/

Нобель cыйлығынан бас тартқандар

2061 рет қаралды
13

Нобель cыйлығын алу, әдетте, бір жазушы үшін өміріндегі ең зор даңқ   саналғанмен,  әлдекімдер жөнінен алғанда ілікке  алғысыз шаруа. Бұндай  адамдар өте сирек ұшырасқанымен, Нобель Сыйлығына көзқарасы өмірге  тағы бір қырынан қарауға жол ашып, өмір және атақ-даңқ жайындағы ұстанымын аңғартады. Бұлардың құн көзқарасы мен тұрмыс позициясы Нобель сыйлығына құштарлық ауа жайған бүгінгі таңда ерекше мәнге ие.

Елинек: Сыйлық  алғанда  үмтсізденгендей  болды

2004 жылы 7-қазан, Швеция әдебиет академиясы 2004 жылғы  Нобель әдебиет сыйлғының Австриялық әйел жазушы Эльфрида Елинекке берілгендігін жариялады. Себебі: «Оның романдары  мен пьессаларында  гармониялық  ұйқасы басым, шығармаларындағы  аса  тебіреністі сезімге  толы  тілі арқылы қоғамдағы қатып-семген, іріп- шіріген болмыс пен қара ниет, озбырлардың  жалған кейіп-кеспірін жеріне жете  қазбалайды».

Елинек өзінің  Нобель әдебиет  сыйлығын  алған тұңғыш  Австриялық  екенін естігенде ел ойлағандай тебіренбеді. Керісінше,  8 қазанда  байкот  жариялап,  өзінің Стокгольмге барып бұл қомақты сыйлықты алмайтындығын жариялады. Ол бұған мынандай екі себеп көрсетті: біріншіден, денсаулығым жар бермейді. Екіншіден, осы үлкен сыйлықты алуға салауатым жетпейді деп қарады.

Елинектің айтуынша, ең мәртебелі  сыйлықтың  өзіне несіп болғанын естіген  соң, қуанғанның орнына үмітсізденген. Нобель сыйлығын аламын деу ежелден ойыма кірмепті. Әсілі  бұл сыйлық  тағы бір Австриялық  жазушы  Федер Хандрикка берілуге тиіс. Елинек өзі алған Нобель сыйлығын «Австрияның  гүл тәжі»-деп қарағаны жоқ,  қайта үкіметтен өзін аулақ ұстауды жөн көрді және осы бағытынан жазбады.

Елинектің Нобель  сыйлығынан бас тарту себебіне қатысты  көп мәліметтер болмағанымен, Сартердың кезіндегі сыйлықтан бас тарту себебімен  ұқсас  екенін аңғару қиын емес.

Сартер: Ақша мен атақ-мәртебеге сатылмайтын адам

Франциялық жазушы, философ  Сартр Жан-Поль, бәлкім, қазірге дейін  саналы  түрде, өз еркімен  жүрек жарды сөзін айтып Нобель  сыйлығынан бас тартқан бірден-бір адам. Өйткені, ол өзінің дербес кісілік қасиеті мен еркін  рухын қорғауы тиіс болды. Былайша айтқанда, Сартер дүние бойнша  ақша мен атақ-мәртебеге сатылмайтын санаулы адамның бірі.

1964 жылы, Сартер өзінің Нобель сыйлығын бағалау комитеті жағынан сыйлық кандидатына көрсетілгенінен, әрі, осы жолғы Нобель әдебиет сыйлығын алуы мүмкін екендігінен хабардар болған соң, бағалаушылар  комитетіне хат жазып,сбас тартатынын білдірді. Бірақ, бағалаушылар комитеті сол жылғы Нобель Әдебиет сыйлығын егескендей салтанатты түрде Сартерге берді. Себебі: Оның  ой-пікір мен еркін  рухқа  бай, ақиқат іздеген шығармалары үшін. Бұл шығармалар заманымызға үлкен ықпал жасады.

Алайда, Сартердың сыйлықтан бас тартуы қалжың емес еді. Ол сыйлық тарату хабарын естіген соң дереу «Жазушы әкімшілік түс алған құрылымдардан  бас тартуы керек»- деп баяндама жариялады. Әрі, сол жылы 22 қазанда, Швециядағы  баспа саудагері арқылы  бір уәкіл  жіберіп, бұл баянатын Стокгольмде  оқытқызды.

«Мен мұны  өзгелердің айыптайтындығына қатты өкінемін; Сыйлық маған берілетін болып белгіленіпті, ал, мен одан бас тарттым». Сартер не үшін Нобель Сыйлығынан бас тартады? Қарапайымдау айтсақ, екі түрлі себебі бар. Автордың өзінің көрсетер себебі төмендегідей: «Менің бұлай бас тартуым ат үсті жасалған  шешім емес.  Мен үкімет жақ берген атақ-мәртебенің бәрінен  бас тартамын. Бұл позиция жазушылыққа ұстанған көзқарасымнан туындаған. Саясиға, қоғамға, әдебиетке өз ұстанымын білдіретін жазушы тек өз тәсілімен, яғни жазған шығармалары арқылы бой көрсетеді. Ол қол жеткізген барлық атақ-мәртебе оқырмандарына бір түрлі басымдылық түсіреді. Менше бұл басымдылықты жоғалту қиын. Менің атым Жан Поль Сартер мен Нобель Сыйлығының иегері – Жан Поль Сартер екі басқа шаруа».

Объективті себебі төмендегідей: Көз алда, мәдениет шебіндегі бірден-бір туылу мүмкіндігі бар күрес – Батыс мәдениеті мен Шығыс мәдениетінің  қатар өмір сүруінен туылған күрес. Мен осы екі жақ айқара құшақтасуы керек деп отырғаным жоқ. Екі түрлі мәдениет ара ауыс-күйіс өзара қақтығыс формасында өмір сүретіні хақ. Бірақ, бұл түрдегі қақтығыс адамдар ара, мәдениеттер ара жүргізіледі. Әкімшілік құрылымдардың килігетін еш жөні жоқ. Екі түрлі мәдениет  ара қайшылықты жаныммен сезіндім. Менің  бойымда да осындай қайшылықтар өмір сүруде. Сондықтан, мен Шығыс немесе Батыстың жоғары дәрежелі мәдениет құрылымдары берген әрқандай сыйлықты қабыл ала алмаймын. Әйтседе, осы құрылымдардың істегендері маған бес саусағымдай аян.

«Мен социализмге тілеулес боп бүйрегім бұрылып тұрғанымен, мәселен, Ленин Сыйлығын берсе бәрібір қабылдауға лажсызбын. Нобель Сыйлығының батыстағы бір топтың әдебиет сыйлығы емес екені маған айдан айқын. Бірақ, шындығында бұл сыйлықтың кей істерін Швеция Әдебиет  Академиясының мүшелері де белгілей бермейтін сыйлыққа айналды. Сондықтан, Нобель Сыйлығын алу сияқты адамдардың құрметіне бөленетін зор атақ-мәртебе болсада бәрібір, жазушы әкімшілік түс алған құрылымның бәрінен бас тартуы керек.»

Сартер Нобель Сыйлығынан бас тартқан соң Швеция Әдебиет Академиясының  кезекті тұрақты  хатшысы Андерс  Острин академия атынан  баянат жариялап былай деді: «бұл сыйлықтың жүлдегері Нобель Сыйлығын алғысы келмейтінін әлде қашан айтқан еді. Алайда, оның сыйлықтан бас тартуы сыйлықтың бет-беделіне титтей де шек келтіре алмайды. Мұндай шақта академиямыз тек сыйлық тарату салтын өткізуге амалсыз екенін жариялайды.

Пастернак: Тірлік үшін  тізе бүкті

Нобель Сыйлығынан бас  тартқан адам Сартер ғана емес екені мәлім. Бірақ,  санаулы  бас тартушылардың басым көбі өз разылығымен емес, қайта тіршілік ортасы, идеология және саяси көзқарастың зорлауымен бас  тартқан. Мәселен, бұрынғы Сәбет одағының жазушысы Пастернак,  Солженицын,  вьетнамдық И Ды Шу, Германиялық Кун, Будинант, Томак қатарлылар.

Пастернак  Нобель Сыйлығынан бас тартқандардың типтік өкілі. Өмір жолы да өте бұраң болды. 1958 жылы 23 қазанда, Италияда алдымен баспадан шыққан «Доктор Живаго» романы үшін(ел ішінде жариялауға мүмкіндік болмаған) Швеция Әдебиет Академиясы сол жылғы Нобель Әдебиет Сыйлығын Пастернакқа берді. Бұл хабарды естіген соң, Пастернак қатты қуанғаннан, Швеция Әдебиет Академиясына жеделхат жолдап: «Шексіз әсерленіп тебірендім,  атақ-даңқ, үрейлену, ұялудың не екенін жаныммен сезіндім» – деп жүрек жарды сөзін жеткізді.

Швеция Әдебиет Академиясы  идеология саласының қысымын бәсеңдету үшін «Доктор Живаго» романына сыйлық беру себебін де ауызға алмады.  Пастернактың «Осы заманғы лирикалық өлең жасампаздығы мен орыстың ұлы баяндау әдебиеті дәстүріне мұрагерлік етіп  сәулелендіру» жағында қол жеткізген табыстарын марапаттау үшін берді. Бірақ, Пастернак көп өтпей ары жақтың қысымына ұшырады. Өйткені «баяндау әдеби дәстүрінде» меңзелгені дәл «Доктор Живаго» екенін адамдар білді. Сол кездегі «Ақиқат» газетінде «Кертартпа буржуазия табының Нобель Сыйлығы ақшасымен жарылқағаны – ақын Пастернак та, жазушы Пастернак та емес, қайта социалистік төңкерісті қаралаушы, Сәбет халқының жалақоры саналған Пастернак» – деп атап көрсетті.

Сыртқы дүниенің көрсеткен қысымы Пастернакты алған бетінен қайтара алмады. Ол Сәбет жазушылар одағының төрағалар алқасына жазған  хатында: «Әрқандай күш мені Ресейдің осы заман жазушысы, яғни, Сәбет Одағының жазушысы деген атақ-мәртебеден айыра алмайды. Сендердің атуларыңа,  сүргінге жіберулеріңе де болады. Бірнеше жылдан кейін бәрібір ақтайсыңдар» – деді. Бірақ, басымдылық зорайып Пастернак соңында тізе бүкпеске амалсыз қалды. 29 қазанда ол почтаға барып Швеция Әдебиет Академиясына телеграмма жолдап: «Мен тәуелді  қоғамның осы  сыйлықтың мақсаты туралы түсінігі салдарынан, маған берілуі белгіленгенімен алуыма мінәсіп болмаған осы сыйлық сомадан бас тартамын,  ғафу өтінемін!» – деді.

4 қарашада Сәбет одағы  үкіметінің ТАСС агенттігі мәдімдеме жариялап, егер Пастернак Нобель  Әдебиет Сыйлығын тарату жиынына қатынасқан соң елге оралмайтын болса, Сәбет үкіметі оған жығыла жабыспайды деді.

ТАСС агенттігі баянат жариялаған күннің ертесі Пастернак мемлекет қарастылығын сақтап қалу үшін «Ақиқат» газетінң редакциясына ашық хат жариялады. Ол: «Жаңа дүние» редакциясы бұл романды оқырмандар Қазан Төңкерісі мен Сәбет  Одағы түзімінің негізіне қарсы шығарма деп түсінеді деп маған ескерткен болатын. Қазір мен қатты өкінемін, кезінде осы түйінді  ескермеппін… – деп амалсыздан үкімет жақтың ыңғайына бағынып, өзіне егжей-тегжейлі тексеру жасады.

«Доктор Живаго» Сәбет Одағына қарсы жазылған шығарма емес. Бәлкім,  мұны әркім әртүрлі топшылады. Объективтік тұрғыдан қарағанда,  бұл кітапта бейнеленген шындықтар бұрынғы  Сәбет  одағындағы  жазушылар жазған өмір шындығынан ауытқып кетпейді.  Мәселен, Шолохов «Тынық Донда» қызыл әскерге қарсы бір бүлікшіні романның бас кейіпкері етіп жазып,  үкімет жақтың құптауына ие болған. Ал, Шолоховтың шындықты  бейнелеудегі көркемдігі солғындау «Адам тағдыры»  атты шығармасына Нобель Әдебиет Сыйлығы берілді. Әрі,  үкімет жағынан мойындалды.

Франциялық болмысшылдық жазушысы Камиев: «Доктор Живаго» – махаббатқа толы ұлы шығарма, автор бұл шығармасында Сәбет Одағына қарсы оқ атпаған, қайта жалпылық мәнге ие нәрселерді бейнелеген деді.  Англияда ондаған жазушы бірлесіп қол қойып: «Доктор Живаго» саяси құжат емес, қайта жан тебірентерлік өмір кешірмесінің айғағы, – деп түсіндірді. Бірақ, Пастернак бәрібір сол жылғы Нобель Әдебиет Сыйлығынан бас тартты. Арада екі жыл өткенде, ауру мен іш құсталық меңдеткен ол өмірден озды. Сартерге салстырғанда,  Пастернактың Нобель Әдебиет Сыйлығынан бас тартуы, дербес ойлау рухына ие бір зиялы кісінің ерекше жағдайда тіршілік үшін берген үлкен бодауы саналады.

Қытайшадан аударған: Мәдениет Мұқатайұлы

Дайындаған: М.Әуелхан

Парақшамызға жазылыңыз

13 Comments

  1. Нобель сыйлығын қаншама саясатқа балап, астарында жымсымалық жатыр десек те, ол – бір ұлттың әдебиетімен қоса сол ұлтты, аталмыш сыйлықты алған жазушының маңындағы басқа да классик жазушыларды әлемге танытып, нәсихаттап кетеді.

  2. АЛАШҰЛЫ, дұрыс айтасың. Аманкелді Кеңшілік “Нобель кімге керек?” деп мақала жазып, ат тонын ала қашудың керегі жоқ еді. “Шаңырақтағы төстік неткен сасық еді” деп етті ала алмаған мысықтың күй меніңше бұл. Мықтылар алсын, қазақтың сөз өнерін әлемдік биікке шығарсын, басқа халықтарға танытсын біздің телегей теңіз әдебиетімізді.

  3. Сонда сендерге ұлтын, дінін сатып батыстың сойылын соққан жағымпаздар керек пе? Нобель марапаты үшін ондай сатқындардың қазақтан шықпауын тілеймін.

  4. Асаудың айтқанына келісемін, алдымен әлем оқырманын емес, қырық пшақ болып қырқысып жатқан өз ортамызда өз халқымызға бір көркем шығарма сыйлау деген қазір үлкен ғанибет. Онсыз да қусырылып бара жатқан руханиятымыздың тамыры батыс-батыс деп жүріп жәмпірейіп қалмаса болды ғой.

  5. Жазба өте ұнады. Қалай дегенмен де, Нобель сыйлығының бүгінгі таңдағы ең мәртебелі сыйлық екенін мойындау керек және осы сыйлықты әлі де бір қазақтың ала алмағаны өкінішті…

  6. Нобель сыйлығы, керісінше, өз еліне, ұлтына қызмет еткен, билікке қарсы шыға білген азат рухты жазушыларға берілер сый болар. Бұл жерде, сатқын деген әңгіме мүлде қисынсыз

  7. Айжан, 1989 жылы Швед академиясы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын ислам дінін мазақтағаны үшін, оны сайқымазақ етіп, Алланы қаралағаны үшін Салман Рушдиге ұстата салуға шақ қалса, Орхан Памук түріктердің курт қырғыншылығын зор трагедия етіп суреттегені үшін берген болатын.

  8. 1923 ж. ирландықтардың тәуелсіздік жолында күрескен Йитс та, Польша жазушысы Генрик Сенкевич та өз ұлттарының рухын көтергені үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл тек мысалдар, Стокгольмде болып, зерттеген жоқпыз, сондықтан олардың не мақсатпен беретінін сіз бен біз тек топшылаймыз.

  9. Айтқаның рас, батыс әлімі мен орыс қоғамы ежелден ит пен мысықтай бір-біріне қас болып келеді. Оның айқын дәлелі ретінде, 1901 жылғы Нобель әдебиет сыйлығын айтуға болады. Сол кезде әлемде атағы Лев Толстойдан асатын жазушы жоқ еді.  Оның “Казактар”, “Анна Каренина”, “Соғыс пен бейбітшілік” секілді тек орысты ғана емес әлем халықтарының ұлы қазынасына айналған шығармаларын Швед академиясы көре тұра Толстойды тұқыржылату үшін қайдағы бір адам танымайтын француз Артур Сюлли дегенге берген. Ол ақынды әлем түгілі өз отанында да ешкім біле бермейді екен.

  10. Нобельді алып алған кісілерше сөйлемеңдерші, “қашпаған қара сиырдың уызына қанды” деген әңгіме ғой сендердікі.

  11. пікіріңіз қызық екен, М:) алайда пікір қалдыру мәдениетін де сақтаған жөн)

  12. қазақтың өз мақалы енді өз қазағына мәдениетсіздік болып көрінетін болыпты.

  13. Жазба жаксы жазылган… Нобель сыйлығына иегер шыгарманы кашан да іздеп журіп оқимыз.. озгелерден айырмашылық,басқаша иірім,бөлек болмыс іздейміз..және табамыз.. Автормен бір сәт достасып улгереміз,қажетін рухани азық етеміз.. және налимыз,өкінішті..Бояуы канык,мазмұны мәнді,оқуға тұрарлық тамаша туындылар қазақ әдебинтінде де де бар..неге унемі қазақ жұрты тасада қалып келеді деген сауал көкейде жауапсыз қала береді…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар