Бүгін Ақысыз оқу ұсынатын 10 шетел университеті деген мақаланы оқып едім. Соның еркін аудармасын сіздерге ұсынып отырмын.
Шетелде оқу арзан емес. Сонымен бірге шетел студенттері сол елдің студенттеріне қарағанда оқу ақысын да көбірек төлейді. Соған қарамастан кейбір университеттерде ақысыз оқуға болатын мүмкіндіктер бар. Әрине студент тұратын орны, тамағы , оқулықтары, жол жүру бағасы сияқтыларды өз тарапынан төлеуі керек.
Сонымен, ақысыз оқуға болатын 10 шетел университеті:
1. Norwegian University of Science and Technology – норвегияның Trondheim қаласында орналасқан. Шетел студенттеріне отыздан аса магистрлық бағдарламаларды ағылшын тілінде ұсынады. Ал норвеж тілін білетіндер екі жүзден аса бакалавр және магистр бағдарламаларынан таңдау жасай алады. Өзінің атауына қарамастан университет техникалық бағытпен қатар, гуманитарлық, өнер саласындағы (музыка, театр, би) бағдарламаларды да ұсынады. Университетте оқу ақысыз болса да, оқу визасын алу үшін сізде Норсегияда бір жыл тұру үшін қажет қаржыңыз (85000 норвеж кроны (шамамен $15000)) барын көрсететін құжатыңыз болуы керек.
2. Åbo Akademi University — Финляндияның Åbo қаласында орналасқан. Университетте бірнеше ағылшын тілді магистр бағдарламалары (химиялық инженерия, электронды және мобильді коммерция, компьютерлік жүйелер, халықаралық құқық, биомедицина, компьютерлік инженерия және компьютернлік ғылмдар) қарастырылған. Бакалавр және басқа да магистерлік бағдарламалар да ұсынылғанымен, олар тек қана швед тілінде жүргізіледі. Жыл сайын студенттер «student union fee» төлеуі керек, ол жылына 100 евроны құрайды.
3. Фин Өнер Академиясы (Finnish Academy of Fine Arts) – Хельсинкиде орналасқан. Білім негізінен фин тілінде берілгенімен, кейбір сабақтар ағылшын тілінде де жүреді. Академия студенттері семестр сайын студент жарнасын төлеулері керек, ол 75 евроны құрайды, оның ішіне медициналық сақтандыру кіреді.
4. Universität Rostock — Еуропаның ең үлкен университеттерінің бірі (негізі 1419 жылы қаланған). Университет өзінің барлық студенттеріне ақысыз білімді ұсынады. Бұл университетте оқу үшін неміс тілін білу басты шарт болып табылады.
Жалғасы бар.
Дайындаған Бақытгүл Салыхова baqytgul@gmail.com
Парақшамызға жазылыңыз
Өте құнды мәліметтерді ұсынған екенсіз. Рахмет.
[…] Жалғасы. Басы мына жерде […]
Пайдасы тиер деп сенемін
Мәліметтериниз расында да өте құнды екен. Бұнын көпке пайдасы тиері анық.
Рақмет
Осыны окып катты оиланып калдым!!! Сонда ??? жылына туру ушин канша каражат кажет?????
Калган универлер туралы малимет жоқ па?Корея немесе Туркияда бундай университеттер жоқ па?