Кәкен Қамзин өмірдерек

1817 рет қаралды

Кәкен Қамзин – 1949 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік телерадиокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата» газетінде, «Парасат» журналында қызмет істеді, «Қазақ мемлекеті» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары міндетін атқарды. Қазір ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы. Филология ғылымының докторы, профессор.

«Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 2002 жылы « Ә.П.Михаэлистің журналистік қыз -меті» атты монографиясы жарық көрді. Бірқатар туындылары орыс, неміс, қарақалпақ тілдеріне аударылған.

Дереккөз: wikipedia.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар