/

Абай бол! Ешкім көмектеспейді!

863 рет қаралды
2

Алматыда, түн ортасында өрт шықты.  Жеті бірдей адамды жалмап кетіпті…

Бүгін (17.10.2011ж):  Түнгі  сағат төртке жақындап қалған мезіл екен. Сатырлаған, сарт-сұрт сынған әлде нөсерлі жаңбырдың терезені ұрғылай соққан қатты дабысынан оянып, әрі-сәрі болып жатқанымызда гүрс еткен орасан зор жарылыстан атып тұрып (бұл жарылыс араға бес-он минут салып үш мәрте қайталанды), тоғызыншы қабаттың терезесінен сыртқа қарасақ біздің тұрғын үйімізден жүз метрге де жетпейтін жердегі Райымбек даңғылы мен Түркебаев көшелерінің қиылысындағы жеке үйлер жанып жатыр екен. Ортадағы үй жанып бітіп, өрт батыс жағындағы көрші үйге ауыз салыпты. Ауа тымық, желсіз түн. Қызыл жалын көкке шапшып, өзінің қызуымен-ақ маңайын жалмап барады. Райымбек көшесінің бойында  тратуарда еш әрекетсіз бір топ адамның қарасы көрінеді. Біз дереу 101-ге телефон шалдық. «Машина уже шықты» деді. (Демек, баяғыда хабардар болған). Өрт сөндірушілер 4 сағат 30 минут шамасында жетті. Ешқандай сигнал берген жоқ. Басқа жұртың ұйқысын, тыныштығын бұзбайық деген шығар. Одан Райымбек көшесінен өртеніп жатқан үйлерге дейін шлангларын тартып біраз жүрді. Батыс бағытында өртеніп жатқан үйге қорадан асырып су шашқан болады. Судың қысымы да әлжуаз. Бір сағаттан соң жалын басылды. Қоламтасы жанып жатты. Оқиғаның отыз минутын бейне жазбаға түсірдік. 7 сағат 30-да жұмысқа кеттік. Біздің ұққанымыз тілсіз жауға бәріміз де әрекетсіз екеміз. Өзімізге өзіміз абай болайық, ағайын! Ешкім де көмектеспейді!

Тілсіз жаудың құрбандарының туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз.

Қарамер – Мінбер ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Марқұм болғандардың жаны жаннатта болсын! Халқымызды тілсіз жаудан сақтасын Құдайым!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар