Аймақтық газеттер жаңа технологияға қалай бейімделуде?

2180 рет қаралды

Жаңалықтар

  • Сәл ғана артық ақша болса, апталық газеттер күнделікті газетке айнала алады
  • Газет 12, 24 немесе 48 бетпен шектеліп қалмайды
  • Фотосуреттер немесе газеттің түсі баспа станогы немесе беттің көлеміне тәуелді болмайды
  • Веб-сайттарға жасалған сілтемелер арқылы оқырман мақаланы тереңнен қамтып қарастыра алады
  • Бұрын шыққан газет мақалаларын оңай іздеп табуға болады. Газеттің бұрынғы сандарын сандық тәсілге көшірген соң, газет қызметкерлері ескі мақалаларды (мәселен, қала немесе аудан тарихын) кілт сөздер арқылы оңай таба алады. Мұндай іздеу жүйелері кейде ақылы түрде жүзеге асады, яғни қосымша табыс көзі деген сөз Шағын газеттер газет ісінің осы мүмкіндігін зерттеп жатыр.
  • Газеттер бұдан былай жаңалықтарды қалта телефонның хабарлама қызметі арқылы кез-келген уақытта, кез келген жерге жеткізіп отыра алады. Осылайша радио және теледидар жаңалықтарымен бәсекеге түседі.

Жарнама

  • Газеттің электронды нұсқасын оқитындар мен телефон арқылы хабарламалар алып тұратын оқырмандар арқылы газет өзінің оқырмандар санын ұлғайтады.
  • Газеттер ақпаратты берген кезде аудио және бейнероликтерді де жіберіп тұру қызметін ұсына алады.
  • Газеттің жаңа саны келесі аптада шығатынын күтпей-ақ телефон хабарламасы немесе интернеттегі сайты арқылы сату, сатып алу туралы жарнаманы жариялауға болады. Егер жаңа өнім пайда болса немесе артық тауарды тезірек сату керек болып жатса, газет оны дереу интернет сайты немесе телефон хабарламасы арқылы жарнамалай алады.
  • Веб-сайттарға арнайы бағдарлама орнату арқылы оқырман пернетақтаны басқан кезде әртүрлі жарнама көрсетілетіндей етіп лайықтауға болады.
  • Оқырмандар жарнама сілтемесін шерту арқылы онлайн режимде сол өнім туралы жан-жақты ақпаратты тауып, оқи алады.
  • Бұдан былай қосымша жеңілдіктер ұсынатын купондарды веб-сайттан үйдегі принтерн арқылы қағазға шығарып алуға болады. Веб-сайтты қолданушылар туралы мәліметтер базасын жинақтай отырып, аталған купонды арнайы оқырмандардың поштасына да жолдап тұруға болады.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Мақалада келтірілген пікірлер АҚШ үкіметінің саясатын немесе көзқарасын білдірмейді.

________

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы «АҚШ э-журналы» белгісінің аясында төмендегідей бес журнал шығарады: «Экономикалық басымдықтар», «Ғаламдық мәселелер», «Демократия мәселелері», «Сыртқы саясат» және «Қоғам мен құндылықтар».

Жаңа журнал ай сайын ағылшын тілінде жарық көріп, бірнеше аптадан соң испан, португал, орыс және француз тілдеріндегі аудармалары жарияланады. Кейбір сандары сонымен қатар араб және қытай тілдерінде де басылып шығады. Әр журналдың шығу жөніндегі есептік мәліметтері бар. Томы, яғни баспа шыққаннан бергі реттік томы мен кезекті нөмірі және ағымдағы жылға сәйкес нөмірі.

Журналда айтылған пікірлер АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді. АҚШ мемлекеттік департаменті журналда көрсетілген сайттардың мазмұнына жауап бермейді. Ол ресурстардың бар-жоқтығына оны шығарушылар жауапты. Журналдағы мақалалар, суреттер мен кесіндерді егер мақалаға қатысты авторлық құқыққа қатысты арнайы шектеу немесе нұсқау болмаса, Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жариялауға және аударуға болады. Өйтпеген жағдайда журналда аты аталған автордан рұқсат алу керек.

Журналдың ағымдағы немесе өткен сандарын және алда жарық көретін сандарының электронды нұсқаларын Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының сайтынан «http://usinfo.state.gov/journals.htm» табуға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді өз еліңіздегі АҚШ елшілігіне немесе төмендегі поштаға жолдаңыз:

Editor, eJournal USA

IIP/T/GIC

U.S.Department of State

301 4th Street SW

Washington, DC 20547

United States of America

Электронды адрес: ejglobal@state.gov

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар