін бір дәреже артық сауапқа ие болады. Байқаусызда біреу сәлеміңді алмаса, әрбір сенің сәлеміңді одан гөрі жақсырақ, абзалырақ періштелер алады» деген.

  8. ol windikko kazirgi kizdar suisip jured al uldar salam bro deidi bro degen ne soz? brother bolsa go agilwinwa , meili aitti deik ol bir agilwin emes ko ? kazak kazak aldinda kazakwa soilesu kerek, eger ol oris bolsa kazakwa juap kaitaru krek sebebi ol kazak jeri sol sebepti ol kazakwa jauap kaitaru karek

  9. өтініш достар маған 6қиынды туралы айтып беріндерші

  10. 5 жақын кімдер, амандасу түрлері қандай, төрт қымбат не, жауап жазындаршы кутем

  11. Салам братан, қалайсың? Бас аурып тұр ма? Бірдеңе бар ма? Менде 50 елу теңге бар? Кеттік, арақ ішіп, бас жазайық! Чё- то бас аурып тұр!!! Ақша жоқ болғанда осылай амандасамыз!!
    Ал, ақша болғанда::: Кеттік братан, менде 500 бес жүз теңге бар анаша сатып алайық,- деп қуанып құшақтасып сүйісіп қаламыз. Қазіргі Астананың нормальный қазақтары осылай амандасады!
    Солай братандар мен чувихалар әкеңнің аузын сіг……..ін
    Қалган чёрттар мен ёжиктер калай амандасатынын білмеймін и білгімде келмейді Жыным келеді сондай отстой қазақтарға Никогда ақшалары болмайды чтобы оторваться с девочками вдовль.

    • Атыңды неге Өтебай қойғанына таңым бар. Жалпы санаң ақылға бай болмаса да, аузың боқтыққа, ойың жоқтыққа бай екен. Сен сияқты қазақтардың кесірінен ата қазақ атына кір келеді. “Ел болам десең – бесігіңді түзе!” деген қазақ. Ал сенің бесіктен белің шықпай жатып айтып отырғаның мынау. Өкінішті! Дегенмен, мүмкін әлі де ойланарсың. Осыдан 5-10 жылдан кейін мүмкін басқаша сөйлерсің, яғни ойлау деңгейің жақсарар деп үміттенемін. Сол себепті “Маңдайың ашық болсын! Болашағың жарқын болсын!” деген тілек тілеймін.

  12. Ақыл айтқыштар көбейіп кеткен, Өтебай әзілдеген шығар, ал мен мына нәрсені айтқым келіп тұр. Біз қазақпыз, мусылман деген ассалаумағалейкум дейді деп айтасыздар, ал қазақ екендеріңді ұмытып барасыңдар, неге таза қазақша сөйлемеске, мысалы Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер! Амансыңба бауырым! неге осылай сәлемдеспейміз, орысшадан құтылып арабтарға құл боламыз ба енді хиджап кигізіп қазақ қыздарға, келте балақ киіп ассалаумағалейкум деп!

    • Бир адамға смс жазайын дегем, аркашан киналамын амандасуда, ассалаумагалейкум деуге конилим бармайды әсересе араб тилинен келгенин билгенсин, ен қарапайым кунделикти колданатын соз биреуден алынуы мумкин емес, соны интернеттен издеп жатып осында кирдим, Амансын ба деп жазамын енди)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар