Желтоқсанның 16-сы Тәуелсіздік күні

775 рет қаралды
4

Тәңір сынағы

(Тәуелсіздік және Хан Кене) kerey janibek

Ойлауды өзің жайлы тоқыратқан,

Табылған өтті заман оқыра аттан.

Көк көрем,

Жусан көрем,

Қырық жылдай,

Бабамның қаны сіңген топырақтан.

Күйі де көмейдегі күйретіліп,

Мәз болып күнелткенге сүйретіліп.

Қой тысты,

Қоян мінез,

Жұмыр тұяқ

Жетекке жүре берген үйретіліп.

Қаламай мишығының күйі емдеуді,

әлі де жан жүрегі кісендеулі.

Үрлеуге өзі ұмтылып жанған шамын,

Қақсайды қызыл отқа түсем деуді.

Кеуделі

керілгенде тақтан үстем,

шалғаннан,

әсіресе, сақтан іштен.

Құл – сана қолын сілтеп елдігіме,

Күңдігін шалқытады мақтанышпен.

Мәңгүртке

Бодансың де,

Дербессің де,

Бәрібір

Басылса да жер көшкінге.

–Түсті,– деп, Тәелсіздік көктен өзі,

Көкке ұлып күңіренер келмес күнге.

Таптықты туасынан талқылаған,

Тірінің үйлесімсіз нарқы маған.

Елдікке әлімсақтан белгілі жай,

Қауіпті,

Рухы әлсіз салқын адам.

Тектінің Тәуелсіздік басты арманы,

Белгілі қай заманнан басталғаны.

Өтірік,

Құйдай лақап,

Азаттығым–

Аспаннан,

Шаңырақтан тасталғаны.

Бітсе де, маңдайға бақ, тағдайға шыр,

Ашына айтарым бар маңайға сыр.

Жолында Тәуелсіздік

Бабаларым,

Жан беріп,

Жан алысқан талай ғасыр.

Ой кенін суырайын, бұрғылайын,

Қан кешкен зар заманға бұрылайын.

Олжа ма,

Тәуелсіздік

Оңай келген?

Куәгер аспандағы бурыл айым!

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Жолында Тәуелсіздік
    Бабаларым,
    Жан беріп,
    Жан алысқан талай ғасыр…
    Дәл осы тұсқа үніліп қараған жан бар ма екен??? Қынжыласың, қайран қазағым…Талай рет азаттық жолында өз туыңды жерге сүйреттің. Шүкір, көк аспанда көк туымыз қазір еркін желбіреп тұр. Бірақ, оның қандай жолмен келгені неге әлі күнге дейін үнсіз күй кешуде? Неге? Деміміз іште бұғулы күйде үнсіз ғана жұтынамыз…

  2. Біздің осылай тайрандап жүргеніміз талай қазақтың қанымен келгенің , ешқандай ұрпақ естен шығармауы керек. Бұл біздің басты міндетіміз! Бүгінде Алматының қай көшесін алсаңызда бәрі жаңа-жылғы шыршалармен түрлі өрнектермен безендіріліп тастаған.Жарайды, жаңа-жылды тойласын, оған дауымыз жоқ. Алайда сол жаңа күнге жеткізген, жаңа тәуелсіз таңды атыруға себепкер болған, қаншама жанның өмірі қиылған 16-шы желтоқсанды қалай ғана ұмытпақсыз?!

  3. Қазір біз тәуелсіз,байтақ елде өмір сүріп жатырмыз.Осының бәрі кімнің арқасында екенін Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр азамат біу міндетті.Міне 2 аптадан кейін біз Жаңа-жыл тоилаимыз.Осындаи баитақ жаңа жылды 19 жыл боиы тойлап келеміз алайда осының бәрі кімнің арқасында екенің естен шығармау керекпіз……

  4. Міне санаулы күндерден кейін тәуелсіздік алған күнде келіп жетеді! Тәуелсіздігімізді алып еркін дербес ел болдық! Құдайға шүкір, көк туымыз желбіреп, ән ұранымыз шырқалып, ел таңбамыз төрімізде ілу тұр! Халқымыз еркін ұйықтап таңын қорқынышсыз қарсы алғаны біз үшін бақыт! дегенменде осы бақытқа жету үшін қаншама аға апаларымыздың қаны төгілген! сондықтан тәуелсіздігімізді тойлай отырып, осы күнге қалай жеткенімізді ойланып жүрейік!!!!!!!!!!!!!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар