Аударма жұмысы бұл тек қана ақша табу үшін ғана істелетін жұмыс емес, сонымен бірге оны кейде адамдар ақысыз да жасайды. Оның бір мысалы ретінде интернеттегі аударма жұмысының бір түріне назар аударайық. Ол локализация (интерфейсті, бағдарламаның құжаттарын, қосымша файлдарын бір тілден екінші тілге аудару) мәселесімен байланысты.
Инернет әлемінде өз интерфейсін қандай да бір тілге аудару мүмкіндігін беретін ресурстар аз емес. Басты мақсаты ерікті, қызығушылық танытқан қолданушылардың көмегімен аударма жасау.
Осындай дүниежүзін кең қамтыған шараларға қазақтар неге аз қатысады, тіпті қатыспайды десе де болады. Бір пікірталаста «Неге мен аударма жасауым керек, мен оны қазақша қолданбаймын ғой» , «оған ақша төлей ме?», «неге аударма жасауым керек, ол басқаның меншігі болады ғой» т.с.с толып жатқан пікірлерді естідім.
Гуглдағы қазақ тілінің деңгейін мына суретен анық көре аласыздар:
Бірақ менің айтайын дегенім гуглда, уикипедияда, уордпресте т.б. ресурстарда ҚАЗАҚ ТІЛІ болуы керек, болды, басқа ешқандай дәлелдің қажеті жоқ. Сол тек қана «болуы керек» деген ой үшін адамдар бірігіп жұмыс жасайды, өз үлесін қосады.
Ал сіз бұған не дейсіз?
Бақытгүл Салыхова baqytgul@gmail.com
Парақшамызға жазылыңыз
интернеттің не екенін білмейтін қазақтардың саны азайған кезде, интернетті қазақ тіліне аудару керек деп ойлатындардың да саны көбейеді! Ал шет елде жүріп интернеттің бар қызығын ағылшын енмесе басқа тілдерде көрген жастарға интернетте қазақ тілінің болғаны шарт емес! ал “қазақ тілі болу керек, басқа дәлелдің керегі жоқ” деген тоталитарлық, шовинистік, ұлтшылдық идеяларға ұқсас дәлел, одан да отансүйгіштік – өз еліңнің, өз жеріңнің беделін көтер, интернетте қазақ тілінің болуны көмектес ө деген ұрандар мен дйлелрдер керек деп ойлаймын!!!
“болу керек” деген сөзімнің осындай ой туғызғаны өкінішті-ақ. Менің ойымша басқа тілдерге аударма жасайтын адамдар сондай бір патриоттық сезімі болғаннан аудармаларды жасайды деп ойламаймын. Көбінесе жаңа бір ашылып жатқан дүниені көріп, біліп, қызыққаны үшін істейді, тіпті оны соңына дейін жеткізбеуі де мүмкін. Көбінесе ашық ресурстарды қолдамаудың бір себебі, адамдар ол идеяны түсінбейді, көп кезде тек қана тұтынушы болып қалғысы келеді, дайын нәрсені ғана пайдаланып, басқа біреулер оған керек нәрсені алтын табаққа салып алдына қойса екен дейді. Иә, “қазақ тілінің интернетте болуына көмектес” дегенді менсіз де көп адам айтып жүр ғой, сөзден іске көшейік дегенім ғой.
көп адам аударып өз үлесін қосқысы да келетін шығар, бірақ қалай? қайдан? кіммен? т.с.с сұрақтарға жауап таппай жүр сірә. Осы сұрақтарға детально жауап беретін мақалалар жазу керек білетіндер. Қолы тиген әр жерге. Сонда олардың (білетіндердің) саны көбейеді деп ойлаймын.
Рахмет, ойыңа қосыламын. Кейде адам бір нәрсені білсе бәрі де білетіндей көрінеді ғой 🙂 Иә, қалай аудармалар жасалатыны туралы жаза бастайын, сендер де маған көмектесесіңдер деп ойлаймын