/

«Құстар қайтып барады…»

2080 рет қаралды
5

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Өскен Жерге симай кетіп барады,

Туған жерін қимай кетіп барады…

Қимай-қимай тұнық жырдың тұмасындай Тұма-Ағаңмен – Тұманбай Молдағалиевпен де қоштасатын күн келген екен. Келте ғұмыр-ай!

«Адамзаттың кіл мұңын көкірегіне жинаған», қазақ баласында сирек кездесетін құрмет- ке тірісінде-ақ ие болған, халқы сыйлаған, мөлдір махаббат жыршысы өзі жырлаған құстарымен бірге қайтыпты. «Құстар қайтып келеді, Тұма-Аға!». Бақұл бол! «minber.kz» ұлттық газеті ұжымы

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Жатқан жері жайлы болсын марқұмның! Қазақ сөз өнерінің маңдайы жарқыраған ақсақалдарының бірі еді. Өлеңі де, болмысы да моп-момақан… Жалған дүние-ай, Тұмаштан да қалды!

  2. иаманды бол, Тұмаға, хош! Сен халқыңның есінде мәңгі қаласың, Хош!

  3. “Егерде халық өзін ұмытпаса,
    Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды”, – деген Мақатаев жыры есіме түсіп отыр, Тұманбай ата Молдағалиевті алғашқы, әрі ақтық рет көруім биылғы Мұқағали тойында екен.
    Топырағы торқа, жаны жәннатта, тәні рахатта болсын!

  4. Қап, әттеген-ай! Күрмеуге келмейтін қысқа ғұмыр-ай. Енді Тұмағадан айырылдық па? Өкінішті өртеген өзекті қай бір рухани күш баса алады екен?! Бақұл бол, аға. Жатқан жерің жайлы, жаның жаннатта болсын. Қош, ғасырда бір туатын қайсар қазақтың ҰЛЫ!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар