//

Еңбек демалысын рәсімдеу

26702 рет қаралды
10

Саламатсыз ба, Жанерке, мен сізден еңбек демалысынан кешігіп келгенім жайында жазған едім. Ақыры ол жұмыстан кеттім. Бірақ олар маған жұмыстан кетер алдында еңбек демалысын алғаным үшін есеп айырысар кезде (рассчет) көк тиын төлемеді. Бұл заңды ма?

 ҚР-ның Еңбек кодексінің 22-бабының 7-тармағына сәйкес қызметкер тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы. Жұмыс берушімен еңбек шарты жасалуға тиіс екенын өткен сауалға жауап жазғанымда айтқанмын. Еңбек шартының негізінде еңбек демалыснңыз ресми жасалған болса, яғни ақылы еңбек демалысына баруыңыз жөнінде өтініш жазып, басшының қолы қойылған болса, оны өндіріп алуға болады. Қалалық немесе жергілікті Әлеуметтік қорғау депармаментінің еңбек мәселелері жөніндегі бөлімге өтініш білдіресіз, бірақ олардың көмегі болмаған жағдайда сот арқылы өндіруге болады. Сотқа арыз бергенде, еңбек шарты болмаған жағдайда тиісті дәлелдер де ұсынуыңыз қажет. Олар өткен сауалдарда жазып кеткенімдей: жазған жарияланған мақалаларыңыз, атқарған жұмыстарыңыз жөнінде ақпараттар немесе жұмыс нәтижелерін өткізу актілері болсада. Егер мақала жазған болсаңыз, оны жарияламас бұрын бас редактордың тексергені жөнінде немесе мақұлдағаны жөнінде қойған қолы, мекеменің мөрі де болады. Сонымен қатар сіздің ол ұжымда жұмыс істегеніңізді растайтын куәгерлер де куә ретінде сотқа шақыртуға болады.

Еңбек Кодексінің 103-бабында жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу нормасы көрсетілген

1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.

110-бабында Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі көрсетілген

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Дайындаған Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Еңбектеріңіз Алланың назарында болғай, бұл журналистер үшін қажетті дүние ғой.

  2. Біздегі бастықтар бір-бір құдай емес пе өзінше, қол астымдағыны қалай жесем, қалай ақшасын қалтама салсам деп отырған… өңкей жемқор, өңкей имансыз…

  3. Саламатсыздар ма, сіздердің сайтарыңызға аяқасты қонақ болған едім. “Заңгер кеңесі” айдарын көріп қатты қуандым. Жақында біздің газетіміз жабылды. Заңгерлер айтады егер компания банкротқа кетсе де бүкіл жалақы қарыздарын өтеп кетеді деп. Ол рас па? Мен соңғы алты айдың айлығын ала алмаған едім.

  4. Жанерке, сіз мені түсінбедіңіз. Жұмыстан кетерде жұмыс беруші маған “рассчетті” қалай төлейді, қалай есептейді? соны сұраған едім.

  5. Саламатсыздар ма, сіздерден сұрағым келгені, мекемеде 4-ай мерзімде ғана жұмыс атқарған адамға өтемақы (рассет) төленеді ма?

  6. саламатсыз ба? жыл сайынгы енбек демалысын 11 айда алуга болама?заннын кандай бабында корсетилген?

  7. Салеметсиздерме ! Мен акпан айынан бастап мемлекеттік мекемеде жумыс істеп жатырмын Меним билгим келгені осы жылы яғни бірінші жылы маған еңбек демалысы бериледы ме хотя бы аткарган кундерим ушін аз көлемде еңбек демалысына шыға аламба? Рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар