Қыркүйектің 7 күні «abai.kz» порталында «Оралмандарды ұрғаным бар» атты мақала жарияланды. Әу, дегенде «жер жүзіне тарыдай шашыраған қазақтың басын қоса алмай жүргенде мұнысы несі» деп тіксініп қалдық. Мұны айтқан жай біреу емес, аузы дуалы адам, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев мырза. «abai.kz» порталы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында болған «Этникалық көші-қон: құрылтай шешімдері және жаңа заң» атты «дөңкелек үстел» туралы ақпарат берген де Талғат Мамашев мырзаның сөйлеген сөзінен үзінді келтірген.
«Сөйтіп, асып-тасыған Талғат Мамашев министрлік өкілдерінің, шетелден келген қазақтардың, журналистердің көзінше жаутаңкөз ағайынға «Оралмандарды ұрғаным бар. Сыйласып жүрміз бе, сыйласып, адам сияқты жүріңдер. Жөні жоқ есіріп, құтырмаңдар!» деп салды». Көріп отырғандарыңыздай онда «оралмандарды» деп бөле жарып, тісін басып айтқан. «Мамашев алжыпты» дестік.
«abai.kz» айтқан сөзін дәлелдей түсу үшін дөңгелек үстелдің бейне таспасын қоса жариялаған. Мұнысы өте дұрыс болған. Алайда онда да Мамашев мырзаның аузынан ондай сөз шықпаған, бірақ, оның аспай-саспай отырып әлде кімді сыбап «ұрғаны» көрініп тұр. Осы «ұрғаным бар» деген сөздің алдына «оралмандарды» дегенді автор қосып жіберген. Сонда қалай, «жаптым жала, жақтым күйе» деп «abai.kz» сенсация үшін отқа май құя салған ба? Олай болғанда бұл «атың шықпаса жер өрте» деген болмай ма? «abai.kz» атына сай әр нәрсеге абай болғаны жөн емес пе!
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз
Қай қасысын да тектеу керек. Жел соқпаса шөптің басы қимылдар ма?
Кімге сенерімізді білмей қалдық…
Әттеген-ай, сенген атым сен болсаң… деген өзі болып тұр ғой бұл заман. мен де не дерімді білмей отырмын, Алашұлы!
Тексиздик деген ауру не айткызбайды!!! Ол- менин тусинигимше, рухани мугедек!
Абай порталымен арадағы бит таластықтарың үшін сөз мәнісін “данышпан” ойыңның қыртыстарынан қырқып шығарғаның жөн емес!!! Ол үстелде сөз не туралы болып жатыр, ағымы қалай? соны абайлар қара Абай.кз дегілер сияқты!!! Сендейлер қазақ даласында әр дәуірде жасап келе жатыр! сенен де бойы үзын көкелерің солай деуі мумкін!!! Болашақ алдында ұятты болмайық!!!