///

Душанбеде ХІІІ Орталық Азия елдерінің БАҚ конференциясы басталды

910 рет қаралды
5

 

29 қарашада Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Орталық Азия елдерінің ХІІІ БАҚ конференциясы басталды. Бұл жолғы конференцияның тақырыбы «Плюрализм және интернетті басқару» деп аталады.

 Конференцияны ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілдігі  бюросының директоры Андрей Рихтер бастады. Конференцияға Тәжікстанның ресми билік өкілдерінен Сыртқы істер министрінің І орынбасары Махмуджан Собиров қатысып, конференцияға қатысушыларды құттықтады. Ол Тәжікстан сөз бостандығын қамтамасыз ету үшін қолынан келгенін жасап отырғанын айтты.  ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы бюросының елшісі Ивар Вики қатысушыларға ақ жол тіледі. Оның айтуынша осыдан он жыл бұрын Тәжікстанда интернет пайладанушылардың саны 2000 адамның біреуі болса, бүгінде 13 адамның біреуі интернетті пайдалана алады екен. ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович өз сөзінде бұл конференцияны Тәжікстан екінші рет өткізіп отырғанын айтып, Тәжікстанның сөз бостандығын қамтамасыз етуде қолынан келгенін істеп отырғанын айтып өтті.

29-30 қарашаға жоспарланған бұл конференцияның күн тәртібінде «Интернетті ЕҚЫҰ аймағында реттеу: проблема және озық тәжірибе», «Интернет: даму саясаты, принциптер, заңдар және халықаралық және ұлттық деңгейде өзін өзі реттеу», «Біздің жолымыз дұрыс па? Интернет БАҚ-тың дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы», «Интернет – технология ғана емес, сонымен қоса мүмкіндік те» деген тақырыпта баяндамалар жасалмақ.

Сонымен қатар, «Орталық Азия елдеріндегі интернетті реттеу» тақырыбында арнайы сессия жоспарланған. Бұл сессияда Қазақстан атынан Байланыс және ақпарат министрлігі БАҚ жөніндегі мемлектетік саясат департаментінің басшысы Мақажан Шәйкен мен Бәсекелестікті зерттеу орталығының директоры Әділ Нұрмақовтар «Қазақстандағы интернетті реттеу» тақырыбында баяндама жасамақ. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінен Қырғызстанның Медиа Полис институтының директоры Бегаим Усенова «Қырғызстандағы интернетті құқықтық реттеу жағдайы» деген тақырыпта баяндама жасайды.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Құрметті, Мінбер, сіздер қазіргі заман журналистеріне осы арқылы да жақсы үлгі көрсетіп отырсыздар. Рахмет, бұл ақпаратты ешқайдан көрген жоқпын,

  2. Қоғамдық алға ілгерлету, ол – ашық ақпараттық кеңістіктің, жариялылықтың жемісінен бөле қарауға болмайды. Бұл туралы хабарлағандарыңызға рахмет.

  3. суреттеринизди адамдардын арт жагинан тусирмениздер. жаман гой

  4. Қазіргі кезде интернет-журналистика елімізде өте жақсы дамып келе жатыр. Негізінде, интернет- журналистика БАҚ-ң шыңына жететініне менін күмәнім жоқ.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар