///

Өтежан Нұрғалиевтың жанды дауысы

1878 рет қаралды
4

Өмірдерек:

1938 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының «Ақжар» ұжымшарында дүниеге келген.
1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1964–
1968 жж. Жарқала орта мектебінде мұғалім, 1968–1969 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде тілші, 1969–1972 жж. Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, содан кейін «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарған. Қазақ телевидениесінде жұмыс істеді. Қазір шығармашылық демалыста.
Әдебиетке алпысыншы жылдары «Менің махаббатым» атты жыр жинағымен келген ақын өлеңдерінде жаңа бояу, тың үн, тосын мінез бар. Ақынның өзі де әдебиетке жаңбыр болып құйып, нөсер болып төгіліп келді. Әдебиетке жаңа леп, жаңа тыныс қосылды. Ол көптеген кітаптардың авторы.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Менің махаббатым. Өлеңдер. «Жазушы», 1962; Ақ нөсер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Нөсерден кейін. Өлеңдер. А., «Жалын», 1971; Ай астында ақбоз үй. Өлеңдер. А., 1972; Қайыңды тоғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Таңдамалы. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 1-кітап. А., «Жалын», 1977; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 2,3,4-кітаптар. А., «Жазушы», 1978, 1980, 1984; Тыныштық. Өлеңдер. А., 1987; Афина мектебі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1997.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Марқұм Өтекең ай, сондай өр мінезіңмен арамыздан сен де кеттің… Өтекең өлеңін, тірі дауысын сайтқа салғандарыңызға рахмет!!!

  2. Құрметті «Мінбер.KZ» ұжымы!

    Сіздің тұрақты оқырмандарыңыздың бірі ретінде сұрайтын бұйымтайым бар:
    Мен ақын Өтежан Нұрғалиевті аса жоғары бағалаймын. Көзі тірісінде, студент кезімде Ақтөбе қаласында тойланған 70 жылдық мерейтойында арнайы Ақтаудан барып сұхбат та алғанмын. Ол жарияланды да:
    http://baq.kz/kaz/blogs/cat/122/874
    Мен үшін оның өлеңдері, Өтекең туралы ақпараттар, мақалалар мен сұхбаттары қызық. Жинап жүремін. Алматыға үйіне де барып тұратын едім. Сіздің сайтта ол кісінің жанды дауысы жарияланыпты. Өлеңіндегі жағдайлардан түгел хабардармын. Енді өтінішім – осы өлеңді өзіме жүктеп ала алмадым. Менің поштама жібере алсаңыз, бек қуанар едім.
    Алдын ала рахмет!
    http://www.minber.kz/2011/11//

    Құрметпен, Бақтыбай ЖАЙЛАУ,
    Ақтаудан

  3. Сәлем, Мінбер ұжымы. Мен Ақкүрең Бақыт. Фб парақшасында Ақнөсер тобын ашып, ақын жайлы естеліктер, шығармаларын жариялап жүрмін. Ақ нөсерге ала алмай отырмын.Әлеуметтік желіде Әдебиет сүйер оқырманға көбірек насихаттап, таныстырып бару. Мақсаттарымыз бір ғой, ел іші ақындарын оқып жүрсе деген ойдан туып еді. Алдын ала рахмет. Сіздерге істеріңізге СӘТТІЛІК, шығармашылық табыстар тілеймін
    akkurenb@mail.ru

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар