Кеше, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының журналистер арасында жарияланған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындылары жарияланды.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астананың Конгресс-Холл сарайында өтті. Дәстүрге айнала бастаған бұл шараға Қазақстанның барлық аймақтарының журналистері, Парламент депутаттары, Қазақстан Журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы өкілдері қатысты.
Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясының, депутаттар мен депутаттық фракциялар қызметі жайлы жарияланған үздік сараптамалық материалдар, сонымен қатар, партияның ай¬мақтардағы қызметін үздік жариялағандар, партияның бастамаларына айрықша көз-қарас білдіргендер, үздік фото және бейне материалдар арасынан таңдалып, анықталды.
Биылғы «Нұр Сұңқар» байқауының басты ерекшелігі: оның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылғаны болды. Мерейтой журналистер үшін өте қызықты тақырыпқа айналды.
200-ден астам республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері байқауға өз жұмыстарын ұсынған болатын.
Байқау жеңімпаздарын құттықтай келе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Биылғы «Нұр Сұңқар» байқауы еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздік – барша қазақстандықтар үшін маңызы зор тарихи мейрам. 20 жылда біздің еліміз әлемдік жоғары беделі бар қуатты мемлекетке айналды. Бұл – Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегінің, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, елімізді дамытуға бағытталған саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Осының барлығы Қазақстан журналистикасының дамуына да үлкен мүмкіндік берді», – деп атап өтті.
Он сегіз номинация бойынша жеңімпаздар атанған қаламгерлерге белгілі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазына арналған белгі мен бағалы сыйлықтар табыс етті. «Біздің депутат» номинациясы бойынша әріптесіміз Жақсыбай Самрат пен «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Ольга Казанцева жеңімпаз деп танылып, бәйге алды. Басқа номинациялар бойынша «Хабар» агенттігінің тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар, «Ашық студия» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Ерімбетов, Zona.kz және Minber.kz интернет-газетінің тілшілері Жұмабике Жұнысова мен Есенгүл Кәпқызы, «Литер» газетінің тілшісі Владимир Катков, «Хабар» агенттігінің Павлодар облысындағы тілшісі Салауат Игіліков, «Хабар» агенттігінің астаналық бөлімі¬нің тілшісі Наталья Илюхина, «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Шәріп, «Время» газетінен Геннадий Бендицкий, тележүргізуші Дина Төлепбергенова, «Индустриальная Караганда» басылымының тілшісі Оксана Мягких, «Ақтау ақпарат» газетінің тілшісі Кәмшат Әбдірайым, «СТВ» арнасы бас редакторының орынбасары Виталий Попов, «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Айбек Қобдабай, Президент баспасөз қызметінің операторы Бақтыбай Шаханов, «Нұр-Медиа» ЖШС-нің фототілшісі Советбек Мағзұмов алды. Барлық байқау жеңімпаздары «Нұр Сұңқар» мүсіні, арнайы диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Өткен жылдағыдай, биылғы байқауда да арнайы жүлде тапсырылды. Бұл сәт салтанатты рәсімнің шарықтау шегіне айналды. Нұрлан Нығматулин осы сыйлық биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналғанын жариялады. Оның иегері белгілі журналист, «Хабар» агенттігінің тілшісі Нұрлан Оқаұлы атанды. Ол арнайы мүсінше мен дипломға қоса, пәтер кілтін иеленді.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.
“Егемен.кз”
«Нұр Сұңқар» байқауы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды
Соңғы жазбалар
“Мінбер” кітапхана айдарымен сіздерге сайтымыздың тұрақты авторы Бақытбек Бәмішұлының “Ащы жас араласқан ана сүті” атты әңгімесінің
(1-бөлім) Жағрапиялық аумағы жағынан күн шығысында Тынық мұхиттан басталып, батысында Ақ теңізге дейін созылған ұланғайыр алқапты
Фото: t.me/olympickz Дохада спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Милад Карими екінші алтын медалін жеңіп
18 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық
Фото: ҚР спорт комитетінің телеграмынан Катар астанасы Дохада гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додада
17 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне
Сәуірдің 14–і мен 16-сы аралығында Оралда қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Дүбірлі доданың
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі халыққа тегін медициналық көмек көрсету үшін енгізілген. Бірақ Іле ауданында
Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен Мемлекет басшысы «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер
Halyk Bank қытайлық танымал WeChat – QR WeChat мессенджерін қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлеудіңжаңа әдісін іске
Құрметті, “Мінбер” журналистерді қорғау орталығы. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүретен құттықтаймын! Барлық игі істеріңізге Алланың нұры жаусын. Тек шығармашылық табыстар тілеймін!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! ЖЕҢІСТІҢ ШЫНДАРЫНАН КӨРІНЕ БЕРІҢІЗДЕР! ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!
Жеңістеріңіз қайырлы болсын! Мерекелеріңізбен!
Мінбердің алға қойған әр ісіне табыс тілеймін.Сайт жетекшісі әрі қарымды қаламгер Есенгүл апайымызға шығармашылық мол табыстар тілеймін.
Құтықтаймыз! Сіздердің жолды біздерге берсін!!!!