Елімізде қазақ тілді БАҚ контентіне зерттеу жүргізу жобасы басталды

1193 рет қаралды
5

«Мінбер» журналисттерді қолдау орталығы» Қоғамдық қоры  MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен бірлесе отырып, ауқымды жобаны – «Отандық қазақ тілді масс-медиа контентіне зерттеу жүргізуді жүзеге асыратындығын» хабарлайды.

Зерттеудің мақсаты қазақ тілді масс-медиа контентін сараптапу және оны жақсартудың мүмкіндіктерін анықтау.

10 ай көлемінде өтетін жоба аясында зерттеушілер республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізеді, мемлекеттік емес медиа  ұйымдарының өкілдері қазақстандық журналистер және редакторлармен сұхбат өткізеді.
.
БАҚ-тың барлық түрі – баспаша шығатын, ТВ, on-line, блоктар, мониторинг нысанына айналады.

Жоба Қазақстанның барлық географиялық бағыттарында – солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысында орналасқан  жеті қалада жүзеге асырылады.

Жоба қазақ тілді контент қалай жүзеге асатынын, оған қандай тақырыптар, ракурстар мен мессидждер тән екенін көрсетуге бағытталған. Қазақ тілді блогосфера, зерттеудің жеке секторында орын алған.

Зерттеу қазақ тілді БАҚ мәселелері мен оларды дамыту мүмкіндіктеріне қосымша назар аудартуы, орыс тілді баспасөзбен, азаматтық сектор және профильді мемлекеттік органдармен диалогты дамыта түсуі тиіс.

Зерттеу қорытындысы бойынша зерттеудің барлық сегменттері бойынша негізгі нәтижелер мен берілген аймақтар бойынша сараптамалық есеп дайындалады.

Құжат БАҚ, медиа-институттар, мемлекеттік органдар, халықаралық және қоғамдық, донорлық ұйымдар, зерттеу құрылымдары, университеттер және басқа да мекемелерге таратылады.

Жоба аяқталысымен мемлекеттік тілдегі масс-медианың толықтырылуын өзгерту/жақсарту бойынша ұзақ мерзімді жоба дайындау үшін, қазақ тілді БАҚ редакторлары, журналисттермен, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу көзделіп отыр.

Толығырақ ақпаратты «Мінбер» журналисттерді қолдау Орталығы» Қоғамдық қорының президенті Есенгүл Қапқызынан мына телефон: +7 777 705 57 99, немесе yesengul@gmail.com электронды поштасы арқылы біле аласыз.
 

Дереккөз: presskit.kz

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Өте, тамаша екен. Есенгүл апйдың, қазақ ұлттық журналистикасы үшін істеп жатқан шаруасы мол. Сәттілік тілейміз. Ардақты ұстазымызға қолдау көрсетейік ДОСТАР!

  2. Жаңа жоба көздеген мақсаттарыңызға жеткізсін!!!!!!

  3. Тамаша жоба. БАҚ контентін зерттеу, талдау және қорытынды шығарып іс-шара қолдану арқылы қазақ тілінің кеіңінен таралу мәселесі шешілсе де, оның даму және өркендеу мәселелері толық шешіледі деп ойламаймын. Неге? Себебі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің барлық салалары қазақша сөйлемегенше, қазақ тіліне даму мен өркендеуіне жол жоқ. Өздерің білетіндей бұл салалардың алды нақты ғылым. Сондықтан, аталған жобадан кейін немесе параллелді түрде өнеркәсіпте, ғылымда қазақ тілін қолдану проблематикасын да зерттеу керек. Зерттеуден алынған ақпаратты талдап, тиісті шараларды шұғыл түрде іске асыру керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар