//

“Алаш” күні ардақталып, “Алаш” төсбелгісі табысталды

1390 рет қаралды
3

1917 жылы құрылып, 2 жыл 2 ай қызмет атқарған Алаш үкіметіне бүгін 94 жыл. Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары Орынборда 13 желтоқсан күні сағат үште «Алаш Орда» ұлттық үкіметінің құрылғанын жариялаған болатын. Алайда, атаулы уақытты қоғамдық ұйымдар ғана атап өтті. Азаматтарға Алаш арысы атындағы медальдар табыс етілді.

1917 жыл. Осы мезгілде Орынборда 2-бүкіл қазақ құрылтайы өтті. Делегаттар қазақтың байтақ жерінде «Ұлт Кеңесі» түрінде билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру туралы шешім шығарып, милиция жасақтау туралы қаулы қабылдайды. Нәтижесінде, 13 желтоқсанында тұңғыш Ұлт Кеңесі – Алашорда үкіметі заңды жұмысын бастайды. Төрағасы – ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов болса, астанасы – «Алаш – қаласы» атанған Семей болып бекітіледі.

Алашқа ұйытқы болған, ендігі заманда әр қазақтың жүрегінде бейнесі мәңгі сақталатын тұлғаларымыздың барлығы атылды, бірақ, ұлттық үкімет, қазақтың мемлекеті қандай болуы керек деген ұғымға мәңгілік үлгі, жойылмайтын жосын жасап кетті.

Тарихи күн, ұлттық мерекеге бергісіз қасиетті күн атаусыз қалмады. «Абай.kz» ақпарттық порталы «Әлихан Бөкейхан» медальін бекітіп, ұлтқа жанашыр болып жүрген азаматтардың төсіне тақты.

Қазақстан Жазушылар одағының конференц залында әдебиет пен мәдениетке, өнер мен ғылымға ерен еңбегі сіңген азаматтарға арналған медаль табысталды. Төсбелгілер марқұм – Қасым Жәкібаев, алаш арысы – Міржақып Дулаттың ұрпағы Гүлнәр апамызға, тарихшы Мәмбет Қойгелді, Әнші – Рамазан Стамғазиев, Күйші – Секен Тұрысбеков, былғары қолғап шебері – Қанат Сіләмұлы сынды 20 адамға берілді.

Қ.Мұхаметханұлы

“Алматы арнасы”

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Беу, АЗАМАТ! Өстіп рухымызды асқақтата беріңдер! Жасасын АЛАШ, жасасын қазақ рухы!

  2. Шынымен де бұл күн атаусыз қалмағаны өте қуанышты жағдай. Алла дендеріңе саулық берсін осы игі шараның басы-қасында жүрген жігіттер мен қыздар!

  3. Керемет, осындай кештер көптеп ұйымдастырылып, жаңа жыл деп гөлайттап жүрген көп мәңгүрттің санасына ұлт, тәуелсіздік сәулесін түсірсін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар