Егер қызметкер еңбек демалысынан кейін жұмысқа кешігіп келсе

3837 рет қаралды
27

Құрметті оқырман, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорс-Қазақстан қорының демеушілігімен  «Заңгер кеңесі» айдарын ашып отыр. Бұл айдарда сізге белгілі заңгер Жанерке Жанабилова жауап беретін болады. Көкейіңізде жүрген сауалдарыңыз болса жолдаңыз. Біз сізге көмек көрсетуге тырысамыз.

Саламатсыз ба, мен кезекті еңбек демалысымды алып кеткен едім. Келсем екі күнге кешігіппін. Басшылық себепсіз кешіккенім үшін рапорт жазып, протокол дайындап, жұмыстан шығаруға бұйрық дайындап қойған екен. Бұл Еңбек заңына сия ма?

Егер кызметкер еңбек демалысынан кейін жұмысқа 2күн кешігіп келсе, жұмыс беруші одан түсініктеме алуға міндетті. Егер белгілі бір себептермен кешіккен болса тәртіптік жаза колданылады.

ҚР-ның Еңбек кодексінің 72-бабына сәйкес тәртіптік жазалар көрсетілген:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
Сонымен қатар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
Оның үстіне жұмыс беруші журналистке бұйрықпен сөгіс жариялаудың алдында еңбек тәртібін не себеппен бұзғаны жайлы түсініктеме алуы керек еді (ҚР Еңбек кодексінің 73-бап 2-тармағы).

Түсініктемесіз бұйрық шығару заңсыз болып саналады, сондықтан журналист (қызметкер) оның күшін жою үшін сотқа шағымдана алады.

Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.

Парақшамызға жазылыңыз

27 Comments

  1. Өте игілікті жұмыс екен. Осы жайлы менің де сұрағым бар еді.
    1. Төлқұжатқа аты-жөнімді толықтап қайта жасату үшін қай жерлерге баруым керек және қандай құжаттар дайындауым керек? 
    2. Үй салатын жер телімін сатып алғанда сатып берушіде қандай құжаттар болған оның документтері толық болып есептеледі және өз басыма тіркету үшін не істеуім керек?

  2. Пәлі, жарайсыңдар. Осындай халыққа тиімді шаруаларды бастап отырға газеттеріңе рахмет, ұжымдарыңа алғыс. Айтпақшы, қазір оралмандардың азаматтық алу мәселесі қалай болып жатыр, көші-қон туралы жаңа заң қабылданғаны белгілі, осы заңда қандастарымыздың құжаттарына жеңілдіктер бар ма, бар болса қандай, олар квотаны қалай ала алады(делдалсыз) деген сұрақтарға да жауап бере кетсеңіздер мүмкіндік болса. Рахмет!

  3. Асау Торпақ, біз бұл парақты негізі медиа құқық саласына қатысты бастаған едік. Егер, сіздерге оралмандардың құқығы жайында кеңестер керек болса, жаңа парақ ашамыз, инш.

  4. Дәл осындай жағдай менің де басымнан өтті. Бұған дейін ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс алмағаныма қарамастан басшылық менің түсініктемемді тыңдамастан шығарып жіберді. Енді Еңбек кітапшама Статья бойынша емес, өз қалауым бойынша шықтым дегенді жаздырып алуды ғана мұрат тұтып отырмын.

  5. Қазіргі басшылар өзіне ұнамаған адамды әрнәрсені сылтау етіп шығарып жіберуге дайын тұрады. Оларға газеттің немесе телеарнаның сапалы болуынан гөрі, таныстарын немесе туысын жұмыспен қамтамасыз ету тиімді. Айталық, бізде бір апай жұмыс істейді. Төрт айда бір мақала жазады. Жұмысқа келуі де өзіне ыңғайлы сәтке байланысты. Келгісі келмесе, келмейді. Ол адамға әрине төленетін ақы да аз. Дегенмен, соның орнына жұмыс таппай жүрген бір сапалы қызмткерді һәмді жасты қабылдаса, еңбек өнімділігі анағұрлым артық болар еді.

  6. Сол апай секілді адамдар әрбір қазақ редакциясында отыр. Сөйтеміз де, қазақ газеттерінің сапасы жаман, журналистері нашар деп даурығамыз. Мәселе қызметкер де емес, менеджерлікте болып тұр ғой.

  7. Ең бастысы құқықт ық сауатымыздың тым төмен екенін мойындайық. Қайда жүрсек те, қазақбайшылыққа салынып, қз құқығымызды қорғай алмай жатырмыз.

  8. Арман-ау, бұл жерде заң мен құқықтар жайлы және бастық пен жұмысшы жайлы. Ал, журналистер жайлы сөз жоқ сияқты еді ғой. Жоқ әлде бастығынан таяқ жегендердің бәрі журналистер ме?

    • Бірақ таяқ жейтін тек журналистер ғана емес қой, кез келген қызметкер болуы мүмкін. Мұндай мәселелер көбінесе еңбек заңнамасының кебір талаптарын, өз құқықтары мен міндеттерін білмегендіктен болатын жағдайлар жиі кездеседі.

  9. Маған сіздердің жаңа бастамаларыңыз ұнап отыр. Медиа құқық жөнінде қазақ журналистерінің сауатын ашуды мақсат еткен қадамдарыңызға гүл бітсін!

  10. Ассалаумағалуйкум! Сайтты кеше қарап үлгермеп едім, жаңа айдармен толығыпты құтты болсын! Бұл біз үшін өте маңызды. Менің де білмейтін, көкейімде жүрген мәселелер өте көп.

  11. улттык универлерде текке жалакы жеп отырган журфактарды таратып осындай окытудын жана турине кошкен дурыс сиякты.

  12. Былтыр ҚазҰУ-де медиа құқық деген сабақ болып еді. Биыл жоқ. Біз сол сабақта біраз нәрсе біліп қалған едік. Қазір бұрынғы таз кейпіне түсті.

  13. Журналистика факультетіне қара күйе жақпаңдар. Сен былтыр оқысаң, ол сенің биылғы  курсыңнан бір саты төмен оқытылады ғой. Соған да миың жетпей ме? Мен оқып жатырмын.

  14. Бастысы көптің көқейінде жүрген “Заң кеңесі” айдарын ашқандарыңыз. Мен үшін сол қуаныш

  15. Сіздердің бұл бастамаларыңыз жақсы. Тек сұрағым қанша уақытта жаңалап тұратын боласыздар?

  16. Саламатсыз ба, шама келсе аптасына екі рет сіздердің сауалдарыңызға жауап бермекпіз.

  17. Саламатсыз ба, біздің басылым жаңадан ашылған еді. Басында жұмысқа қабылдаған кезде. айлықпен бірге қаламақы төлеуге уәде берген. Қазір басшылық сол уәдесін орындауға құлықсыз, айлықтың өзі кешіктіріліп беріледі. Біз қаламақымызды өндіріп ала аламыз ба?

  18. Білім саласындағы медицина қызметкерлеринин еңбек демалысы канша кун?

  19. Салеметсиздерме, зандык кенес айдарларыныз коптеген журналистерге комек болды, кейде туындаган сурактарымызга накты жауап таба алмай киналып та калатын жагдайлар коп. Сондыктан бул игы ыс бопты, енди менын быр коятын сурагым бар еди.

    Телекомпанияны қадағалаушы органдардың тексеру шаралары қалай жүзеге асырылады?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар