«КаР-Тел» ЖШС (Beeline бренді) орысша және қазақша www.sozdik.kz/pda онлайн-сөздігінің мобильді нұқасын іске қосқандығын хабарлап, баспасөзге арнайы ақпаратын таратты.
http://sozdik.kz/pda қалта компьютерлеріне, смартфондар мен ұялы телефондармен жұмыс істеуге лайықталған. Beeline абоненттеріне сөздікке кіру тегін.
« Жыл сайын қазақстандықтардың басым көпшілігінің мемлекеттік тілге деген құрметінің артуының арқасында онлайн-сөздікке сұранысы артып келеді. Біз http://sozdik.kz/pda қазақша-орысша онлайн-сөздігінің миллиондаған қазақстандықтарға, қонақтар мен қазақ тілін үйренемін дегендерге таптырмас көмекші болатынына сеніміз мол” дейді «КаР-Тел» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Юрий Дорохов.
Осы жылы «КаР-Тел» ЖШС «Мемлекеттік тілді дамыту және қолдау» корпоративті бағдарламасын іске қосты. Сөздіктің мобильді нұсқасын енгізу – аталмыш жобаның бір бөлігі.
Қазақша-орысша және орысша-қазақша sozdik.kz онлайн сөздігі 2000 жылы іске қосылды. Қазіргі таңда сөздік қорында 60 000 нан астам мақала бар. Оның 3000-нан астамы қазақ тілінде. Виртуалды пернетақта қазақша және орысша әріптерді енгізуге мүмкіндік береді.
Компанияның баспасөзге таратқан ақпараты бойынша әзірленді
Парақшамызға жазылыңыз