Интернет қолданушы жадына

739 рет қаралды

Егер төмендегі ережелерді қабылдайтын болса, веб-сайттар Интернеттке деген сенімділіктің қалыптасуына септесетініне сенеміз:

Par6122251

Идентификация:

• Веб-сайттар өздерінің тұрғылықты орналасқан жерін, адресін, телефон нөмірін және электронды поштасын нақты көрсетуі керек.
• Жеке меншік және үкіметтік веб-сайттар өздерінің қожайындары хабарлар, тиесілі компанияның атын жариялауы керек.
• Веб-сайттар өздерінің мақсаттары мен ұстанып отырған бағыттарын анық көрсетуі керек.

Жарнама мен демеушілер:

• Веб-сайттар жарнама мен ақпаратты оңай ажырататындай белгілер немесе басқа да визуалды құралдар қолдануы қажет. Бұған «ішкі» жарнама мен өзге компаниялармен әріптестік туралы келісімдер де жатады. Іздеу тораптары, сатып алуды ұсынатын сервистер мен порталдар нәтижені ұсынған кезде қайсысы ақылы жарнама екенін көрсетуі керек. Тұтынушылар шынайы іздеудің нәтижесі қайсы, ал қайсысы төленген жарнама екенін білуі тиіс.
• Веб-сайттар демеушілер ақысын төлеген сайттардың сілтемелерімен өздерінің іскерлік қарым-қатынастарын ашық жариялауы керек. Мысалы, әлдебір сайтқа кітап сатып алу үшін сілтейтін веб-сайт осы сайтпен арасындағы қаржылық қатынастарын ашық көрсетуі тиіс.
• Веб-сайттар өздерінің демеушілерін көрсетуі тиіс. Әр сайттың демеушілік туралы саясаты арнайы жазбада немесе «Біз туралы» деген бөлімде көрсетілуі керек.

Клиенттермен жұмыс:

• Тұтынушылармен коммерциялық келісім-шарттар түзумен айналысатын веб-сайттар өзге сайттармен арадағы қаржылық қарым-қатынастарын ашық көрсетуі керек. Әсіресе бұл тұтынушыларға ұсынатын тауарлар мен қызметтердің бағасына әсер ететін болса, міндетті түрде ескертіп хабарлауы керек.
• Веб-сайттар қызмет көрсеткені үшін, қаржылық операциялар мен тапсырысты орындағаны үшін, сонымен қатар тауарды жеткізу үшін алынатын алым-салықтың барлық түрлерін нақты көрсетуі керек. Бұл мәліметтердің барлығы тауарды сатып алу рәсімделмей тұрып хабарлануы тиіс.
• Веб-сайттар тауарды кері қайтару, жою немесе брондау ережелерін оның орындалуын анық көрсетуі керек.

Түзетулер:

• Веб-сайттар қате, жалған немесе жаңылыстыратын мәліметтердің барлығын түзетуге ұмтылуы керек.
• Веб-сайттар түзетілген немесе қате мәлімет туралы түсінік беріліп отырған бетті немесе сайттың бөлімін ерекшелеп көрсетуі керек.
• Егер жарияланған күннің көрсетілмеуі оқырманды жаңылыстыратын болса, веб-сайттар жарияланған мәліметтің күнін көрсетіп отыруы керек.
• Сайттағы қате мәлімет негізінде сатып алынған жағдайда тұтынушының қандай құқықтары болатынын веб-сайт көрсетуі тиіс.

Жеке өмірге қол сұқпау:

• Адамның жеке өміріне қол сұғылмайтынына қатысты мәліметтер сайттың көрнекті жерінде қарапайым да түсінікті тілмен жазылып, жариялануы керек.
• Сайтты көрушілер мен оның клиенттерінің идентификациялық мәліметтері қалай қолданылатынын веб-сайттар нақты көрсетуі тиіс. Идентификациялық мәліметтерге адамның аты-жөні, адресі, телефон және кредит карточкасының нөмірі жатады.
• Веб-сайттар браузердің ішіне кіріктірілген қадағалауға арналған «кукис» немесе баг, робот, веб-маяк технологияларын қолданатынын немесе қолданбайтынын хабарлауы керек.
• Веб-сайттар жинақталған мәліметтер қандай мақсатта, қалай қолданылатынын түсіндіруі керек.
• Веб-сайт жеке өмірге қол сұқпауға қатысты ережелерге өзгерістер енген жағдайда клиенттеріне хабарлап, сайты бұдан былай сайт қызметін қолданғысы келмейтіндерге ауыр тимейтіндей балама ұсыныстардың мүмкіндігін ұсынуы керек.

Тұтынушылар құқығын қорғайтын американың танымал ұйымы
интернетті қолдануға қатысты ережелерінен
«Concumer Union Web-watch» © 2006 «Concumer Union of US, inc.»

“Media Emerging” басылымы бойынша әзірлеген Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар