Түркіменстанда қазақ мәдени орталығының жетекшісі тұтқындалды

819 рет қаралды
1

photo_9507Түркіменстан астанасы Ашхабадта Түркіменстан қазақ мәдени орталығының жетекшісі Бисенқұл Бегдесенов тұтқынға алынды. Түркіменстанның ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері оның пәтеріне рұқсатсыз тінту жүргізіп, құжаттары мен компьютерін тәркіледі деп хабарлайды Гундогар.

Бегдесенов тергеу изоляторына қамалған. Оған «Алаяқтық» статьясы бойынша айып тағылып отыр.  

Бисенқұл Бегдесенов соңғы кезде қоғамдық жұмыспен белсене айналысып, семинар, тренингтер ұйымдастырып жүрген еді. Биыл Астана қаласында 25-27 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған Дүниежүзі қазақтары құрылтайына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы оны делегат етіп сайлаған болатын. Ашхабадтағы қазақ елшілігіне оны қорғау жөнінде өтініш білдірген туысқандары Бегдесеновтің қамалуына оның азаматтық белсенділігі түрткі болып отыр деп есептейді.

“minber-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Осыған қатысты орыс тілінде мақала түрікменстанның ресурсында да жариялаған екен: Туркменские спецслужбы преследуют лидера казахской диаспоры Туркменистана
    Невозможность доказательства состава преступления

    Нашему отцу инкриминируется состав мошенничества, т.е. «хищение чужого имущества или приобретение права на чужое имущество путём обмана или злоупотребления доверием». Таким образом, для доказательства состава и события преступления необходимо доказать наличие обмана либо злоупотребления доверием. Т.е. поскольку обвинения предъявляются действующему предпринимателю, необходимо доказать, что наш отец обманывал граждан Туркменистана (пообещав невозможное), завладел их имуществом – данные доказательства не имеются по сей день. По самой последней информации, МНБ инициировал проведение налоговой проверки в отношении деятельности нашего отца. Каким образом, отношения предпринимателя с государственным бюджетом могут быть использованы в качестве доказательств по составу мошенничества?

    http://www.chrono-tm.org/?id=3075

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар