Өткен әлем біріншілігіне Германия құрамасы жап-жас ойыншылармен барып үшінші орынды еншілеген. Ал биыл Еуро-2012-ге жолдама алған Бундесманншафт одан да жасарып алғандай.
2006 жылы өткен әлем біріншілігінен бастап неміс машинасының ойын сапасы көз алдымызда артып, құраманың орташа жас мөлшерінің кему үрдісі жүріп жатқанын байқап келеміз. Бундеслига конвейерінен жылда бірнеше кондидат сүрлеуден өтіп Йоахим Лев құрамасына «құйылып» отырады: соңғы 2 жылда құраманың қатарына 18 жаңа ойыншы қосылып, арасында біреуінің ғана жасы 23-тен асқан болатын. Жалпы неміс ұлттық біріншілігінде өнер көрсететін футболшыларардың орта жасы 25-тен аспайды. Сонда Германияда футболшы шығатын қайнар көз бар ма? Келер жылғы Еуропа додасында осы жас жігіттер басты фоворит есебінде болатынын ескерсек, «мұндай таланттар қайдан пайда болады?» деген сұрақ өзімен-өзі туындайды.
Сөйтсе, Бундесманншафт «жасару» үшін біраз тер төккен екен. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыныншы жылдардың басындағы Германияның жағдайын еске түсірейік. Евро-96-да жарқ етіп жанған немістердің жұлдызы 1998 жылы өткен әлем чемпионаты мен 2000-шы жылы өткен Еуропа біріншілігінде сөне бастады. Ол кезде команданы әлі Маркус Баббел, Лотар Маттеус, Томас Хесслер және Оливер Бирхофф сынды «кәрі қасқарлар» ұстап тұрған. Жас ойыншыларға зәру Неміс елі тығырыққа тірелді. Өйткені аға жолын жалғастырар жаңа буын болмады. Бұл кезең неміс футболында шешуші рөл атқарды. Немістерге жастарды тәрбиелеу жағынан теңдессіз, балалар футболының мектебін ертеден-ақ қалыптастырып үлгерген көршілес Нидерланд елі көмекке келді. Олар бұранғы ГДР мектебінен қалған әдістемелерді жандандырып селекциялақ жұмысқа басты назар аудару керегін алға тартты. Осы кезден бастап Германияда жаппай спорттық инфрақұрылымды жаңарту мен жіберген қателерді түзеу жұмысы қарқын алды. Оның үстіне 6 жылдан кейін өз елдерінде әлем чемпионатын қабылдап, жүлделі болу керек…
Бұл мақсатта жергілікті клубтар базасында дарынды балаларды қабылдап даярлау орталықтары ашыла бастады. Гетце, Мюллер, Бадштубер… Бұлар үлкен қалалардан емес кішігірім ауылдардан-ақ футбол тәлімін алып құрама сапына қабылданғандар. Голландиялықтардың кеңесімен Немістер тағы бір науқанға көшті. «Таланттар күні» деген атаумен Германиядағы кейбір клубтардың мектеп базасында «жер жүзінің» дарынды балаларын бақылау желеуімен байқаулар ұйымдастырылып, онда шетелден келген жасөспірімдерді назарға алып, жақсыларын өз еліне тарту секілді қу саясат іске аса бастады. Дәл сөйтіп поляк Лукас Подольски мен Петр Троховскиге, австриялық Кристиан Лелль мен ағылшын Оуэн Харгривзке Германия құрамасының есігі ашылды.
Бірақ шыны керек, немістер 90-шы жылғы «кәрі әскердің» сөлін соңғы тамшысына дейін сығып 2002-ші жылдағы ӘЧ финалына дейін жеткізді. Еуро-2004-тің топтық кезеңі Неміс құрамасында жаңа есімердің пайда болуымен ерекшеленді. Бас бапкер Руди Феллер өз командасын Филипп Лам, Бастиан Швайнштайгер мен Подольскилердің көмегімен топтық кезеңнен асыра алмады. Алайда Неміс елі бұл тек уақытша, жеңістер алда күтіп тұрғанын сезіп түсіністікпен қарады. Он жылдық тынымсыз жұмыс өз жемісін бере бастады.
Неміс футбол кеңестігі жүйелік өзгертулер енгізді. Еуро-04-тен кейін Германиядағы №1 спорттың бастығы болып Тео Цванцигер тағайындалды. Қаржы мен менеджмент саласында мол тәжірибесі бар Цванцигер футбол жүйесін түп тамырымен өзгертті. Ең алдымен ол Бундеслига мен футбол кеңестігінің арасын ажырата отырып ұлттық чемпионатқа жаңа өмір сыйлады. Неміс біріншілігі құсадан бір арылғандай еркін жүйітки жөнелді. Бұл жағдай Бундеслигаға қаржының тікелей құйылуына жол ашты. Клубтар әрбір евроцентті үнемдеу үшін қымбат бағалы легионерлермен қош айтысып олардың орнын өте талантты әрі арзан жас ойыншылармен толтыра бастады. Бұл үрдіс әсіресе Бундеслига қақпашыларынан көрініс тапқан: «Вольфсбург» пен «Гамбург» командаларының 1-ші нөмірлері швейцар өкілі Диего Бенальо мен чех Ярослав Дробны болса, қалған клубтардың негізгі қақпашылары түгелдей Германия азаматтары.
Бүгінгі күнде неміс чемпионатында легионерлер жоқ емес, бар. Бірақ олардың (өзге чемпионаттардағыдай) жаңа буынның өсіп жетілуіне еш кедергісі жоқ.
Цванцигердің тағы бір маңызды қадамы – чемпионат иерархиясын жаңа деңгейге көтерген үшінші Бундеслиганың құрғаны болып табылады. Бұл арқылы екінші девизиондағы бәсекелестік артып негізгі клубтардың екінші құрам ойыншылары шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды. Бұрындары жас ойыншылар атақты ағаларының көлеңкесінде қалып қоя беретін болса, енді Хуммельс, Гросскройц, Бендер, Шмельцер секілді ойыншылар фарм-клубтарда ойнып жүріп-ақ есімдері әйгілене бастады. Осы жерде айта кету керек, Немістердің жастар құрамасы Еуропа біріншілігің көшбасшысы болып табылады.
Неге біздің елде де осы үлгіні негізге ала отырып чемпионатта өнер көрсететін жастар санын көбейтпеске? Мұхаңның «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген сөзі қазақ футболына да арналғандай. Келімсектерді бөтен елдерден сатып ала бергеннен келіп кетер еш пайда жоқ. Бізге де немістер құсап жастарды бүгіннен даярлау керек. Олардың дайындығына он, мүмкін жиырма жыл жұмсалар. Бірақ түптің түбінде халықаралық ареналарда өзіміздің қарадомалақтарымыз шабар. Онысыз да бұдан басқа жол қалмады!
Олжас ОҚАСОВ
Мінбер-Спорт
Парақшамызға жазылыңыз
Өте жақсы сараптама.
Жазбаларың ұнайды Олжас, жарайың. Тамаша жазыпсың.
Рахмет)
Бұл евроспорттағы орыс тіліндегі мақала ғой… Керемет, жақсы аударма !!!
Аударманың өзі оңай жұмыс емес екенін мойындау керек. Рахмет, Олжеке!
Дұрыс қой енді керемет деп жатырмыз ғой…
кучт кучт