/

«Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» атты медиа-тренинг өтті

1627 рет қаралды
6

Қарашаның 18-19-шы жұлдызында Әл- Фараби атындағы  Қаз ҰУ-дың журналистика  факультетінде алғаш рет «Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен студенттерге арналған медиа-тренинг болып өтті.  Аталмыш шараны ұйымдастырушылар журналистика факультеті декaнының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, доцент Қарлыға Мысаева және осы факультеттің биылғы түлектері.

Тренингті өткізудегі мақсат жаңа медианың мүмкіндіктерін студенттерге кеңірек үйрету. Екі күндік семинар-тренингте фото, видео, аудио, өңдейтін бағдарламаларды тәжірибе жүзінде қолдана білу (picassa, audacity, videopad), әлеуметтік желілерді ұтымды пайдалана білу (facebook, gmail.com, twitter)  және блог жүргізу  (kazjur.kz) жайлы айтылды.

Медиа-тренингтің ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен  Қазақстандағы АҚШ елшілігі, «Азаттық» радиосы, «MediaNet» журналистерді қолдау  орталығы және т.б

Жобаға қатысушыларға жаңа медианың қазанында қайнап жүрген тәжірибелі мамандар дәріс оқыды. Мысалға, «Қазақстан РТРК» веб ресурстар бөлімінің бастығы Мейрамхан Жәпек блог жүргізудің қыр сырын үйретсе, «МеdiaNet» Халықаралық журналистика орталығының жоба үйлестірушісі Дінмұхаммед Зиядин жаңа медиа және мақаланың құрылымы жөнінде презентация өткізді.  Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгүл Кәпқызы қазіргі қазақ журналистикасындағы тенденциялар жайында мәлімет берді. «Қазақстан РТРК» веб ресурстар бөлімі қазақ редакциясының бас редакторы Ербол Азанбек ақпарат қөздері, ақпарат алу және пайдаланудағы ескеретін жайттарды атады.

Ұйымдастырушы Қарлыға Мысаева: « Біздің мақсатымыз болашақ журналистерге жаңа медиа туралы толық түсінік бере отырып,   пайдаланып  әмбебап журналист болуларына қол ұшын беру. Байқаған болсаңыз,  дәріс берушілердің қатарында біздің студенттеріміз де бар. Факультетіміздің тарихында бірінші рет орын алып тұрған жағдай деп айтуға болады.  Студентке студент білгендерін үйретсе біз тек қуанамыз.  Мысалға 4 курс студенті Жаңылай Базарбаева «Аудио жазудағы ерекшеліктер және аudаcity бағдарламасымен жұмыс» деген тақырыпта тренинг өткізді. Толық ақпар бере отырып,  тәжірибемен сабақтастыра түсті. Болашақта әлі де осындай тернингтер өткізіп тұрамыз деген үміттеміз.»

Аталмыш шара жайлы  тренер Ербол Азанбек былай деді: «Журналистика факультеті теорияны көбірек оқытып, жаңа медиа жайлы толық ақпарат бере алмауда. Бұл өткізілген шара негізі дұрыс. Әлі де мамндарды шақырта түсіп көп нәрсені үйрету керек.  Жаңа медиа қарқынды дамып, газеттердің орнын басуда.  Журналистика факультетінің өзіндік сайтын ашу керек.  Қазақстанда блог жүргізумен көбіне әуесқойлар айналысады. Ал өзіміздің студенттер блогтың не екенін білмеуі өте ұят.  Алдағы уақытта да өтіп тұрады деген сенімдемін.»

Бір қызығы семинарға  қатысушылар саны 25 –тен аспады.  Мұның себебін Қарлыға Мысаева былай түсіндіреді: «Игерілер ақпарат өте көп.  Оның үстіне, біз,  практикалық жұмысты көп жасаймыз. Ал егер көп қатысушы болса, шашырап  дәріс игерілмей қалу қаупі болды. Сондықтан да студенттер санын шектеуімізге тура келді.»

Тренингке қатысушы студент Айжанат Қазиева: «Шара қатты ұнады. Көптеген бағдарламалармен жұмыс істеуді үйрендім. Алдағы уақытта тағы да өтіп тұрса қуана- қуана қатысамын»,- дейді.

«Қазақстан РТРК» веб ресурстар бөлімінің бастығы Мейрамхан Жәпек блог жүргізудің қыр сырын үйретті

Тренинг соңында студенттерге арнайы сертификаттар, алғысхаттар , демеушілердің арнайы сыйлығы тапсырылып, естелікке суретке түсті.

Рысгүл Рамазанова

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Курстастарымның студенттерге пайдалы медиа-тренинг өткізгендері қуантады. Студент жастарға жаңа медиа мен мақаланың құрылымын үйрену өте қажет. Сондықтан да алдағы уақытта өтіп тұрса жақсы болар еді.

  2. Қатып-семген теориядан гөрі осындай дүниелерді ұйымдстырып отырған ресми билік өкілдеріне – деканаттарыңа рахмет

  3. Журналистика- үнемі іздену мен ілгері талпынуды қажет ететін мамандық. Сондықтан болашақ журналист уақыт талабына сай еңбек етуі үшін оған ізденіс пен жан-жақты тәжірибе қажет. Біздің игілігіміз үшін іс-шаралар өткізіп жатқан ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз.

  4. дұрыс айтасыздар! жастарды осыған баулу керек! өте ігі шара!

  5. Медиа – тренингтің КазҰУ-нін журналистика факультетінде өткеніне мен қуаныштымын. Еліміз қадамдарын алға жиі басқандықтан,болашақ журналистерге,медианын барлық қырларын білу қажет.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар