Әлихан Бөкейхан. 145 жыл

929 рет қаралды
2

images

“Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек”.

5-наурыз күні қазақтың біртуар азаматы, Алаш қайраткері, азат ойлау тарихының негізін салушылардың бірі Әлихан Бөкейханның туған күні. Елдік пен тұтастықтың негізін салушы қайраткердің өмірге келгеніне 145 жылдың жүзі болды. Арғы атасы Қазақ хандығының негізін салушы Әз-Жәнібектен тарайтын Ә.Бөкейхан ХХ ғасырдағы елінің елдігі мен тәуелсіздігі, жері мен ұлтының тұтастығын сақтап қалу жолында саналы ғұмырын күреспен, қуғын-сүргінмен өткізген.

1917 жылғы 21, 26 шілде күндері Орынборда ашылған бірінші Жалпықазақ съезінде қабылданған қаулыдағы жер мәселесіне қатысты айтқандарын ұсынып отырмыз.

«Жер мәселесі:

qazaq1. Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін.

2. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынадай учаскелер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын: «Дворянский скотоводческий промышленный, курортный, монастрьский переселен орнықпағандар, отрубтар, оброщный статьялар, жай адамдарға показательная поля» деп берген, бірақ расында жоқ нәрселер һам гарнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін, яки саны азайғаннан кейін босаған жерлер.

  1. Бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын.

4. Переселен орныққан учаскелерде олқы бос тұрған сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын.

5. Қазақтан алынған қыстаулар, егер қожалары әлі көшпеген болса, қазақтың өзінде қалсын. Келген мұжықтарға, қайтадан бөліс қылып, өзге учаскелерден жер әперілсін.

6. Айырықша қазына мүлкінде деген тоғайлардағы қазақ шабындығы өзіне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының белгейінде жайылуға рұқсат болсын.

7. Бүкіл мемлекетте дақылы болмаған айырықша қазына ағаштары земство қарауына берілсін.

8. Жер қақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын.

9. Жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісу еркі учредительное собраниеде қазақ депутаттарына берілсін.

10. Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ обылыстарына мал бағу һам егін салу үшін лайықтаған норма алынсын, әр жердің ретіне қарай.

11. Бөкейлік қазақтар басқа көрші қазақ обылыстарына лайықталған норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын.

qazaq112. Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті сауда берілсін.

13. Қазақ халқы жерді ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып) яғни земельная община болсын. (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, әркімнің жер еншісі бөлек болсын деді).

14. Земельная община яғни ортақ жердің ауданы, мүмкін қадір кішкене болсын, мұны шамалау жергілікті жер мекемелері(землеустроительное учреждение) еркінде болсын.»

Осы жолғы Жалпылқазақтық І құрылтайында «Алаштың ұлттық идеясы» бес түрлі тұжырымға негізделді.

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.

Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді» дейді жазушы, тарихшы Т.Жұртбай.

Дайындаған Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Өте тамаш екен. Мейіржан інім, қаламың қарымды бола берсін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар