Алаш зиялылары Шәуешекте
Биыл, яғни, 2011 жылы белгілі қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Дубек Шалғынбаевтің өмірден озғанына 64 жыл толды. Халқының ардақты ұлы тек 27 жас жасап өмірден озды. Осы за ғана ғұмырында қазақ руханияты үшін елеулі еңбектер атқарған Д.Шалғынбаев 1920 жылы қазіргі ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Шынжаң иниституты қытай тілі факультетіне түскен тұңғыш қазақ студенті болған. Дубек Шалғынбаев өмірі Шығыс Түркістан сынды саяси-географиялық маңызы өте зор аумақтың аумалы-төкпелі кезеңіне тура келеді. Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына баруы тегін емес десек, ал, Шәуешек қаласы – Тарбағатай аймағының орталығы болып есептеледі.
«Дубек Шалғынбаев не жұмыстарды атқарған?» деген заңды сұрақ туындаса керек. Шынжаң өлкесінің төрағасы Ахметжан Қасыми «Жас саяси қайраткер» деп бағалаған жас талап Шалғынбаев аз ғана ғұмырында мерзімді басылымдар ашып, қазақтың аңыз-ертегілерін қытай тіліне аударып арнайы кітап етіп баспадан шығарған. Қазақ өнері мен мәдениетін жалпыға нәсихаттау мен зерттеу жолында екі рет түрмеге түсіп, ауыр қинауларды басынан өткізген. Үш бірдей қоғамдық режимның тай-таласып тұрған тарихи кезеңінде туған халқының басына төнген ауыр халды көтеріп, өзі бас болып театр қойып, әр түрлі басылымдар ашып, лекциялар ұйымдастырып, халық арасына білім шуағын төккен. Д.Шалғынбаев қытайдағы қазақ тілінің өлшемге түсуі мен жазба әдебиет теориясының негізгі жүйесін жасаушылардың бірі ретінде аталады. «Ертарғын», «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр» сияқты халық арасында кеңінен таралған батырлық-ғашықтық жырларды сахнаға бейімдеп, театр мәдениетінің қалыптасуына да үлкен үлес қосқан.
Шалғынбаев өмірі мен атқарған қоғамдық жұмыстары Алаш идеясының Шығыс Түркістанда заңды жалғасын тапқан ұлт жолындағы күрестер екенін де айта кету керек. Бүгінгі күнде Дукең мұраларының көзіндей боп Шәуешек қаласында Дубек ансамбльі құрылып, Дубек Шалғынбаев атына көше беріліп, әлеуметтік іс-басқармасы жұмыс жүргізіп отырса, Дубек шағын ауданы құрылған. Д.Шалғынбаевтың рухани мұрасы әлі күнге толық зерттеліп, ашылған жоқ. Бәтіш Ақынқызы «Дубек» атты тарихи деректемесі «Қытай Ұлттары» баспасынан жарық көрсе, Оразбек Әбділұлының «Дубек» атты романы 2004 жылы «Шынжаң халық» баспасынан қалың оқырманға жол тартты. Ал, қазақ еліндегі оқырманға Дубек Шалғынбаев есімі тек Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың қатарында аталып қана БАҚ беттерінде жарияланып жүр. Шалғынбаев есімі тек қытайдағы қандас бауырлар арасында ғана емес, қазақ елдігі мен егемендігі жолында өмірін арнаған арыстармен тең аталуға тиіс.
Мейіржан Әуелханұлы
Парақшамызға жазылыңыз
Ашылмай, зерттелмей жатқан тұлғаларымыз көп қой әлі. Өкінішті-ақ!
Дубек Шалғынбаев менің Жағыпар атамның туған інісі болып келеді.
Осындай атамыз болғанына біз мақтан тұтамыз.
Шалғынбаевтар әулеті
Дубек жайлы мәліметтер болса осы газетке жариялауыңызға болады.
менинде атым Дубек Ахметов, Дубек Шалғынбаев менин атам екен, апам коп айткан Дубек туралы)