/

Көкке тіктім көзімді

836 рет қаралды

2-4 шілде күндері Астана қаласының «Шабыт» өнер сарайында «Көкке тіктім көзімді» репортаждық фотосуреттердің көрмесі өтеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Mechanical piano, Нұр Отан және Voxpopuli.kz ұйымдарының бірлескен саяси емес жобасы енді Астана қаласында өтпек. Көрмеде қатысушыларға еліміздің белгілі фотосуретшілердің жұмыстары ұсынылады. Бұл жұмыстарда еліміздің дамуы, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігі барынша объективті бейнеленген. Бұл репортаждық фотосуреттердің алғашқы көрмесі сәуір айында Алматы қаласында өтті.

«Көкке тіктім көзімді» көрмесінің ашылуы 2 шілде күні сағат 18.00-де Астана қаласының «Шабыт» өнер сарайында (Тәуелсіздік, 50 даңғылы мекен-жайында) өтеді.

Көрмені тамашалауға 2, 3 және 4 шілде күндері сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін күтеміз!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар