Eurosport.ru «Сельтаның» бұрынғы ойыншысы Александр Мостовойды сұхбатқа тартып, Эль Класико төңірегіндегі әңгімелер саябырси бастаған шағында өткен ойын турасында пікірін біліп, «Барселонаның» «Реалдан» несімен басым түскені жөнінде жауап алды.
“«РЕАЛ» МЕССИДІ ҮШ ҚОРҒАУШЫМЕН ДЕ ТОҚТАТА АЛМАС ЕДІ”
– Мамандардың талайы «Реалдың» «Барсадан» баса озатын шағы келді-ау деген ойда болған, cіз ше?
– Талайы солай деген, бірақ мен емес. Достарымның көбі менен «кім жеңеді?» деп сұраған. «Реалдың» бүгінгі бабы жөніндегі шындығын білу үшін оған «Барсамен» ойнау қажет болды. Соңында Мауринью шәкірттерінің бұрынғы қалпынан жылжымағанын байқадық. Бүгінгі «Реал» бір жыл бұрын да дәл осы ойынын көрсетіп жүрген.
– Демек әр ойында орта есеппен 4 гол соғып жүрген «Реалдың» жеңістері және үнемі жарақатттанып, кейде тең нәтижелермен қайтып жүрген «Барселонаның» ойыны сізді еш таң қалдырмады ғой?
– Жоқ, әрине, «Реалдың» жеңістері елең еткізерлік. Бірақ ол былтыр да дәл сөйтіп ірі есептермен жеңіп жүрді емес пе. «Реал» мен «Барсаның» деңгейі қатарлас командаларынан әлде қайда жоғары екені де жалпақ жұртқа аян. Әрине, қос командада әлемнің ең үздік футболшылары топтасқан. Мәселе мынада, «Барселонада» ойыншыдан бұрын өздерінің 4-5 жыл бойында көрсетіп келе жатқан жүйелі ойын мәнері бар.
Өкінішке орай, «Реалда» ондай ойын байқалмадайды. Жеңіс оларға көбінше араларындағы ойыншылардың жекелеген шеберліктернің арқасында келеді. Вальдестың тұрпайы қателік жасап, нәтижесінде гол өткізіп алғанын көрдік. Ал жалпы команданың аласұрып басын жоғалта сасып қалғанын байқамадық. Олар тіпті жеңетінін алдын ала білетіндей діттегеніне ақырын ғана қозғалып алаңда бейқам қимылдады.
– Көп журналистер, «Реалдың» жылдам голы өз жоспарына кедергі келтіріп ойын жүйесіне нұқсан етті деген пікір білдірді. Бұған не дер едіңіз?
– Айта береді, журналистер жылдам гол мен кеш голдар жайлы жаза бергенді ұнатады. Не үшін кедергі болады екен? Гол – кез келген минутта да гол. «Хетафе» де гол соғып жеңді емес пе. Қалайша гол «Реалдың» ойнына кедергі болады? Не, кейінірек соқса қарғаныста «жата қалар» ма еді?
– Мауриньюның негізгі күшті ортаға жұмылдырып екі орталық жартылайқорғаушыны қатар қойғанына қалай қарадыңыз?
– Мен «Реалдың» ондай қадамдарына назар аудармаймын. Мысалы, Пепе Мессині жеке «бағумен» болды. Оған қарсы қайта-қайта ереже бұзғалы тұрды. Мүмкін, оны тежеудің басқа амалы қалмаған шығар.
«Реал» кәдімгі күнделікті ойынын көрсетті. Үш қорғаушы шығарсын ал… Не болды? Бәрі «бос әңгіме». Месси Озілден қашып Алонсо мен Диарраны артта қалдырып Санчесті бірге-бір шығарып жатса үш қорғаушы не істей алады оған?
«РЕАЛДА» «БАРСЕЛОНА» СИНДРОМЫ
– Есеп өзгерген соң мадридтіктер жоғары прессингте жұмыс істегенді қойды. Алғашқы гол бірінші минутта соғылғанын есепке ала отырып қарсыласын қыспақтауды доғармау керек па еді?
– Жо-жоқ, жағдай мүлде басқаша еді. «Реал» шабуылдауды азайтқан жоқ, гол соққысы да келді… Ыңғайсыздығы қарсыластарының доп ұстауында. «Барса» өзара пас алмасқанда допты мадридтіктер артынан жүгіріп үлгермейтіндей жылдамдықта ұстайды. Мадридтіктер жүгіре-жүгіре шаршап, ақыры басқа амал іздеп жаңа әдіс ойластыру керектігін түсінді.
– «Бернабеуде» Гвардиоланың үш тұғырлы қорғаушы сызбасын қолданғаны жөнінде пікіріңізді айта кетсеңіз…
– Айтарлықтай үлкен қадам жасады деп айтпас ем. Гвардиола жалғыз Роналдуға бір Пуйльдің де шама-шарқы жетерлігін түсінді. Бұл міндетті Пуйоль мінсіз атқарып, бүкіл оң қанатты жіті назарында ұстады. Пеп түгелін дұрыс істеді. «Барса» үш қорғаушымен де ойнай алады.
– «Реал» мен «Барса» арасындағы матчты объективті түрде салыстыра отырып, бұл маусымда Роналду яки Месси мықтылығын анықтауға болар ма еді?
– Меніңше, бұл жөнінде әңгіме қозғау әлі ертерек секілді. Онымен қоса екеуі салысытыруға мүлдем келмейді. Олар ойын мәнері жөнінен мүлдем әр түрлі ойыншылар. Тек кемеңгерлік жағынан біреуі екіншісінен асып тұр және әзірше біреуін «Барселона» қорғаушылары еш қиналыссыз-ақ игеріп алды. Осы-ақ…
– Неліктен Роналду бұл ойында сылбыр қимылдады? Жалпы Класиколардағы ойындарынан мәнерлік неге байқалмайды?
– Жалпы биылғы күнтізбелік жылдағы барлық Класиколарды алып сыни көзбен қарар болсақ еш бір мадридтіктің ойнын бөліп жарып айта алмас едік. Бірақ Роналдуды олайша сынауға болайды. «Барсаның» ахуалы қандай болса да, бүгінгі таңда ол «Реалдан» күштірек. Былтыр солай болды, егер негізгі құрам ойыншылары осы қалпында бола берер болса келер жылғы мықты клуб та анық.
– Мадридтіктер екінші гол өткізген соң тіптен басын салбыратып алды. Бұл немен байланысты?
– Екінші гол мадридтіктерді накдаунға түсірген секілді. «Реал» «Барселонамен» болатын ойындардағы үйреншікті күйіне ене бастады. Сөйтіп өз өздеріне деген сенімдерін жоғалтып, қайтадан ештеңе бұйырмайтынын түсіне бастады.
– Мұндай жоғары деңгейлі клубтың футболшыдары психологиялық тұрғыдан әрқандай жағдайға дайын болу керек емес пе?
– Кез келген спорт түрінде ыңғайсыз қарсылас деген түсінік бар. Бір кездері Федерер де Надальмен теннис кортында түйіскенде оған қарсы қандай қару қолданарын білмей басы қатқан. «Реалдың» кейпі де дәл сондай қазір.
– Онда, мадридтіктер «Барселона» комплексіне» шалдыққан деуге келе ме?
– Иә, солай болып тұр.
“«РЕАЛ» ЕШҚАШАН «БАРСЕЛОНАДАЙ» ОЙНАЙ ҚОЙМАС”
– «Реал» не істесе жеңе алар еді? Бүгінгі «Барселонаның» кемшіл тұсы бар ма?
– Негізгі құрамда екі-үш ойыншысының болмауы «Барсаның» жалғыз кемшілігі дер едім. Былайынша ақсап тұрған ештеңе жоқ.
– Басқаша айтқанда, ойын алдында «Реалдың» жеңуге еш мүмкіндігі болмағаны ғой?
– Ойынға дейін пайыздық мөлшерде олардың мүмкіндігі 50 де 50 құраған. Бұл ойын басталмай тұрып. Алғашқы ысқырық шалынғаннан кейін бәрі түсінікті болды. Мен тек өз көзіммен көргенімді баяндап отырмын. Аспаннан алған ештеңкем жоқ, сөздерімд дәйекті.
– Жеңу мүмкіндігі әр командада болады. Бірақ матчта кез келген жағдай орын алуы мүмкін. «Хетафені» алып қарастырайық. Ым-дымсыз-ақ «Барселонаны» жеңе салды. Ойын алдында жеңуге еш мүмкіндігі жоқ деп жүрген команда жеңіп кетті ғой.
Реалдың мүмкіндіктері дәл сондай болған. Ал егер жеңіп кеткен жағдайда бәрі басқаша сөйлер еді. Түгелі: «Мауриньдан ұлы бапкер жоқ» деп шыға келер еді… Ал менің жеке ойымша ол ешқандай ад ұлы бапкер емес. Онымен жеңіске жеткен командаларда әлемнің ең үздік ойыншылары ойнаған. Мұндайда қайдағы ұлылық? Жозе – қатардағы жақсы бапкер. Бірақ ұлы емес.
– Менің байқауымша соңғы жарты сағат «Мадридте» Месси секілді «жоқтан бар жасап» ойын тағдырын бір-ақ пасымен шеше салатын ойыншының жетіспейтіндігін көрсетті.
– Месси секілді ойыншы ешбір командада жоқ. «Реалда» да басқасында да. Не айтары бар? Месси – нағыз футбол данышпаны.
– Жәрәйді, ал деңгей жөнінен тең келетін ойыншы бар ма?
– «Жоқ» деймін, жоқ. 24 жасында екі жүзден аса гол соққан бір футболшының есімін атай аласың ба? Ал Месси ойынына екі-үш голдан соғады. Түріне қарасаң бойынан шаршау дегенді байқамайсың. Мадридтің үш бірдей ойыншысынан өтіп пас беріп, гол соғады… Ол жүз жылда бір туатын футболшы.
– Яғни, «Реалдың» проблемасы – Мессиінің жоқтығы демексіз ғой?
– Әлбетте! Оларда Месси, Иньеста, Хави де жоқ. Алайда бұл «Реал» жаман команда дегенді білдірмейді. «Реал Мадрид» ұлы команда. Екеуінің бүгінгі бәсекелестігі «Барсаның» әлемдегі ең үздік команда боп тұрған шағымен астасып тұр.
– «Реал» ойыншыларына допты «Барса» құсап ширақ жүгіртуді үйрену үшін қанша уақыт қажет?
– Бұл тұрғыда «Реал» «Барсаға» еш ұқсай алмайды. Өйткені стилі бөлек. Роналду ұлы футболшы. Алайда ешқашан Мессидей яки Иньеста мен Хавидей ойнап кетпейді. Ол физика мен жылдамдығының көмегіне жүгінеді. «Бере сап – ашылу» секілді ойын оның табиғатына жараспайды. Ол допты алады, алдайды, өтеді…
Сұхбаттасқан: Леонид Шлыков
Мақаланы Eurosport.ru сайтынан аударған: Олжас НҰРАЗХАН
Парақшамызға жазылыңыз