Сәуір айының 26 күні Сәбет одағының Чернобыль атом электростанциясы апатына 25 жыл болды. Оның төңірегіндегі 30 шақырымдай аумақта қазірге дейін адам өмір сүре алмайды. Таяудағы Жапонияның Фукусима-1 атом электростанциясындағы апаттан жер шарында адам өмір сүре алмайтын тағы бір өңір пайды болды.
Тарих қойнауына көз жүгіртсеңіз, дүниеде АҚШ-тың Санри аралы, Чернобыль сияқты радиоактивті әсері күшті жерлерден адам өмір сүруге болмайтын өңірлер барған сайын көбейген.
Санри аралы және Чернобыльдегі жағдаймен салыстырғанда атом бомбасын сынау алаңдарының ортасы тіпті де қиын, айталық АҚШ 1945 жылы шілде айының 16 күні Жаңа Мексика штатындағы басқарылмалы бомбаны сынақ ету алаңында дүниеде тұңғыш атом бомба сынағын жасады. Ойрандау қуаты 18 тонна TNT дәрісімен қарайлас осы атом бомба сынағындағы саңырау құлақ формасындағы шаң-тозаң мен түтін 12 km биіктікке көтеріліп, жарылыс үні 320 шақырым жерге дейін жеткен. Жарылыс болған аумақта топырақ еріп ак күйдегі затқа айналған. Сынаққа жауапты ғалымның бірі Аубенхеймо: «Жан алғыш жәбірейіл болдым-ау!» деп сынақ жасалғаннан кейін өкінішін білдірген болатын. Кейін осы маң тазаланып, барлық заттар көмілген болса да, редиоактив әсері қазіргі күнге дейін сақталып қалып отыр.
Германияда АЭС-тің пайдаланғанына 60 жылдан аса уақыт болды. Ядро жарақсыз заттарын бір жақтылы ету мәселесі қазір Гарманиядағы ең өзекті проблемалардың біріне айналған. 1960 жылдан бастап АЭС қалдықтарын Асей атты орталыққа жинауда. Өз кезінде тұз кені болған осы ауданнан қазір күніне 12 мың литр радиоактивті жарақсыз су сыртқа ағылып, кен қабырғаларына сіңіп кетуде. Меже бойыша 2014 жылы кен қуысы жарақсыз суға толады. Ұзақ уақыт бойы бір араға жиналған АЭС қалдықтары маңына жақындау бұл күнде мүмкін емес. Сәбет одағы мен АҚШ-тағы сияқты апат болмағанымен, бұл күнді Германияның жер астындағы АЭС жарақсыздарының радиоактив әсері Еуропаға үлкен қатер төндіріп тұр.
Ал, Сәбет одағы атом қаруларының басты сынақ майданы болған Семей өңірінің 150 шақырым жердегі аумағы адам жасауға болмайтын өңірлердің бірі болып саналады. Қырғи қабақ соғысы кезінде Сәбет үкіметі бұл жерге 506 рет атом жарылысын жасаған, осы жүйе жұмысын тоқтатқаннан кейін АҚШ 600 миллион доллар қаржы жұмсап 85,1 шаршы шақырым жерді тазалап, түрлі қауіпсіздік жұмыстарын істеді.
Бұрынғы Сәбет одағы мен АҚШ, Жапония, Германиядағы шырғалаңдар мен трагедияларды көре отырып Қазақстанда АЭС салудың қажеті бар ма деген заңды сұрақ туындайды. АЭС-тан бас тартпаудың реті мен себебін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Дүйсенбай Тұрғанов жоғары қауіпсіздік пен сапа жағынан кепілдендірілетінін айтып отыр. Еске алар болсақ 20-25 жыл пайдаланғаннан кейін АЭС-ті қауіпсіз сақтап отыруға кететін шығын оны пайдалану барысында әкелетін пайдадан әлде қайда көп болып шығады екен.
Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ
Парақшамызға жазылыңыз
Nege katesin karamagansizdar…..Бұрынғы Сәбет bul ne degen soz…..
Енді не болыпты?!түсінікті емес пе?! Міндетті емес шығар СОВЕТ деп жазу. Сәбет деген бір түрілі жақсы естіледі екен……)))))
АЭС-тің ешқандайда қажеті жоқ.Индустрия вице -министрі АЭС-ке құмар болып жатырса өзінің тұратын жеріне салдыртсын.