Алматы қаласының Төлеби және Прокофьев көшелерінің және Сәтбаев пен Достық көшелерінің қиылысында «Алматы әрдайым менімен бірге, Алма-Ата всегда со мной» деген жазумен ерекшеленген екі билборд тұр. Шамасы телефонның жарнамасы болуы керек. Біздің назарымызды бірден аударғаны «Алма-Ата» жазуы болды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын нақтырақ ай тсақ, 2004 жылдың 18-қазанында Алматы қалалық, Медеу аудандық соты белгілі журналист Мақсұт Оразайдың «Аргументы и факты. Казахстан» газетіне қарсы жазған шағымын қанағаттандырып, «Алматы» атауын орысша «Алма-Ата» деп жазғандарға қатаң ескерту жасаған еді.
Медеу аудандық сотының судьясы Қ. Сырлыбаев сонда «Алма-Ата атауы енді жоқ» деп кесіп айтқан болатын. «Алма-Ата» деген топонимикалық атау 2004 жылдан бері емес, 1993 жылдан жоқ. Өйткені, 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылдың 15-інші қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының астанасы» туралы Жарлығында Алматы қаласының атауы орыс, қазақ тілдерінде «Алматы» деп жазылсын делінеді.
Тарихи деректерді ақтарсақ, «Алма-Ата» атауы 1921 жылдан пайда болған. Сол жылы 5-ақпанда Ташкенттен Түркістан АССР-ының Орталық атқару комитетінің президиум жиналысына жиналған орыстілді партия қызметкерлері Верный атауын бірден «Алма-Ата» деп атау жайлы шешім қабылдайды. Түркістан Орталық атқару комитетінің Президиум жиналысындва қабылданған резолюция бойынша, Верный қаласының жаңа атауы – Алма-Ата болып қабылданады. Түркістан орталық атқару комитетінің Облыстық ревком мүшесі А. Лепа: «Верный қаласын қала орналасқан елді мекеннің атауымен «Алма-Ата» деп өзгертіп, Жетісу үшін тарихи атауын қайтару керек» деген екен.
Әрине, большевиктер Ресей империясының күшпен танған атауы – Верныйды өзгерту арқылы, тарихи атауын қайтаруға күш салғаны көңіл қуантады. Бірақ, ғасырлар бойы аталып келген Алматы емес, Алма-ата болуы қалай? Осы тарихи жиынға қатысқан қазақ большевиктер Жандосов, Атабаев, Бәрібаев, Асфендияров, Сыдықов т.б. қаланың тарихи атауы – Алматыны қайтару туралы мәселе көтереді. Алайда, Ташкенттен келген орыс большевиктер – Бурнашев, Лепа, Позднышев, Субботин, т.б. ол ұсынысты қабылдамады.
Совет одағы кезінде 1941-1993 жылға дейін қазақ тілінде Алматы, орыс тілінде Алма-Ата атауы қатар қолданылып келді. Содан болар, күні бүгінге дейін Алматы сөзінің орысшасы «Алма-Ата» деген жалған түсінік қалыптасып келді. Негізінде бұл екеуі де қазақтың екі түрлі мағына беретін атауы екендігін лингвистер дәлелдеуде.
Қазақстанда «Алма-Ата» атауын пайдаланатын кейбір орыстілді әріптестеріміз Ресей Ұлттық академиясы мен Ресей Федерациясы Президент әкімшілігінің 1995 жылдың 17-ші тамызындағы №1495 Өкімімен орыс тілінде «Алма-Ата» деп жазу туралы құжатты көлденең тартып келеді. Алайда, Ресей Федеральдық үкіметі контрагент, яғни қарсы жақ, Қазақстан тарапы оны қалай жазуды талап етсе, солай жазуға болады деген де шешім қабылдаған.
Ендеше, Алматының төрінде, орталық көшелерде ескіні еске түсіруді көздеген немесе мойнындағы қамытын аңсаған бұл билбордтар неге тұр? Оның көздегені не? Бұған біздің ақылымыз жетпеді?
Е. Байнұр.
Парақшамызға жазылыңыз
Осындай сорақылықтарды жасап отырғандарды, орысшадан жолма-жол аударғандардың бәрін қосып, сол билбордтарды шығарғандарды да қоса жауапқа тартып, айып салып, ол туралы БАҚ-да айтып шәт-шәлекейін шығару керек. Сонда ғана ойланып барып жасайтын болады. Ең бастысы осындай жауапкершілікті жүктейтін мекеменің (егер ол бар болса) жауапсыздығы, немқұрайлылығы, орыс тілділерге “әй, әкем, олай емес” деп айта алатын қазақ тілділердің жамандығынан болып осындай күй кешудеміз. Қай телебағдарлама екені есімде жоқ, бір каналда “тіл полициясы” қазақ тілін жолға қойып жүр ғой! Есесіне соларды жарнамалап, сол мекеменің координаттарын жазған билбордтарды қаптатып қойса! Әркім осындайларды тауып хабар беріп тұрса екен! Мінберліктерге көп рахмет!
Осы сияқты қателіктерден тыс орыс тілінен жолма-жол “Алматы әрдайым менімен бірге” деп аударудан өткен сорақылық бар ма! Қазақша баламасы сәл бас қатырса табылар еді, мүлдем басқаша болар еді. М: “Алматы әрдайым қасымда” т.б. Ең әуелі ой қазақша болып, сосын орысшаға аударылатын заман болар ма екен!
Биздин казах тилинин зан шагарушылары казах тили окулыктарына мынадай озгерс киргизсе деймин.Жалпы есим мен жалкы есим емелесине байланысты…Бул жерде жалкы есимдер ешкашан аударылмайды жане озге тилде бурмаланбай озинин калпын сактап жазылады деген косымша киргизу кажет…
Орыс империалистері әр кез қазақтың көзін жоюуды ғана мақсат тұтқаны әлімсақтан белгілі. Бірақ қаның қайнайтыны өз қандастарымыз солардың ығында кеткенінде. Біреудің жоғын, біреу ысқырып жүріп іздейді дегенді де атам қазақ айтқан. Жалғыз ұлттық арнамыз Қазазстан қасиетті құрдастарды құрбақаға айналдырды, шұбарламаса іші ауыра ма, не таза орысша не таза қазақша емес, масқара ғой. Уалиханды Валихан, Жамбылды Джамбул қылған да өзіміз. Орыстың Иванын Ібән деші қолыңда өлсін? Солай!
Меніңше, Алма-ата деген атуы жақсы сияқты. Біз неге осы, қалаларымызға қазақтың мемлекетінің негізін қалаған хандардың есімімен атамаймыз?!
Мен айтылып жаткан пыкырлердын барыне косыламын,расында кейде Алматыда турлы бильбордтар турады.Мен озым Рессейде турам бырак еш быр каладан орысша сойлеп уиренейык деген жазу кезыктырмедым.Ал Алматыда “Быз казакша сойлеп уиренемыз”деген жазулар тайга танба баскандай турады,сонда ол жазу казактарга ма,алде баска улттарга ма?Негызы Алматы деген созге келетын болсак Алматы деген дурыс кой,Алма-Ата десе орысшага бейымделып кететын сиякты,Барыненде атакты хандардын атымен атаса калаларды кандай кушты болушы еды.
мақала өте дұрыс мәселені көтерген. бұл жерде тағы да қазақ заңы орындалмай отыр. Алматы қалалыұқ тіл басқармасы ай қарап отыр ма әлде жұлдыз санап жүр ме? осындай сорақылықт ы неге көрмейді. Ресейде не десе о десін мынау қазақ елінде атауларды дұрыс атау керек. мына мақаланы Алматы қаласының әкімінің сайтына қою керек. сонда нәтиже шығады.
Әкімнің және менің көзқарасыма сәйкес, қала атының Алма-Ата болғаны “әдемі жазылады, әдемі тасымалданады және жақсы естіледі. Конституцияны жазғанда оны дайындағандар ешкімнен сұрамай қазақша да, орысша да қаланың атын «Алматы» деп жіберген», – депті әкімнің орынбасары өз сөзінде” . Бұл қазаққа қол шығару деген сөз.