Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзеннің қара жамылған халқымен кездесті. Бұл ақпаратты ең әуелі “Нұр Отан” партиясының хатшысы, саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің twitter-дегі шағын блогында жариялаған. Көптеген ақпарат агенттіктері Ерлан Қаринға сілтеме жасап, Назарбаевтың Жаңаөзенге келгенін жарыса жазып жатты. “Азаттық” радиосындағы “Назарбаев Жаңаөзенге жетті” атты мақалада Жаңаөзен тұрғындары Президенттің Жаңаөзенге келгенін нақтылайды. Бүгін түстен кейін Маңғыстау облысына сапар шеккен Елбасы аталған облыстың әкімін ауыстырып, жаңа әкім тағайындаған. Жаңа әкім ретінде бұған дейін Сенат депутаты болған, Ішкі істер министрі қызметін атқарған Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады. Сондай-ақ, Жергілікті ақпарат агенттіктері Маңғыстау облысының әкімімен бірге “Қазмұнайгаз” ұлттық мұнай-газ компаниясы мен “Қазмұнайгаз” Барлау-өндіру” мұнай өндіру компаниясының басшылары ауысқаны туралы мәлімет таратып жатыр.
16 желтоқсанда жаппай наразылық акциясы салдарынан Жаңаөзенде және Шетпеде 16 адам өліп, 108 адам жараланған. Қазір ондағы оқиғаға кінәлілерді анықтау мақсатында І вице-прьемер Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Сонымен бірге Жармахан Тұяқбай басқаратын Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының бастамасымен тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылған болатын. Қазір бүкіл әлем Жаңаөзендегі оқиғаға назар аударуда.
Minber-ақпарат.
Парақшамызға жазылыңыз
Өте дұрыс болды. Біздің бәріміздің күткеніміз осы еді ғой.
Баяғыда, жеті ай бұрын, көк жайлауда осылай істеу керек еді, енді жау кеткен соң … не керек.
қазақта бір мақал бар ақсақ қой түстен кейін…. м… деген мынау сол болды
есім, айта алмай отырған сөзіңді жалғайын: …қылышыңды боққа шап деуші еді.
NAN мықты болса қашқан жастарды артынан атқан, жығылған адамды дубинғамен соққылап басы көзіне тепкілеген, қанішерлерді тауып жазасын беріп, сазайын трқызсын, қашқан жауға қатын мықты деген ғой.
қит етсе атып тастайтын болыпты, атқанда ылғи арт жағынан атады. бұл бір. ал полицияның суы, буы, талдыратын қарулары болушы еді…
қазыбек мырза оны енді мен білемін ғой. мынау нағыз пиар жинау үшін жасалған саяси ойын екені көрініп қалды. сорлаған қазағым, аңқаң қазағым.
бұ кісіге пиар жетеді. махамбетті оқыңдар. махамбетті “хан емессің…
сонан соң тағы ереуіл атқа ер салмай, еңку еңку жер шалмай, қу толағай бастанбай…..
анык каныгын тусинбей не деп былжырап кеттіндер. бул жерде ойын бар, арандату бар. биреуді бірден кіналай салу онай. рас, укимет осалдыгын корсетті. бірақ дәл тәуелсіздік күнінде осынын бәрін уйымдастырған кім?! сонша адамды курбандыкка жеткізген кім?! акпараттын бәрін Кплюс таратты, яғни Аблязовтын каналы. Неге?! осыны ойлану керек.
Өте өкініштісі, ататын адамды қасқайтып қойып алдынан атса еді, қашқан жұртты артынан атып, одан қалса, аттап мәйітті, адмашылықтан асқанын күні бүгінге дейін жадымнан шыққпай көз алдымда тұрып алды. недеген қорлық! атсын қорламай ату керек қой.
Құрметті дипломаттар! Сіздер еліміздің сыртқы саясатын қалыптастырудың ең жоғары тобы болып тұрсыздар. Шет елдермен біздің қарым қатынастарымыз қандай болатыны, шетелде біздің еліміздің атағы қандай болатыны, шет мемлекеттерде тұратын қандастарымызбен қандай әрекеттесу форматы болатыны, шет мемлекеттерде және халықаралық ұйымдарда біздің ұлттық мүделеріміз қалай қорғалатыны Сіздерге байланысты. Кәзіргі таңда, біздің еліміз әлемге тұрақты, сенімді әрі болжаулы әріптес ретінде танымал, біздің айтқанымызға құлақ асады, пікірімізге зер салады. Әлемнің іргелі мемлекеттер мен орталықтыр біздің елімізге құрметпен қарайды, біз өзіміздің сенімділігімізді халықаралық және өңірлік деңгейде, көптеген екіжақтық және көпжақтық кездесулерде анық айқындадық. Ақыр аяғында егемендік алғанымыздан бері айтып жатқанымызға халықаралық аренада бағаланды, сондықтан әлемдік қауымдастығының біздің елімізге және өңірімізге тиісті негізгі мәселелерге көзқарасы, біздің еліміздің қозқарасына негізінде сай. Әлемнің іргелі елдермен және ұйымдармен қарқынды саяси диалог қалыптасты. Шет елдердің басшыларымен, соның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше мемлекеттердің басқарушыларымен көптеген байланыстар, кездесулер және өзара сапарлар жүйелі түрде өткізілген. Дос елдермен байланыстар мен қарым қатынастарға жаңа сапа мен жаңа мағына берілді. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ең маңызды процесстерге Қазақстан белсенді түрде қатысып жатыр. Халықаралық аренада біздің позицияларымыз күшейді, біздің беделіміз өсті, ал даусымыз естілетін болды. Менің ойымша, Қазақстан ары ғарай ашықтықта және тұрақтылықта, достастық пен әлемдегі бүкіл шет елдерге құрметпен қарауда негізделген сыртқы саясатты жүзеге асыру керек, бірақ әрқашанда біздің ұлттық мүдделеріміз бірінші орында болу керек. Әлемдегі пайда болып жатқан әрбір мәселені саяси дипломатиялық құралдармен шешуіне болатынына мен нық сенемін. Мемлекетаралық қатынастарда ең біріншіден, біз белсенді түрде экономикалық тақырыптарды көтеруіміз керек. Біз белсенді түрде отандық кәсіпорындардың экономикалық мүдделерді шетелде қорғаумыз керек және ілгері бастыруымыз керек. Біздің елшілеріміз осымен белсенді араласу керек деп есептеймін. Қазақ компаниялардың шетелдегі іс әрекеттерін біз қолдауға және ынталандыруға міндеттіміз. Қазақ компаниялар, мейлі мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын сыртқы нарықтарға мердігер, инвестор және сатушылар ретінде шығу керек. Біздің елшіліктеріміз шетелде қазақ компаниялардың іс әрекеттерін қамтамасыз ету керек. Осылай болу керек. Дамыған елдер өзінің компанияларға басқа елдерде жақсы жағдай жасау үшін тұрақты түрде күш салады, еңбектейді. Біз де осы жолмен жүруіміз керек. Экономикалық дипломатия біз үшін жаңа болғандықтан, елшілер осы жұмысқа тұрақты түрде көңіл бөлу керек. Менің ойымша, шетелдегі қандастарымызға біз мықты диаспоралық ұйымдарды құруға көмектесуіміз керек және осы диаспоралық ұйымдармен біздің елшіліктеріміз тығыз байланыста болу керек. Өйткені бұл біздің күшімізді көбейтеді, шетелдегі қандастарымыздың туған Отанымен байланысын күшейтеді. Шетелдегі қазақтар олардың артында мықты қазақ елі бар екенін біліп сезіну керек, бұл мемлекет оларды әрқашанда қолдайды. Осы жұмысқа біз тұрақты түрде көңіл бөлуіміз керек. Әрине біздің елшіліктеріміз өздері жұмыс істеп жатқан елдердің мемлекеттік органдардың өкілдерімен тығыз байланыста болу керек, сол елдердің министрліктермен байланыстарды орнату керек. Біз жас тәуелсіз елміз. Жиырма жылдың ішінде біз әлемнің саяси қартасында өзіміздің орнымызды алдық. Бірақ біздің ежелгі халқымыз әлемнің картасында мыңдаған жылдар бұрын өзінің орнын алған. Біздің ежелгі ұлттық мәдениетіміз, ұлттық өнеріміз, көне ұлттық тарихымыз біздің байлығымыз. Осы байлығымызды біз әлем деңгейде насихаттауымыз керек. Осы жұмыста біздің еліміздің елшіліктердің орны ерекше. Менің ойымша, біздің елшіліктерімізде қазақ ұлттық мәдениетті насихаттайтын мәдениет бөлімдерін ашу дұрыс болады. Қазақстан мүше болған халықаралық ұймдардың арасында мен ерекше бағалайтыным ол БҰҰ, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Шарт Ұйымы және ТМД осы ұйымдарда Қазақстан ары ғарай да мүше болу керек деп білемін. Біздің стратегиялық әріптес, дос Ресей мемлекетімен мазмұнды әрі кең масштабты әр саладағы ынтымақтастық туралы ерекше айтып кетейін. Біз Ресеймен мазмұнды әрі кең масштабты әр саладағы ынтымақтастықты бұрын тереңдеткенбіз және күшейткенбіз, болашақта да Ресеймен өзара тиімді, кең масштабты әр саладағы ымтымақтастықты тереңдетуге және күшейтуге біз дайынбыз. Бірақ біздің тәуелсіздігіміз біз үшін өте қымбатты, оны сақтап қалу біздің принципиалдық, мызғымас ұстанымымыз. Менің ойымша, енді біз Ресейдің өңірлерімен өзара тиімді, жан жақты ынтымақтастықты күшейтуіміз керек, әсіресе қазақ диаспоралар туратын өңірлермен, ал бұл негізінде біздің елімізбен шекаралас аймақтар. Ресей Федерациясының аймақтарымен жұмыс қазақ-ресей ынтымақтастығын күшейту жағынан және біздің қандастарымыздың рухын биіктетіп, байланысты күшейту жағынан ұлкен потенциалға ие болғанына мен нық сенемін. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Шарт Ұйымында тиімділікті көтеретін біраз негіздік шешімдер әзірленіп қабылданды. Осы ұйым өткізіп жатқан оқу жаттығуларда біздің еліміз тұрақты түрде қатысып жүр. ҰҚКШҰ арқылы Ресеймен тығыз әрі жемісті әскери техникалық ынтымақтастық қалыптасты. Болашақта да біз ҰҚКШҰ мүшесі боламыз, өйткені бұл Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін күшейтеді деп білемін.