/

Уикипедиядағы қазақша мақалалар саны 20 мыңнан асты

837 рет қаралды
6

Осыдан санаулы ай бұрын ғана уикипедиядағы мақалалар саны 8 мыңның маңайында еді. Соңғы мәліметтерге қарасақ, уикипедиядағы қазақ тіліндегі мәтін саны 16-сәуір күні 20 000-ға жетті.

Уикипедиядағы мақалалар санының күрт артқанымен, талдамалы статистика негізгі мақалалар саны 9 184 екенін көрсетіп тұр. Әйткенмен Уикипедиядағы тілдер рейтингінде қазақша нұсқасы 281 тілдің ішінде 76 орында тұр.

Уикипедиядағы санды өсіру үшін мақала енгізбей жай ғана тақырып бастап, соны сақтап қойса да сан ұлғаятыны бар. Бізге көрініп тұрған 20 000 соны білдіреді.

Қазақ тілінде интернетті дамыту басым мақсаттардың бірі болса, оның лайықты тұжырымдамасы да болғаны абзал.

1. Уикипедияның қазақша нұсқасын дамытуға қатысты бірнеше ұсыныстар айтылған еді. Мемлекет жекелеген тұлғаларға грант берілісін деген ұсыныстың жақсы тұстары бар. Себебі бұл интернеттің басы-қасында жүрген азаматтардың қоғамдық мәселеге араласуына әрі қоғам игілігіне лайықталған бастамаларын жүзеге асыруда қосымша қаржы іздеп қиналмас еді. Бұл орайда үкімет өз тарапынан ақша берген соң, қадағалау функциясының соңы шектеуге алып келмесе болғаны.

2. Мемлекет тарапынан бөлінген ақша қоғамдық ұйымдарға берілген соң оның жұмысы да ашық жүргізіледі. Ал осы уақытқа дейін мемлекеттің өзі тікелей жүзеге асырған интернет жобаларының күмәнді тұстары өте көп. Мәселен, үкімет тарапынан bnews.kz және kaztube.kz порталын жасау үшін 68 млн. теңге жұмсалған екен. Өкінішке қарай, бұл екі портал да көпшілік арасында аса танымал дей алмаспыз.

3. Жекелеген грант сонымен қатар ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар өз жобасын жүзеге асыра алмай жүрген білікті мамандарға компьютерлік лабараториялар немесе тегін кеңсе беру түрінде де көрініс тапса, жақсы болар еді.

Ал уикипедия тәрізді қолданушылардың өз күшімен дамитын ресурстардың сапасы артуы үшін қолданушылардың арасында ағартушылық жұмыстарды көбірек жүргізу керек сияқты.

Әзірлеген Асхат Еркімбай, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жаңа медианы зерттеу тобы

Сурет CC рұқсаты негізінде 9473541@N02 есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. …”жекелеген тұлғаларға грант берілсін деген ұсыныстың жақсы тұстары бар” деген оймен келісе алмаймын. Қазақша уикипедияны дамыту үшін грант бөлудің еш қисыны жоқ. Уикипедияның ең басты идеясы да қолданушылар өз еркімен ақысыз мақалалар жазып, мазмұнды көбейтеді, басқалардың жазғанын өңдеп, кеңейтіп, қателерін жөндеп жақсы бір деңгейге жеткізуге тырысады ғой.

  2. Бақытгүл апай, оларды көбейту үшін халық саны да лайық болу керек. Өкінішке орай, бізде қазақша сөйлеп, жазатындардың көбі интернетті түсіне бермейді. Ал түсініп, қол ұшын беріп жатқандар блог пен осындай сайттарда жүр. Өкінішке орай, бәрінде күнде отырып, википедия аударуға уақыттары бола бермейді.

  3. Мүмкін, кейбір ойыңмен келісуге болатын шығар. Бірақ істелмейтін нәрсе болса, оған сылтау табыла береді ғой 🙂 Мысалы, менің ойымша университеттердің филология, журналистика, аударма факультеттерінің мұғалімдері студенттеріне тапсырма бергенде википедия немесе т.б. ресурстарды жақсартуға бағытталған тапсырмалар берсе де болар еді. Сонда тапсырма да орындалады, контент де көбейеді 🙂 Сонымен бірге осылай адамдардың білімін жетілдіріп, ақпаратты таратып, ашық ресурстарға деген көзқарастарын да дамытуға түрткі болар ма еді.

  4. Жалқау халықпыз. Оны тағы мойындау керекпіз. Және ана тілімізді барлығымыз бірдей білмейміз. Біледі дегендердің көбі шала біледі. Қазақша мәтін жазу барлығының қолынан келе бермейді. Ал қолынан жазу келетіндерінің уақыты жоқ. Кім барып өз жұмысын тастап, қараусыз қалған Уикипедияны дамыта қояды, түсінбеймін. Сананы тұрмыс билеген заманда журналистерің де тегіннен-тегін ештеңе жаза қоймайды “ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТІ ҮШІН” деп.

  5. Айтпақшы, аз ғана әзірбайжан халқы Уикипедияларын шарықтаптып жіберді. Арасында белсенді түрде еңбек етіп жүргендері баршылық.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар