Ислами қор бүршік жарып келеді

833 рет қаралды

Қазақстанда екінші ислам банкі жылдың екінші жартысына қарай Қаржы Нарығын Қадағалау агенттігінің арнайы рұқсатын алып, қызмет көрсету лицензиясына қол жеткізуі мүмкін. Fattah Finance компаниясы қазірдің өзінде ислами қордың жұмысын бастап, тұтынушыларға «Фаттаһ есеп-шоттары» деген өз қаржы өнімін ұсынып жатыр.

9

Қазақстанда ашылуы тиіс екінші ислам банкін Қазақстанның Даму Банкі, Малайзияның Amanah Raya және Fattah Finance атты Қазақстандық компания бірлесіп ашпақшы. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тіркелген Al-Hilal ислам банкі әзірге тек заңды тұлғалармен жұмыс істеп, жеке тұлғаларға ислами депозит өнімін ұсынумен шектеліп отыр.

Сондықтан да жаңадан ашылатын банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді басым бағыттардың бірі деп санайды. Fattah Finace өкілдері банк лицензияны алғанша тұтынушыларға ислами несие алу үшін алдын ала тіркеуден өтіп, қор ашуға кеңес беруде.

«Ниет» және «Қажылық» қорларына кез-келген салымшы ай сайын кем дегенде 15 000 теңгеден ақша аудару арқылы, оны басқарушы компанияға әрі қарай инвестициялауға ұсынады. Өз кезегенде басқарушы компания өкілдері қаржыны пайлық қорлар мен құнды қағаздарға ауыстырып, оның табысты болуын қадағалайды.

79

Салымшының ұдайы әрі уақытылы өз қорына ақша аударып отыруы, белгілеген мерзімнен соң қажетті мақсатына орай ислами несие алуға мүмкіндік береді.

«Ислами несие алушыларды тіркеу жұмысын наурыз мейрамы қарсаңында бастадық. Қазірдің өзінде 500-ден аса адам салымшы тіркелді. Салымшылар үшін мұндай өнімдер жаңа болғандықтан, аптасына үш рет арнайы тегін түсіндіру сабақтарын ұйымдастырып отырмыз» дейді Fattah Finance сауда бөлімінің жетекшісі Данияр Иланұлы.

Шариғат әдебімен жұмыс істейтін қаржылық қордың сарапшылары мұндай өнімге деген халықтың ықыласы зор, алайда көпшілік арасында ислами қаржылық ұйымдардың жұмыс істеу ерекшеліктерін түсінбегендіктен қайырымыдылық қормен шатастыратындар кездесетінін жасырмады. Болашақта ислам қаржы нарығының дамуы халық арасында өз қаржысын сауатты басқара алатын адамдардың көп болуымен байланысты.

Қазақстанда алғашқы болып шариғат жолымен жұмыс істей бастаған қор кез-келген Қазақстан азаматына өзінің болашақтағы мақсатына капитал жинауға мүмкіндік тудырды. Fattah Finance компаниясының өкілдері ислам банкін ашуға арналған лицензия да бұл орайда жұмыстың қарқынын арттыра түседі деп санайды.

Асхат Еркімбай, “Қазақстан Іскері” басылымынан

суреттер Fattah Finance сайтынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар