Ливия премьер-министрінің уақытша міндетін атқарушы Абдель Рахим әл-Киб өтпелі үкімет құру аяқталғанын мәлімдеді. Бұл үкімет келесі жылдың маусым айына белгіленген парламнет сайлауына дейін билік басында болмақ.
Триполиде өткен баспасөз мәслихатында ол мәлімдегендей, кабинетке полковник каддафидің ұлын тұтқынға алғандар қатарында дала командирі болған Усама Джувайли кіреді. Ол Қорғаныс министрі орынтағына отырды.
Батыс дипломаттары министрлік қызмет Ливиядағы белгілі тұлғаларға емес, осы уақытқа дейін таныс емес адамдарға бұйырғанына таңданыс білдіруде.
Дереккөз: terfax-Kazakhstan
Парақшамызға жазылыңыз
Бәрі де алдын ала ойластырылған ойын, Еуропаға кетіп жатқан 90 пайыз мунайын көре алмай,іші тарланып АҚШ-тың істеп отырған келесі бір иттігі, бұған дауа бар ма өзі?????