Көкқамыр сахарасындағы Әсет Найманбайұлының кесенесі

3136 рет қаралды
2
 Әсет Найманбайұлы (1867 – 1923) – қазақтың атақты әнші – композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауылда ( қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы ) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің атамекені болған.
 Әсет жеті-сегіз жасында Көктума да ( қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты ауылы ) Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. 14 – 15 жасында – ақ ақындық, әншілік өнерімен танылған. Әсет – ең алдымен ақын. Оның кейбір өлеңдері құдайға сыйыну, дінді уағыздау сарыны байқалады.
Әсет – асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның Ақан Сері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т.б. Әнші – композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлық шығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген. Осы бір өнер сапарының нәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай» сияқты әндерін шығарған. Оның «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Еркем – ай», «Қаракөз» әндерінен де Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені сезіледі.
1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен бірге Әсетте Қытайға өтіп кетеді. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққа әкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келуді армандайды.  Көп ұзамай Әсет әншілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында(Құлжа ауданының Көкқамыр сахарасындағы Жалғызқарағай деген жерінде) қайтыс болған.
Төменде біз ақынның ҚХР Іле қазақ автономиялы облысының әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі және ресми Қытай билігі тарапынан 2003 жылы қойылып, 2005 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп қайта тұрғызылған құлыптасынан фото баян ұсынып отырмыз.

Суреттерді түсірген: Бағдәулет Батырбекұлы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Әншімін, атым – Әсет, арындаған
    Арындап ән сала ма дарымаған.
    Аспанның аясында ән шалқытқан,
    Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.
    Көмекей көк қапысын әнмен ашса,
    Төгіліп меруерт-маржан сауылдаған…
    Иә, Әсет Найманбаев сұмдық әнші болыпты. Шіркін, дауысын бір естір ма еді?
    Жатқан жеріне барып, зиярат етер ма еді…

  2. Біздің ауылға келін бол, сонымен күндіз-түні зиярат етесің 😀

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар