Журналист сот процесінен тыс уақытта фото-бейне түсірімдер жасай ала ма?

7439 рет қаралды
6

Журналиске сот процесі басталмай тұрып (немесе үзілісте, сот аяқгалған соң), залды, дәлізді, сот мекемесін сырттан түсіріп алу керек болды. Алайда сот приставы “сот жүрмеген кезде ештеңені түсіруге болмайды” деп түсіртпей қойды

Сұрақ: Журналист сот процесінен тыс уақытта сот мекемесінде аудиожазба, фото-бейне түсірімдер жасай
ала ма?

ҚР “БАҚ туралы” заңы журналиске жазба жүргізуге, соның ішінде аудио-визуалдық техниканың көмегімен фото-бейне түсірімдер  жасауына рұқсат береді, тек КР заңдары тыйым салғанда ғана оны істеуге болмайды. Олай болса, сот мекемесін іштен де, сырттан
да және сот процесінен тыс уақытта да түсіре беруге болады.
Егер сот приставы немесе басқа бір шенеунік сізге сот кеңсесін түсіртпей жатса, онда одан сол заңды, оның тыйым салатын нақты бабын көрсетуді сұраңыз. Егер сізге карсы сұрак қойылса, онда ҚР “БАҚ туралы” заңының “ҚР заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның Ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға” рүқсат беретін 20-бабын 3-тармағын көрсетіңіз. Мысалы,  ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде түзету мекемелері мен тергеу изоляторларын тек әкімшілік рұқсатымен түсіру болатыны көр-сетілген.

Дайындаған: Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Саламатсыз ба, Жанерке, Мінбердің бұл бастамасы біз үшін өте тосын жаңалық боды. Сол үшін рахмет. Сұрайын дегенім, талай рет жоғары лауазымды шененіктерге хат жолдап, жауап ала алмай жүрмін. Журналистің сұраным хатына әкімшілік кызметкерлері ол телекомпания әкімшіліктің жұмысын бұрмалап баяндайды деген сылтаумен. өз қызметтері жөнінде ақпарат беруден бас тартад. Бұл ретте әкімшілік қызметкерін жауапқа тартуға бола ма?

  2. Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бар ма? Қандай ақпараттар ақпараттық қауіпсіздік бойынша қузалады?

  3. Бәлкім мемлекеттік құпия жайында айтып отырған шығарсыз?

  4. Саламатсыз ба, Жанерке. Деніңізге саулық тілеймін.
    Мен бір оппозициялық басылымда 4 ай жұмыс істедім. Жалақымызды әне-міне деп жүріп бермеді. Ақыры 4 айдан кейін кетіп қалдым. Бірақ бір тиын алмадым. Жалақымды қалай өндіріп алсам болады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар